121
несиелерсіз-ақ жалғастыруға септігін тигізе алады. Ал екінші жағынан,
амортизация тұрғысынан шығындардың ұлғаюы, əсіресе көп қорды қажет
ететін өндірістерде, шығындарды күрт өсіріп жіберіп, өзін-өзі ақтамайтын
жұмысқа əкелуі мүмкін.
7.4. НӨҚ пайдалану
көрсеткіштері
Негізгі қорлардың құны жарғылық капиталдың негізін, кəсіпорын
меншігінің көлемін құрайды. Жұмыстың нəтижелі болуы үшін, негізгі қорлар
жағдайының заттай жəне баға түріндегі нысандары өндіріс көлемдерінің өсуіне,
шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментінің жақсаруына, өндіріс
шығындарының төмендеуіне септігін тигізуі əрқашан тиімді. Сонымен қатар,
негізгі қорлар өндірістің неғұрлым консервативті, өзгеруі қиынға түсетін
факторлары болып саналады. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдауға, босатуға,
объектілер бойынша бөлуге болады; ғимараттар мен жабдықтарды ұлғайту
немесе азайту ойлағандай оңайға түспейді. Бұл үшін уақыт та, қаражат та
қажет. Нарық
жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы барысында, негізгі
қорларды дұрыс пайдалану кəсіпорын, экономикасы үшін анағұрлым маңызды
фактор болып табылады. НӨҚ пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау
үшін, пайдаланылу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің екі тобын
ажыратады. Бірінші топ – жалпылауыш көрсеткіштер, олар көбіне бағалық
болып келеді.
Қор қайтарымдылығы – негізгі қорлардың рубльге шаққандағы
сметалық бағамен берілген дайын өнім көлемі:
.
.
ж
орт
c
қ
НӨҚ
Q
Қ
=
;
мұндағы Q
c
— сметалық бағамен берілген дайын өнім, жұмыс, қызмет көлемі,
рубль;
НӨҚ
орт.ж.
— негізгі өндіріс қорларының
орташа жылдық бағасы, теңге.
Қор сыйымдылығы — жұмыс бірлігін орындау үшін пайдаланылатын
негізгі қорлардың көлемі:
c
ж
орт
с
Q
НӨҚ
Қ
.
.
=
.
Қормен жабдықталу — қолданыстағы өндірістік қорлардың орташа
жылдық бағасының негізгі өндірістегі жұмысшылардың орташа тізімдік санына
(С
орт.т
)қатынасы ретінде есептеледі
:
.
.
.
.
т
орт
ж
орт
ж
С
НӨҚ
Қ
=
.
Экономикалық жұмыс тəжірибесі барысында барлық жалпылауыш
көрсеткіштер, алдыңғы
жұмыс
кезеңімен
салыстырылады. Себебі,
көрсеткіштердің нормативтік мəндері болмайды. Қор қайтарымдылығы ұлғаюы
122
тиіс, ал қор сыйымдылығы – төмендеуі керек. Қормен жабдықталу көрсеткіші
еңбек өндірісділігінің көрсеткіші арасындағы өзара қатынасында қарастырылады.
Өндірісті жетілдіруге жəне НӨҚ ұлғайтуға салынған қомақты қаржылар тек еңбек
өндірісділігінің өсуі, нақты іс-шара есебінен қормен жабдықталудың өсуінен
артық болған кезде ғана тиімді деп есептеледі.
10-кестеде
кейбір
геологиялық
ұйымдарда
НӨҚ
пайдаланудың
көрсеткіштері келтіріледі.
10-кесте
Геологиялық ұйымдарда НӨҚ пайдаланудың көрсеткіштері
Геологиялық ұйымдар
Қ
қ
Қ
с
Жалпы геологиялық барлау бойынша
$$$1
0,75
Оның ішінде: геологиялық түсіру
2,0
0,5
Мұнайгазбарлау
0,85
1,1-1,3
Геофизикалық
1,0
0,9-1,1
Белсенді бөлікті, əсіресе жабдық, құрал, көліктерді пайдалану дəрежесін
сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер қарастырылған:
жабдық паркінің жұмысқа дайын болу дəрежесінің көрсеткіші (К):
дұрыс жабдықтардың орташа жылдық саны/баланста бар деп есептелетін
жабдықтардың орташа жылдық саны;
жабдық паркін пайдалану коэффициенті (К
ип
):
жұмыс жасап
жатқан жабдықтардың орташа жылдық саны/ баланста бар деп
есептелетін жабдықтардың орташа жылдық саны;
жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті (К
э
):
жабдық
жұмысының нақты мерзімі/ жұмыс жасап жатқан жабдық жұмысының
күнтізбелік мерзімі; К
э
күнтізбелік Т
к
, жоспарлы Т
ж
жəне тəртіптік Т
т
мезгілге
қатысты
есептеле алады;
жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті (К
э
):
жабдықтардың нақты өндірісділігі/ жабдықтардың техникалық өндірісділігі
(Ө
т
).
Жабдықтарды пайдалану көрсеткіштерінің басты экономикалық міндеті
олардың кəсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін анықтау үшін негіз болуында.
Жабдықтар да, адам сияқты, үзіліссіз жұмыс жасай алмайды. Жабдықтардың
жиі орын ауыстыруы, олардың жаңа учаскелерде монтаждалуы, климат
жағдайлары мен геологиялық зерттеулердің ұйымдастырушылық ерекшеліктері
кесірінен жұмыстың тұрып қалуы тəн, геологиялық ұйымдарда жоғарыда
келтірілген көрсеткіштерді пайдалану аса өзекті.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігін пайдалану деңгейі, кəсіпорынның
өндірістік қуаттылығына ең тікелей əсерін тигізеді. Кəсіпорынның геологиялық