Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет38/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85

109
7.БӨЛІМ. КƏСІПОРЫН ҚЫЗМЕТТІҢ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Қорлар – мемлекеттік  бюджеттегі  қаражаттар, артық  өнімдер, табыс
көздері. Қорларды    экономикалық (материалдық, еңбек, қаржы) жəне  табиғи
түрлерге  ажыратады. Қорлар  өндіріс  құралдарынан (еңбек  заттары  мен  еңбек
құралдарынан) жəне тұтыну заттарынан тұрады.
Материалдық қорларға жататындар: ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар,
машиналар, аспаптар, шикізат, материалдар, отын, жанармай, электр қуаты, т.б.
Еңбек қорлары – 15 жастан жоғары, еңбекке қабілетті халық саны.
Қаржылық қорлар – мемлекет, сала, кəсіпорын , т.б. құзырындағы барлық
ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Табиғи  қорлар – жер  қойнауында  жатқан  пайдалы  қазбалар, орман, су
қорлары, жер.
Геологиялық барлау ұйымдарына арналған табиғи қорлар – геологиялық
барлау  жұмыстары  нəтижесінде  барланған  пайдалы  қазбалар  қорларына
айналатын еңбек заттары.
Геологиялық  ұйымдардың  материалдық  қорлары,  олардың  өндірістік
қорларын құрайды.
7.1 Негізгі қорлардың экономикалық мəні, жіктелуі жəне құрылымы
Кəсіпорынның өндіріс құралдарының құрамы екі бөлімнен тұрады:
1. Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай өнімдер, т.б.).
2. Еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар,
т.б.), олардың көмегімен адам еңбек заттарына əсер ете отырып, оларды дайын
өнімге айналдырады.
Өндірістік  үдеріске  қатысу  рөліне  сəйкес, еңбек  құралдары  негізгі
қорлардың, ал еңбек заттары – айналымдық қорлардың нысанын қабылдайды.
Негізгі  қорлардың  экономикалық  мəні    негізгі  еңбек  құралдарының
өндірістік 
айналымдарға 
қатысқан 
кезде, табиғи 
нысанын  сақтап
қалатындығында. Ал олардың бағасы  көнеру дəрежесіне қарай, дайын өнімге
ауыстырылатындығында.
Өндірістің  маңызды  факторларының  бірі, капитал. Кəсіпорынның
капиталы кез келген өндірістік үрдісті бастауға қажет ақшалай қаражаттардың
жалпы сомасын көрсетеді (12-сурет).
Негізгі қорлар  өндіріс жəне өндірістен тыс болып екіге бөлінеді.


110
                                                                    12-сурет. Негізгі капитал  элементтер
                                                                    інің (негізгі құралдарының)  1993ж.
                                                                   СНА халықаралық стандартына
                 сəйкес жіктемесі
Капитал  өндіріс  ерекшелігіне  қарай, түрлі  нысандармен  берілуі  мүмкін.
Бұл еңбек  құралдары (НӨҚ – негізгі өндіріс  қорлары), еңбек  заттары (АҚұр –
айналым  құралдары), материалдық  емес  активтер (МеА), айналым  қорлары
(АҚор) жəне  айналыс  қорлары (АсҚ). Еңбек  заттары  мен  айналыс  құралдары
кəсіпорынның айналымдық құралдары болып табылады. Бұдан:
АҚұр
АсҚ
АҚор
МеА
НӨҚ
К
+
+
+
=
Капитал    барлық  құрамдас  бөліктері  өндіріс  үшін  бірдей  маңызды.
Себебі, олар  оның  материалдық-техникалық  базасын, өнім  шығару  құқығын,
пайдаланылатын  технологияларды, оның  нарық  бəсекелестігі  жағдайындағы
қаржылық əлеуеті мен тəуелсіздігін білдіреді.
Өндірістің  түрлі  салаларындағы  НӨҚ  пен  АҚор құны  арасындағы
қатынас  бір-бірінен  қатты  ерекшеленуі  мүмкін. Бұл  шығарылатын  өнімнің
Негізгі капитал
Материалдық негізгі капитал
Материалдық емес негізгі капитал
Тұрғын үйлер
Басқа ғимараттар мен құрылыстар
Тұрғын емес ғимараттар
Басқа құрылыстар
Машиналар, жабдықтар
Көлік құралдары
Таратқыш құрылғылар
Өсірілетін активтер
Асыл тұқымды, сүтті,
жегетін, т.б. малдар
Жүзімдіктер, жеміс
бақшалары, бірнеше
мəрте өнім беретін басқа
ағаш плантациялары –
көпжылдық ағаштар
Пайдалы қазбаларды барлау
ЭЕМ программалық жасағы
Бірегей өнер шығармалары
Басқа түрлері


111
спецификасымен, өндірістің  технологиясымен, сондай-ақ  жұмыс  жүргізілетін
орындардағы бірқатар экономикалық-географиялық факторлар.
6-кестеден көрініп тұрғандай, көп жағдайда өндірістік қорлардағы негізгі
үлесті  НӨҚ  құрайды. Өндірістік  үдерістегі  НӨҚ  рөлі  өте  үлкен. Себебі,
олардың  ғылыми-техникалық  жағдайына  өндірістің  тек  экономикалық
тиімділігі ғана емес, сондай-ақ өнім шығару мүмкіндігі де байланысты.
6-кесте
Түрлі салалардағы негізгі жəне айналымдық қорлар арасындағы
қатынас, олардың жалпы құны, %
Салалар
НӨҚ
МеА
АҚұр
Барлық өнеркəсіп
70-75
3-5
25-27
Оның ішінде: көмір өнеркəсібі
85-87
4-5
13-15
мұнай өндіруші
92-95
4-5
6-10
Химиялық
70-76
4-5
20-24
қара металлургия
80-88
3-4
12-15
Машинажасау
50-55
4-5
43-45
Зергерлік
8-10
2-3
90-92
геологиялық барлау
68-72
2-3
28-30
Негізгі  өндіріс  қорлары  еңбек  құралдарын  білдіреді. Олар  өндірістік
үдеріске  бірнеше  қайтара  қатысады, өзінің  заттай-табиғи  нысанын  сақтап
қалады. Ал  олардың  бағасы    дайын  өнім (жұмыс, қызмет) бағасына  бірте-
бірте, көнеру  жылдамдығына  қарай, ауысып  отырады. Еңбек  құралдарының
көмегімен, кəсіпорын  қызметкерлері  еңбек  заттарына  əсер  етіп, оларды  жаңа
өнімге  айналдырады. Кəсіпорын  пайдаланатын  еңбек  құралдары, олардың
құрамы, техникалық  жетілгенділігі  жəне  олардың  өндірістік  үдеріске
қаншалықты  тиімді  қатысатындығы, кəсіпорынның  тұрақты, əлі  жоғары
рентабельді жұмысының маңызды шарттары болып саналады.
Еңбек құралдарын дамыту, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға қатысты
біліктілік пен кəсіби талаптарға тікелей əсер етеді.
НӨҚ    еңбектің  көптеп  саналатын  алуан  түрлі  құралдарын  қамтиды.
Салаларда  əдеттегідей, НӨҚ  жеке  түрлерінің 15тен  20 мыңға  жуық  атаулары
болады. Басқа экономикалық міндеттерді есептеу, жоспарлау, салық салу жəне
шешу  үшін, НӨҚ  жіктелуі  өткізіледі. Жіктемелік  белгілеріне  байланысты,
барлық НӨҚ мына топтарға бөлінеді:


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау