149
Төменде өндіріс көлемі мен еңбек шығындарын сипаттайтын
көрсеткіштерге
байланысты, еңбек
өндірісділігін
өлшеу
нұсқалары
қарастырылады.
Бірінші əдіс. Өндірістік қызмет көлемі өнімнің (жұмыс орындаудың)
табиғи (немесе шартты-табиғи) көрсеткіштерде, яғни, осы өнімге тəн өлшеу
бірліктері – тонна, метр, текше метр, т.б. түрінде, қызметкерлер санының
орташа тізімді құрамына қарай шығарылуымен анықталады.
Табиғи көрсеткіштер өндірістік қызмет көлемін неғұрлым дəл
сипаттайды. Дегенмен, олар негізінен біртекті өнім (жұмыс) өндіретін
кəсіпорындар мен салалар үшін қолданылады. Кəсіпорындар мен салалардың
көпшілігі түрлі номенклатуралы өнім шығаратындықтан, өндірістік қызмет пен
еңбек өндірісділігін анықтау үшін, өнімді (жұмысты) табиғи есептеуді қолдану
шектелген. Бұл əдіс сондай-ақ біртекті емес өндірістің көлемдерін ескеруге
мүмкіндік бермейді.
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде табиғи түрдегі еңбек
өндірісділігі тек жеке жұмыс түрлерін орындау барысында партияларда
(экспедицияларда) есептеледі. Бұрғылау жұмыстарында ол 1 станок кезек, 1
станок ай немесе бұрғылау бригадасының бір жұмысшысына шаққандағы
ұңғыма бұрғылау метрімен; тау-кен-барлау жұмыстарында – 1 бригада кезекке
немесе бір қазба жүргізушіге шаққандағы проходка метрімен; геологиялық-
түсіру жұмыстарында – түсіру партиясының 1 ай жұмысына шаққандағы
шаршы километрмен; геофизикалық жұмыстарда – 1 құрал кезекке немесе 1
құралайға шаққандағы қума немесе шаршы километрмен есептеледі.
ср
с
N
Q
П
.
=
;
мұндағы Q – сапалы біртекті жұмыстың табиғи түріндегі көлемі.
Еңбек өндірісділігін осы əдіспен өлшеудегі жоғарыда келтірілген
шектеулер, геологиялық барлау өндірісіне де тəн. Сонымен қатар, бұл
əдіспен есептеу, еңбек өндірісділігіне алуан түрлі табиғи факторлардың көп
əсер етуімен күрделенеді.
Екінші əдіс. Кəсіпорын мен сала өнімдерінің (жұмыстарының) көлемі,
сондай-ақ өндірісі еңбек көрсеткіштерімен – мөлшер сағат түрінде есептелуі
мүмкін. Өндірісді анықтаудың еңбек əдісін мөлшерленген жұмыс уақыты
əдісі деп те атайды. Еңбек əдісі ретінде, ГБЖ көлемін өлшеу бірлігіне
шаққандағы мөлшер күнмен берілген бірыңғай жобалық-сметалық еңбек
шығындары алынады.
Геологиялық барлаудағы еңбек өндірісділігін өлшеу үшін осы əдісті
қолдану геологиялық барлау жұмыстарын өткізу əдістері мен тəсілдеріне,
ауданы мен жағдайына қарамастан, еңбек өндірісділігінің деңгейі мен өсу
қарқынын белгілі дəрежеде əділ салыстыруға мүмкіндік береді. Дегенмен,
бұл салада тек өнім (жұмыс) бірліктерін өндіруге жұмсалатын жұмыс уақыты
шығындарын анықтайтын ғылыми негізделген мөлшерлер болған жағдайда
ғана мүмкін болады. Мұндай мөлшерлер болған жағдайда, өндірістік
150
бағдарламаның еңбек сыйымдылығы мөлшер сағатпен анықталады.
Геологиялық
барлау
өндірісіндегі (өнеркəсібіндегі) нормативтік
шаруашылықтың реттелмеуі кесірінен бұл əдісті қолдану мүмкіндіктері
шектелген.
Үшінші əдіс. Өнім (жұмыс) көлемі баға көрсеткіштерімен есептеледі.
Мұндай есеп өнімі (жұмыстары) құрамы бойынша түрлі кəсіпорынның
өндірістік қызметінің нəтижесін, өндіріс көлемінің өсу қарқынын анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл жоспарлау мен талдау мүмкіндіктерін кеңейіп,
өндірістің
түрлі
кезеңдердегі
түрлі
топтары
нəтижелерінің
салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.
Баға көрсеткіштерін қолдану кəсіпорын, сала, материалдық өндіріс
салалары мен экономикалық аудандарда жəне жалпы ел ішіндегі еңбек
өндірісділігін бірыңғай өлшеу бірлігі түрінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл шаруашылықтың түрлі топтары жұмысының жинақталуын қамтамасыз
етеді. Баға өзгеруінің өндіріс көлемдеріне əсер етуін болдырмас үшін,
өнеркəсіпте дайын өнімге тұрақты бағалар қолданылады.
Соңғы кездері еңбек өндірісділігін есептеудің бұл негізгі əдісі болып
саналып келді. Жоспарлы жүйенің барлық топтарындағы еңбек
өндірісділігінің көрсеткіші ретінде, өнеркəсіптік-өндірістік қызметкерлер
құрамының бір орташа тізімді қызметкеріне шаққандағы көтерме бағамен
берілетін тауарлық өнімнің жылдық өндірісі болады:
т
о
N
Q
П
.
=
;
мұндағы Q – баға түріндегі ГБЖ көлемі; N
о.т.
– қызметкерлердің орташа тізімдік
саны.
Кейбір артықшылықтарына қарамастан, бұл əдіс еңбек өндірісділігін
өлшейтін көрсеткіштерге қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды.
Біріншіден, өнімнің (жұмыстың) бағалық есебі заттай еңбектің де, адам
еңбегінің төленген бөлігінің де шығын сомасын сипаттайды; бұл жалпы
шығындар, еңбек өндірісділігінің деңгейін анықтау барысында тек адам
еңбегінің шығындарымен салыстырылады. Екіншіден, түрлі салалар мен
кəсіпорындарда заттай жəне адам еңбегі шығындарының жалпы еңбек
шығындары сомасындағы үлесі əр түрлі. Осының салдарынан, бір
жұмысшының өндіру көлемдері салыстыруға келмейді. Үшіншіден, тауарлық
өнім көрсеткішіне көптеген факторлар əсер етеді. Атап айтқанда, кəсіпорын
құрылымдарындағы, пайдаланылатын шикізат құрамындағы, дайын өнім
ассортиментіндегі, т.б. айырмашылықтар.
Тауарлық өнім бойынша еңбек өндірісділігін өлшеу нəтижелерінің əділ
болмауы, өндіруді ақшалай түрде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да
көрсеткіштерді іздестіруге жəне қолдануға алып келді.
Еңбек өндірісділігі – бұл уақыт бірлігінде немесе өнім бірлігін өндіруге
жұмсалатын жұмыс уақытымен өндірілген өнімнің (жұмыс көлемінің)
Достарыңызбен бөлісу: |