Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет36/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83

84 
 
олардың кәмелетке толмаған балаларының білім алуға құқықтарын бұзады деп 
санаған азаматтар жүгінді. 
 
Омбудсменге  қызының  мүддесінде  Астана  қаласы  мектебі  әкімшілігінің  әрекетіне 
шағыммен Д.В. жүгінді. 
Өтініш  беруші  мектеп  әкімшілігі  мектепте  діни  оймен  бас  киім  киюіне  себебінен 
оқушыларға сабаққа келуге тыйым салады деп мәлімдеді.  
Уәкілетті  органдарға  жолданған  сұрауымызға  Қазақстан  Республикасында  діни 
(рухани)  білім  беретін  ұйымдардан  басқа,  білім  беру  және  тәрбиелеу  жүйесі  діннен  және 
діни бірлестіктерден бөлек және зайырлы сипатқа ие деп түсіндірілді («Діни қызмет және 
діни бірлестіктер туралы» Заңы 3-бабының 4-тармағы). 
«Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»  ҚР  Заңы  35-бабының  1-
тармағына  сәйкес  мемлекет  баланы  дiни  дүниетанымға  негiзделген  тәрбиесіне 
араласпауға, бiлiм беру мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде ғана кепiлдiк бередi. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  39-бабының  1-тармағына  сәйкесадамның 
және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары  конституциялық  құрылысты  қорғау, 
қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен 
имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. 
Орта  білім  беретін  ұйымдар  үшін  міндетті  мектеп  формасына  қойылатын 
талаптар  2007  жылғы  27  шілдедегі  «Білім  туралы»  ҚР  Заңы  5-бабының  14-1) 
тармақшасына  сәйкес  әзірленді  (ҚР  БҒМ  20016  жылғы  14  қаңтардағы  №  26бұйрығы, 
Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2016  жылғы  16  ақпанда  №  13085 
тіркелді). 
ҚР  Әділет  министрлігінің  2016  жылғы  16  ақпандағы  Қорытындысына  сәйкес 
нормативтік  құқықтық  акт  азаматтардың  заңнамамен  белгіленген  құқықтарын, 
бостандықтарын  және  мүдделерін  бұзбайды  және  Қазақстан  Республикасының 
қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді. 
«Білім туралы» ҚР Заңы 49-бабы 2-тармағының 3, 6 және 7 тармақшаларына, оқу 
орнының  Ішкі  тәртіп  ережелеріне,  Жарғысына  сәйкес  ата-аналар  мен  өзге  де  заңды 
өкілдербілім  беру  ұйымының жарғысында  айқындалған  қағидаларды  орындауға,  білім  беру 
саласындағы  уәкілетті  орган  белгілеген,  міндетті  мектеп  формасына  қойылатын 
талаптарды  орындауға  және  білім  беру  ұйымында  белгіленген  киім  формасын 
сақтауғаміндетті. 
Киім формасын сақтауға қойылатын талап ар-ождан бостандығына құқықты, яғни 
нақты  діни  наным-сенімді  ұстану  құқықтарын  бұзу  ретінде  қарастырыла  алмайды, 
өйткені  бұл  талаптар  діннің  қандай  да  бір  бағыттарының  талаптарына  емес, 
конституциялық  және  заңнамалық  нормаларды  ескере  отырып,  сондай-ақ  барлық  қоғам 
мүддесі  негізінде  әзірленді.  Сонымен  бірге,  білім  беру  ұйымдары  басшыларына  міндетті 
мектеп  формасын  сақтау  бойынша  жауапкершіліктің  жүктелгені  мәлімделді.  Осыған 
байланысты  олардың  мектеп  формасына  қойылатын  талаптарды  қамтамасыз  етуге 
бағытталған бақылауы негізделген болып табылады.  
 
ҚР  Парламент  палаталарының  2018  жылғы  5  наурыздағы  бірлескен 
отырысы  барысында  Елбасы  оқу  және  сапалыбілім  алу  үшін  Қазақстанда 
студенттерге арналған жатақханаларды салуға тапсырма берді. Ол халықаралық 
стандарттар  бойынша  білім  беру  жүйесін  құрғанда,  студенттердің  оқу  және 
тұру  жағдайларына  назар  аудару  керек  екенін  атап  өтті.  Осылайша,  2022 
жылдың  соңына  дейін  кем  дегенде  75  мың  орны  бар  студенттік  жатақхана 
салынатын болады. 
 


85 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  орталыққа  Алматы  облысы  бойынша  ҚАЖД 
ЛА-155/4  мекемесінде  жазасын  өтеп жатқан  сотталған  К.Б.  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық университетінің студенті ұлының мүддесінде жүгінді.  
Студенттің  анасы  ұлы  қаланың  сыртында  орналасқан  үйде  әпкесімен  тұратынын 
мәлімдеді.  Үй  университеттен  шалғай  орналасқандықтан,  К.Б.  ұлының  оқуы  мен 
қауіпсіздігіне уайымдатынын білдірді.   
Студентке  мүмкіндігінше  көмек  көрсету  туралы  уәкілетті  органдарға  жіберген 
сұрауымыздан кейін студентке университеттің жатақханасынан бөлме берілді.  
 
Кәмелетке 
толмағандардың, 
соның 
ішінде 
институционалдық 
мекемелерде  тұратындардың  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мәселелерін 
Омбудсмен  мекемесі  құқық  қорғау  мекемесінің  мониторингтік  қызметі 
шеңберінде  қарастырады.Осылайша,  есептік  жылы  ҚР-дағы  Адам  құқықтары 
жөніндегі  Уәкіл  ҰПМ  Үйлестіруші  кеңес  мүшелерімен  бірлесіп,  мандат  асты 
ҰПМ  мекемесіне  –  қараусыз  және  панасыз  балаларды,  девианттық  жүріс-
тұрыспен  балаларды,  сондай-ақ  қиын  өмір  жағдайына  тап  болған  ата-ананың 
қамқорлығысыз  қалған  балаларды  қысқа  мерзімде  күтіп-бағуға,  бейімдеуге 
және  кейін 
жайғастыруға  арналған  Астана  қаласының  Кәмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына барды.  
Мониторингтік бару шеңберінде тәрбиеленушілер тұратын материалдық-
тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлар зерттеп қаралды. 
Мониторинг  қорытындылары  бойынша  санитарлық  нормаларды  сақтау, 
балаларды  жас  тобы  қағидаты  бойынша  жайғастыру,  оқу  процесіне  жағдай 
жасау бөлігінде  ұсыныстар берілді.  
Сонымен  қатар,  есептік  жылы  Омбудсмен  БҰҰ  Балалар  қорының 
Қазақстандағы  Өкілі  Юрий  Оксамитныймен  (ЮНИСЕФ)  бірлесіп,  Алматы 
облысы  Жауғашты  ауылында  орналасқан  әйелдер  колониясына  (ЛА-155/4 
мекемесі)  барды.  Бұл  түзеу  мекемесі  Қазақстанның  қылмыстық-атқару 
жүйесінде аймағында бала үйі бар жалғыз мекеме болып табылады.  
Келу  мақсаты  бас  бостандығынан  айыратын  орындарда  жас  балалардың 
орналасуы мәселесін зерттеп қарау болды, бұл қоғамда белсенді пікірталастың 
тақырыбы болып табылады.  
Сотталған  аналармен  және  мекеме  әкімшілігімен  болған  сұхбаттар  ана 
мен  баланы  айыру  кері  салдарға  алып  келеді  деген  пікірді  растады,  өйткені 
табиғи әрі қажетті қарым-қатынас анасына жан-жақты қолайлы әсер етеді және 
баланың толыққанды дамуына қажетті алғышарттарды қалыптастырады. 
Бұл  кезекте,  Омбудсмен,  ең  алдымен,  бала  үйінде  анасының  баламен 
тәулік бойы бірге болу үшін жағдай жасауды қарастыратын, балаларды табиғи 
жағдайда  тәрбиелеу  режиміне  максималды  жақын,  сапалық  тұрғыдан  жаңа 
жағдайлар  жасау  қажеттілігін  атады.  Атап  айтқанда,  бала  үйіндекадрлық, 
соның  ішінде  білікті  медициналық  қамтамасыз  ету  мәселелеріне  назар 
аударылды.  Баланы  жалпы  дамыту  және  оны  әлеуметтендіру  мақсатында 
мәселелер  кешені  қозғалды,  атап  айтқанда,  оған  әкесі  мен  басқа 
туысқандарының  қолжетімділігін  жеңілдету,  анасының  келісімімен  оларға 
баланы мекеме шегінен тыс жүйелі алып тұруына құқық беру. Жүкті және жас 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау