Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет45/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85

130
болып  табылады. Бос  ақшалай  қаражаттар  кассада, есептік, т.б. шоттарда,
дебиторлық қарыздарда, құнды қағаздарда, т.б. жатуы мүмкін.
Айналымдық қаражаттар  өндіріс факторларының неғұрлым қозғалмалы
бөлігі. Айналымдық  қорлар, олардың  жеке  топтары  жəне  айналыс  құралдары
арасындағы өзара қатынас  АҚұр құрамы деп, ал жеке топтардың АҚұр жалпы
құнының пайызы түрінде көрсетілетін бағасы – құрылым деп аталады. Əр түрлі
өндіріс  бойынша  айналымдық  қаражаттардың  құрылымы  қатты  ерекшеленеді.
АҚұр  өндіріс  технологиясын, жабдықталу  жағдайын  жəне  шығарылатын өнім,
жұмыс, қызмет үшін қажет шикізатқа қалыптасқан бағаларды білдіреді.
12-кестеде  өнеркəсіп  пен  геологиялық  барлаудағы  айналымдық
қаражаттардың  құрылымы  туралы  салыстырмалы  мəліметтер  келтірілген.
Геологиялық  барлау  ұйымдарының  ерекшелігі  ретінде, аяқталмаған  өндірістің
жоғары  үлесін, сондай-ақ  өндірістік  қорлардың  мүлдем  басқа  құрамын  атауға
болады.
12-кесте
Айналымдық қаражаттардың құрылымы, нəтижесі, %
Айналымдық қаражаттардың құрамы
Жалпы өнеркəсіп
Геологиялық барлау
I. Өндірістік қорлар
55-65
42-43
Оның ішінде:
Шикізат, материалдар
38-42
Отын
1,5-2,0
10-12
электр қуаты
1,8-2,2
3-4
Қосалқы бөлшектер, кезектік
жабдық
12,5-17,7
15-16
басқа заттар
1,0-1,5
14-15
оның ішінде, бұрғылау құбырлары
-
10-13
II. Аяқталмаған өндіріс
15-20
52-55
III. Болашақ кезеңдердің шығындары
3-5
IV. Айналыс құралдары
4-5
4-5


131
8.2 Айналымдық құралдарды мөлшерлеу
Ұдайы  өндіріс  үдірісінде  айналымдық  қаражаттарды  орналастыру,
оларды  айналымдық  өндірістік  қорлар  мен  айналыс  қорларына  белгілейді.
Айналымдық  өндірістік  қорлар  өндіріс  үдірісінде, ал  айналыс  қорлары –
айналыс  үдірісінде, яғни  дайын  өнімді  сату  жəне  тауарлық-материалдық
құндылықтарды  сатып  алу  барысында  қолданылады. Ең  көп  үлес  бағаны
қалыптастыруға  қатысатын  айналымдық  өндірістік  қорлар. Айналыс
қорларының көлемі ширақ, əрі қарқынды айналыс үдірісін қамтамасыз ету үшін
жеткілікті болуы тиіс.
Өндіріс  пен  айналысты  ұйымдастыру  жəне  реттеу  қағидаларын  негізге
ала 
отырып, айналымдық 
қаражаттарды 

мөлшерленетін 
жəне
мөлшерленбейтін  деп  екіге  бөлуге  болады. Мөлшерленетін  айналымдық
қаражаттар – бұл  экономикалық  тұрғыдан  негізделген  мөлшерлемелер
бойынша  есептелген  жеке  меншік  айналымдық  қаражаттар. Мөлшерленбейтін
айналымдық  қаражаттар, айналыс  қорларының  элементі  болып  табылады
(тиелген  тауарлар, ақшалай  қаражаттар, дебиторлар, т.б.). Бұл  топтағы
қаражаттарды  басқару  олардың  негізсіз  ұлғаюының  алдын  алады. Сонымен
қаиар қаражаттардың айналымға түсуін жылдамдатуға септігін тигізеді.
Айналымдық  қаражаттарды  мөлшерлеу  əдістері: есептеу-аналитикалық,
тəжірибелік жəне статистикалық болып бөлінеді..
Есептеу-аналитикалық  əдіс    жұмыстың  ұтымды  технологиялық
тəсілдері мен əдістерін зерттеуге негізделеді. Шығындардың мөлшерлі көлемін
есептеу дəлдігі, мөлшердің өзі бөлінетін мөлшерленетін элементтердің санына
байланысты: элементтер саны көбірек болған сайын, ол дəлірек болады.
Мөлшерлеудің  тəжірибелік  əдісі, тəжірибе  мен  эксперимент  өткізуді
болжайды. Мөлшерлеудің статистикалық əдісі, базистік кезеңдегі материалдық
қор шығындарының көлемі туралы статистикалық мəліметтерге негізделеді.
Айналымдық  қаражаттарды  мөлшерлеу  олардың  жеке  элементтері
бойынша  айналымдық  қаражаттардың  мөлшері  мен  мөлшерлемелерін
белгілеуде қамтылады.
Айналымдық  қаражаттардың  мөлшері, өз  күшімен  орындалған
геологиялық  барлау  жұмыстарының  жылдық  көлеміне  қатысты  пайызбен
есептеледі. Жеке  меншік  айналымдық  қаражаттардың  мөлшерлемесі  ақшалай
түрде  белгіленіп, ГБЖ  жылдық  көлемін  айналымдық  қаражаттардың  сəйкес
мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Өндірістік 
қорларды 
мөлшерлеу. АҚұр-ға 
деген 
қажеттілік
айтарлықтай  дəрежеде  өндірістің  материалсыйымдылығымен  анықталады.
Материал  сыйымдылық    материалдық  қорлардың  өнім, жұмыс, қызмет
бірліктерін  шығаруға  жұмсалған  шығын  болып  табылады. Материал
сыйымдылық  заттай  жəне  бағамдық  көрсеткіштермен  анықталады. Шығару
технологиясымен  қарастырылған  өнімнің  материал  сыйымдылығы, шығын
мөлшері немесе мөлшерлемелік материал сыйымдылық деп аталады. Өндірістік


132
қорлар  мен  аяқталмаған  өндіріске  деген  қажеттілік, мөлшерленеді. Сонымен
қатар, айналыс  құралдарының  құрамында  орындалған, бірақ  ақысы  əлі
төленбеген жұмыстардың көлемі мөлшерленеді.
Кəсіпорындағы заттай жəне баға түріндегі өндірістік қорлардың мөлшері
төмендегідей формула бойынша анықталады:
Қ = Қ
а
+ Қ
д
 + Қ
с,
мұндағы Қ
а
 – материалдың ағымдағы  қорының орташа көлемі (мөлшері); Қ
п
 –
материалдың  нақты  түрінің  дайындық  қорының  мөлшері (пішу, кептіру,
жинақтау, т.б.); Қ
с
 – материалдың сақтандыру (кепілділік) қоры.
Материалдық қорлар  мөлшері (жалпы) Д
жалпы
 күнмен көрсетіліп,  мына
мөлшерлемелердің жиынтығымен анықталады:
Д
жалпы
 = Д
ж
 + Д
пп
 + Д
т
 + Д
ос;
мұндағы  Д
ж
 – кəсіпорынмен  төленген  материалдық  қорлардың  жолда  болу
уақыты (көлік  қоры), күнмен; Д
пп
 – материалдарды  кəсіпорын  қоймаларына
түсіріп  алу, жеткізу, қабылдау  жəне  жинап  қою  уақыты, сондай-ақ
материалдарды  өндіріске  дайындау  мерзімі  (дайындық  қоры), күнмен; Д
т
  –
материалдық қорлардың ағымдағы қор  құрамында болу мерзімі, күнмен; Д
ос
 –
материалдық қорлардың сақтандыру қоры құрамында болу мерзімі, күнмен.
Қаржы  қаражаттарын  қоймаға  жеткізу  жəне  сақтау  мерзімінің  ұзақтығы
есебінен  арттыру  факторы, геологиялық  барлау  ұйымдарында  негіз  қалаушы
факторына  айналған. Геологиялық  барлау  жұмыстарын  қатынауға  қиын,
шалғай аудандарда өткізу, сақтау мерзімін бірнеше есе арттырып қана қоймай,
материалдық  қорлардың  құнын  да  күрт  өсіреді. Бұл  айналымдық
қаражаттардың  негізгі  құраушысы (шикізат  пен  жартылай  өнім) болмаған
кезде, өндірістік  қорларға  деген  қажеттіліктің  өнеркəсіп  салаларына  жақын
болуына алып келеді.
Аяқталмаған  өндіріске  деген  қажеттілік  мына  формула  бойынша
анықталады:
АӨ = С
д
 Т
цикл ;
мұндағы  С
д
 – кəсіпорындағы 1 күнгі  жұмыстардың  өзіндік  құны; Т
цикл
 - өнім
шығару  технологиясы  бойынша  қарастырылған  аяқталмаған  өндіріс  кезеңі.
Геологиялық  барлаудағы  Т
цикл
, жоғарыда  көрсетіліп кеткендей, бұл  жұмыстың
басталуы мен төлем жасалуы арасындағы кезең. Іс жүзінде барлық геологиялық
тапсырмалар  кезеңдерге  бөлінеді. Əрбір  кезең  белгілі  бір  жұмыс  кешенінен
тұрады. Осы  жұмыстар  аяқталғаннан  кейін, төлемдер  жасалады. Кезең
бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі Т
цикл
-ды құрайтын болады.
«Дайын  өнім» бөлімі  бойынша  қажеттілікті  мөлшерлеу  геологиялық
барлау  жұмыстарының  орындалатын  кезеңдерінің  жалпы  бағасы  жəне  банк


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау