127
14-сурет. Кəсіпорынның
қаражат көздерінің құрылымы
Келтірілген сұлбаның негізгі элементі жеке капитал болып табылады,
оның құрылымы 15-суретте көрсетілген.
15-сурет. Кəсіпорынның жеке
капиталының құрылымы
Жеке қаражаткөздері:
· жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар жəне
қатысушылардың пайлық жарналары);
· кəсіпорын
жинақтаған қорлар;
Кəсіпорынның
қаржы көздері
Қысқа мерзімді мақсаттағы қаражат
көздері
Авансталған капитал
(ұзақ мерзімді)
Несиелік капитал
Жеке капитал
Кəсіпорынның
жеке капиталы
Меншік
иесі ұсынатын
капитал
Заңды жəне заңсыз
тұлғалардың басқа
жарналары
Кəсіпорынның жинақтаған
қорлары
Жарғылық
капитал
Акционерлік
қоғам
акцияларына
сыйақы
Резервтік
капиталы
Қосымша
капитал
Жинақталған
табыс
Таратылмаған
табыс
Жинақтау
қорлары
Жарналар мен
қайырымдылық
тартулар
Мақсатты
жинақтаулар
128
· заңды жəне заңсыз тұлғалардың басқа да жарналары (мақсатты
қаржыландыру, қайырымдылық
тартулар, қайырымдылық
жарналар, т.б.).
Сырттан алынатын (несиелік) қаражаттардың негізгі көздері: банк
ссудалары; несиелік
қаражаттар, облигациялар, т.б. құнды қағаздарды сатудан
түскен қаражаттар, несиелік қарыз.
Айналымдық қаражаттардың қалыптасу көздері баланс пассивінде
көрсетіледі. Айналымдық өндірістік қорлар екі бөліктен тұрады: өндірістік
үдеріске қосылуын тосып тұрған еңбек заттары (өндірістік қорлар) мен
өндірістік үдеріске қосылған еңбек заттары (аяқталмаған өнім). Айналымдық
қаражаттардың немесе өндірістік қорлардың жиынтық тобы: материалдар,
отын, қосалқы бөлшектер.
1) Қосымша материалдар дайын өнімнің материалдық негізін құрамайды.
Олар өндірістік үдеріске жұмысты қамтамасыз ету үшін (бұрғылау бытырасы,
жарылғыш заттар) жəне еңбек етуге қолайлы жағдай қалыптастыру үшін (отын,
қуат, т.б.) қатысады; 2) Құндылығы төмен жəне тез тозатын заттар, арнайы
жұмыс киімі, аяқ киім, т.б.; 3) аралас жабдық; 4) өнеркəсіптік жəне өндірістік
тауарлар.
ГБЖ ерекшелігі геологиялық ұйымдардың айналыс қорларында да
көрініс табады, олар мыналердан тұрады: 1) орындалған, бірақ ақысы
төленбеген ГБЖ жұмыстары; 2) шалғай аудандарда ГБЖ-на бөлінген есепті
қаражаттар; 3) авансылық қарыз (берілген аванс бойынша мердігерлердің);
4) өнеркəсіптік
өндірістің
дайын
өнімі (жөндеу-механикалық
шеберханалардың, т.б.); 5) төлеу
мерзімі
келмеген
геологиялық
тапсырмалардың орындалған бөліктері; 6) касса, банк, т.б. ақшалай қаражаттар;
7) дебиторлық қарыз.
Айналымдық қаражаттарды талдауға арналған мəлімет көздері:
өнеркəсіптік кəсіпорындардың бухгалтерлік баланстары жəне олардың
қосымшалары.
Жоғарыда көрсетілгендей, айналымдық қаражаттар айналымдық
қорлардан (АҚор) жəне айналыс құралдарынан (АҚұр) турады. АҚор-на
өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін шикізат, материалдар, отын, жартылай
өнім, т.б. материалдық құндылықтар жатады. Айналымдық қорлар өндірістік
үдерісте басты функциялардың бірін орындайды, олар өнімнің шығарылуы мен
сатылуын, табыс əкелуін қамтамасыз етеді. АҚор, болашақ өнімнің негізі
болып табылады.
АҚор өндірістік қорлар, яғни, өндірістік үдеріске əлі қосылмаған
материалдық қорлар түрінде болуы мүмкін. Олар əлі өз нысандарын
өзгертпеген түрде бола тұра, əлі жолда немесе қоймада не болмаса
жабдықтаушының қолында болады.
Өндірістік қорлар мына топтардан тұрады: материалдар, шикізат,
жартылай өнім, қосымша материалдар, отын, қосалқы
бөлшектер, кезектік
жабдық. Жаңа өнім шығару үшін, барлық айналымдық
қорлардың негізі ретінде
шикізат пен жартылай өнім, яғни, өндіріс барысында жаңа өнімге айналатын