ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ
ЭЕМ-нің құрылымы оның техникалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері көбінесе оны пайдаланудың мақсаттарын анықтайды. Дегенмен бағдарлама мен бастапқы деректерді машинаға енгізу қажетті операцияларды орындау үшін керек. ЭЕМ оның құрылымдық ерекшеліктеріне байланыссыз мына құрылғылардан тұрады:
1) Процессор
2) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)
3) Шеткі аймақтық құрылғылар
Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.
ОЗУ – оперативтік жады
ПЗУ – тұрақты жады
Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сйымдылығына байланысты.
Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады.
1) Д.К. қайта қосқан кезде жүйелік блоктың жұмыс істеуін тексеретін тестті бағдарлама.
2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.
3) Дискінің қай жерінде операциялық жүйе жазылғандығын білдіретін ақпарат.
Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады.
Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.
Процессор немесе микропроцессор
Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады.
Процессорлардың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модель) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегогерцте.
Кең тараған түрлері:
INTEL 8088 – 5Mhz
INTEL 80286 – 20Mhz
………………….
INTEL 486 – 100Mhz
Pentium – 75Mhz
………………….
Pentium 4 3000Mhz
Процессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткішіне сәйкес оның бағасы да анықталады.
Кейде құрылымның ерекшеліктеріне қарай 1 модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әр түрлі бола береді. Жиілігі артқан сайын оның жылдамдығы да өсе түседі. IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқалардың үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады. Қосымша плата контроллер арқылы дискжетек, тышқан, принтер және т.б. магистраль проводтар (шина) арқылы байланыстырылады.
Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.
Шеткі аймақтық құрылғылар.
Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).
Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.
Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.
CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.
Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.
Д.К. құрылымы
АЛҚ – арифметико-логикалық құрылғы
БҚ – басқару құрылғысы
Достарыңызбен бөлісу: |