157
10.2 Еңбекақының орташа деңгейінің көрсеткіштері жəне
олардың өзара байланысы
Қызметкерлердің барлық санаттары бойынша бұл көрсеткіштердің
көлемін төмендегідей есептеуге болады:
орташа еңбекақыны – еңбекақы қорын негізге ала отырып;
орташа табысты – еңбекақы мен сыйлықтар қорын негізге ала отырып,
ағымдағы жұмыс нəтижелері бойынша материалдық ынталандыру қорынан
(МЫҚ);
еңбекақының орташа деңгейі – еңбекақы қорын, МЫҚ мен басқада
төлемдерді негізге ала отырып.
Адам сағат, адамкүнмен істелген еңбекақының түрлі қорларын
басшылыққа ала отырып, орташа еңбекақының мына көрсеткіштері есептеледі:
орташасағаттық, орташакүндік, орташаайлық (тоқсандық, жылдық).
Орташасағаттық еңбекақы F
с
еңбекақы сағаттарының қоры мен сəйкес
кезеңде жұмысшылардың істеген адамсағаттарының саны (Т
адам-с.
) арасындағы
қатынасқа тең:
с
адам
с
с
Т
F
Е
.
=
.
Орташа күндік еңбекақы:
с
адам
с
к
Т
F
Е
.
=
;
F
с
– күндік еңбекақы қоры; Т
адам.-с
– істелген адам күндердің саны.
Жұмысшылардың орташа айлық (жылдық) табысы:
ж
жыл
ай
жыл
ай
Т
ФМП
F
З
+
=
.
.
;
мұндағы Т
ж
– жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
Жұмысшылардан басқа, барлық қызметкерлер санаттары үшін тек
орташаайлық (жылдық) еңбекақы мен орташа айлық (жылдық) табыс
анықталады.
10.3 Еңбекақы қорының абсолютті жəне салыстырмалы шығындалуын
(үнемделуін) анықтау.
Еңбекақының нақты жəне жоспарлы қорларын жұмысшылардың
санаттары бойынша, сондай-ақ жалпы ӨӨҚ мен өнеркəсіптік емес
қызметкерлер құрамы бойынша салыстыра келе, абсолютті үнемдеу
158
(шығындау) анықталады. Бірақ, бұл жоспар 100%-ға орындалған жағдайда ғана
мүмкін болады. Сол себепті, əдетте салыстырмалы (өндіріс көлемі бойынша
жоспардың орындалу дəрежесін ескере отырып) үнемдеуді (шығындауды)
анықтайды.
ӨӨҚ еңбекақы қорының салыстырмалы үнемделуін (шығындалуын)
төмендегі формула бойынша анықтайды:
ú
û
ù
ê
ë
é
÷÷
ø
ö
çç
è
æ
-
+
=
k
ТП
ТП
F
F
Э
ж
н
ж
қ
1
1
;
мұндағы Э – еңбекақы қорының салыстырмалы үнемделуі (шығындалуы); F
қ
–
нақты еңбекақы қоры; ТП
н
/ТП
ж
– өнім көлемі бойынша жоспардың орындалу
пайызы; k – дифференциалды төмендеткіш коэффициент, 0,4-тен 1,0-ге дейінгі
аралықта ауытқып тұрады (19-кесте).
19-кесте
Дифференциалды төмендеткіш коэффициент
К
Мұнай өндіру
0,9
Көмір өнеркəсібі
0,8
Металлургия
0,7
Химиялық өнеркəсіп, тоқыма, əйнек
0,6
Машина жасау
0,5
Салыстырмалы үнемдеу пайызы мына формула бойынша анықталады:
100
×
-
=
т
т
н
ү
F
F
F
Q
;
мұндағы Q
ү
– салыстырмалы үнемдеу, %; F
т
– түзетілген еңбекақы қоры.
10.4 Жұмыс күші шығындарының құны жəне жұмыс
уақытын пайдалану.
Жұмыс күшін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың құрамы ХЕҰ
еңбек құнының стандартты халықаралық жіктемесінің негізінде жасалып,
кəсіпорынның (жұмыс берушінің) жалдамалы жұмыс күшін қамтамасыз етуге
жұмсайтын шығындары ретінде қарастырылады.
159
Кəсіпорынның (жұмыс берушінің) жұмыс күшіне жұмсайтын шығындары –
орындалған жұмыс үшін ақшалай жəне табиғи түрде берілетін ақылардың сомасы
мен кəсіпорынның жыл бойына жұмысшылар пайдасына жасаған қосымша
шығындары.
Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың құрамына еңбекақы қорынан
басқа:
кəсіпорынның қызметкерлерге арналған тұрғын үйлерге жұмсайтын
шығындары – қызметкерлерге үй салуға, сатып алуға, тұрмыс жағдайларын
жақсартуға ұсынылатын сомалар. Осы мақсаттарға берілетін несиелерді өтеуге
жұмсалатын шығындар, кəсіпорын балансындағы тұрғын үй қорын қамтамасыз
етуге жұмсалатын ағымдағы шығындар жəне тұрғын үймен байланысты басқа да
шығындар;
қызметкерлердің əлеуметтік қамсыздандырылуына жұмсалатын шығындар
əлеуметтік салыққа төленетін сомалар, сондай-ақ əлеуметтік қамсыздандырылу
мақсатында кəсіпорынның тікелей өзімен жұмсалатын шығындар. Атап айтқанда,
кəсіпорынның қысқартылуына (жабылуымен) байланысты жұмыстан босатылатын
қызметкерлерге берілетін жəрдемақы, белгілі бір оқиғалар орын алған жағдайда
қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, зейнеткерлікке шығатындарға
біржолғы жəрдемақы, т.б.;
кəсіби білім беруге жұмсалатын шығындар – кəсіпорынның (жұмыс
берушінің) қызметкерлерін оқу орындарында ақылы оқытуға жұмсайтын
шығындары; кəсіпорынмен оқуға жіберілген студенттерге төленетін стипендия;
кадрларды дайындауға жəне қайта дайындауға жұмсалатын шығындар. Сонымен
қатар, оқу ғимараттары мен бөлмелерін қамтамасыз етуге, оқу сабақтарын өткізуге
арналған бөлмелерді жалдауға төленетін шығындар, кадрларды дайындауға жəне
қайта дайындауға жұмсалатын (шаттан тыс оқытушыларға төленетін ақы) басқа да
шығындар;
мəдени-тұрмыстық шығындар – кəсіпорын балансындағы немесе
кəсіпорынның үлестік қатысу тəртібіне сəйкес қаржыландыратын буфет, асхана,
кітапхана, клуб, дəрігерлік пункт, мектепке дейінгі мекемелер мен демалыс үйлерін
қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар; демалыс кештерін, дискотека, ғылым
мен өнер қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру үшін бөлмелерді жалдау
ақысы, қызметкерлерге мəдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын басқа да
шығындар;
еңбек құны ретінде қарастырылатын, яғни, жұмыс күшін пайдалануға
байланысты салықтар, төлем көзінен қызметкерлердің еңбекақысын кəсіпорынның
таза табысынан жасайтын қосымша шығын сомаларынан алынатын салықтарды
қамтиды; шетелдік жұмыс күшін қатыстырғаны (ұстағаны) үшін төлем, т.б.;
жұмыс күшін қамтамасыз етуге кететін басқа да шығындар – жұмыс
берушінің жұмыс орнына жеткенге дейінгі жолдың (жалпы қолданыстағы, арнайы
немесе ведомстволық бағыттарда) ақысын төлеу шығындары; тегін берілетін
форма, киімнің, берілген арнайы киімнің, сүттің, емдеу-сауықтырушылық
тамақтандырудың бағасы, тəуліктік шығындарды қоса санағандағы іссапар
Достарыңызбен бөлісу: |