Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет39/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83

90 
 
Өтініш  берушінің  мәлімдеуінше,  оның  бұрынғы  әйеліаталмыш  діни  бірлестіктің 
мүшесі  бола  отырып,  қауым  жиналысына  олардың  кәмелетке  толмаған  қызын  жүйелі 
апарып тұрды. Б.С.  пасторға оның қызын діни қызметке қатыстырмау туралы әлденеше 
рет өтінішін білдірді, алайда ол заңнама талаптарын бұзуды жалғастыра берді.  
Құқық  қорғау  мекемесінің  уәкілетті  органға  жолдаған  сұрауына  Қостанай  облысы 
Діни  істер  жөніндегі  басқармаға  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  шаралар  қолдану  үшін 
тапсырманың берілгені туралы ақпарат келді. 
Бұл  кезекте,  өтініш  беруші  «Иегова  Куәгерлері»  діни  бірлестігі  Қазақстан 
Республикасында  ресми  тіркелген  діни  бірлестік  болып  табылатыны  туралы 
ақпараттандырылды. 
Ұйымның жекелеген мүшелері жіберетін әкімшілік құқық бұзушылықты жасау діни 
бірлестіктің қызметін шектеу үшін негіз болып табылмайды. 
 
  
 
 
Азаматтар  бірқатар  өтініштерде  туысқандарының  діни  бірлестіктердің 
қызметіне  қатысуына  байланысты  уайымдарын  білдірді,  бұл  діни 
бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы мәселені көтерді.  
 
Бұндай  жағдайларда  өтініш  берушілерге  Қазақстан  Республикасы 
қатысушысы  болып  табылатын  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы 
халықаралық  пактісінің  ережелеріне  сәйкес  әрбір  адамның  ой,  ар-ождан  және 
дін  еркіндігіне;  өз  тандауы  бойынша  дінге  немесе  сенімге  ие  болуға  және 
қабылдауға  құқығы  бар  екені  түсіндірілді.  Өз  тандауы  бойынша  дінге  немесе 
сенімге  ие  болу  және  қабылдау  еркіндігін  шектеумен  ешкім  мәжбүрленбеуі 
тиіс. 
 
14. Сотталғандардың құқықтары 
 
Қазақстанда  соңғы  жылдары  түрме  халқының  ілгерілемелі  төмендеуі 
байқалады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 36 343 адам 
қамауда болды, ал түрме халқының деңгейі 100 мың жан басына шаққанда 202 
адамды  құрады.  Есептік  жылғы  маусым  айының  ортасында  Қазақстан  түрме 
халқының жалпы саны бойынша 49-орынға және түрме рейтингі индексінде 83-
орынға ие болды (100 мың жан басына шаққанда 194 сотталған)
16.
 
Республиканың  түрме  халқын  азайту  бойынша  басты  тетіктер  құқық 
бұзушылықтарды  қылмыстық  деп  танымау  және  қайта  сыныптау,  қылмыстық 
жауапкершілікті  түзеу  қылмыстық  әділ  сот  және  түзеу  ықпалының  балама 
түрлерімен алмастыру, мерзімнен бұрын босату және пробацияның жаңа жүйесі 
арқылы  мекемелерінің  жүйелерін  реформалау  сияқты  әрекеттер  болып 
табылады. 
ҚАЖ  комитетінің  деректеріне  сәйкес  2018  жылғы  1  желтоқсандағы 
жағдай бойынша еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінің 86 мекемесінде 26 152 
адам қамауда болды. 
2018  жылы  10 757  адам  босатылды,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы 
2018  жылғы  12  шілдедегі  №  180-VІ  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
                                                             
16
 https://ru.sputniknews.kz/society/20181206/8376787/tyurma-osuzhdennye-
issledovanie.html?fbclid=IwAR2do66VNzN9POBNVl2fcc_aEM03BFNRzn1wM84-ONm7dklR4YBjQYXI1jQ 


91 
 
заңнамалық  актілеріне  қылмыстық,  қылмыстық-процестік  заңнамасын  және 
құқық  қорғау  және  арнайы  мемлекеттік  органдардың  қызметін  жетілдіру 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»Заңының 
енгізілуіне байланысты 542 сотталғанның жазаны өтеу мерзімі қысқартылды. 
Сондай-ақ  мемлекет  бас  бостандығынан  айыру  орындарыннан  шыққан 
және  пробация  қызметінде  есепке  алынған  азаматтарды  оңалтуға  көп  назар 
аударады.  Осылайша,  бес  институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру 
жөніндегі  100  нақты  қадам  –  Ұлт  жоспарын  жүзеге  асыру  шеңберінде  бас 
бостандығынан  айыру  орындарыннан  шыққан  және  пробация  қызметінде 
есепке  алынған  азаматтарды  әлеуметтік  оңалтудың  кешенді  стратегиясы 
бекітілді,  оның  мақсаты  сотталғанды  еркіндікте  өмір  сүруіне  дайындау  болып 
табылады(жұмыспен  қамту  бойынша  мәселені  шешу,  еркіндікке  шыққаннан 
кейін  тұру  орнын  қамтамасыз  ету,  медициналық  қызмет  көрсету, 
мамандықты  меңгеруде  жәрдемдесу,  психологиялық  сүйемелдеу,  заңмен 
белгіленген  жеңілдіктерді  және  әлеуметтік  төлемақыны  алуда  кеңес  беру, 
отбасылық  және  өзге  әлеуметтік  байланыстарды  қалпына  келтіруде  көмек 
көрсету)
«Оңалту  түрмесі»  жобасына  ҚАЖ  25  мекемесінен  барлығы  сотталған  1 
540 адам қатысты. Сотталғандарды оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша 
2 293 шара өткізілді, соның ішінде: құжаттау бойынша – 27, негізгі орта білімді 
(1-9  сыныптарда  оқу)  алғандар  -  18,  орта  білімді  –  45  (1-11  сыныптарда  оқу), 
орта    білімнен  кейінгі  білімді  –  50  (колледжде білім  алғаннан  кейін  мамандық 
алды  және  т.б.),  кәсіптік  курстардан  өткендер  және  мамандық  алғандар  –  7, 
жұмыспен  қамтылғандар  –  243,  әртүрлі  консультациялар  алғандар  –  854, 
әлеуметтік  тұрғыдан  пайдалы  байланыстар  орнатылды  –  102,  психологиялық 
көмек  көрсетілді  –  679,  Әлеуметтік  бейімдеу  орталықтарына  жіберілді  –  55, 
емдеу  диспансерлеріне  жіберілді  –  3,  басқа  –  5.  Жергілікті  атқарушы 
органдардың  өкілдері  46,  басқа  мемлекеттік  органдар  20  және  ҮЕҰ  өкілдері 
сәйкесінше 27 іс-шара өткізді. 
Есептік  жылы  сотталғандардың  осал  топтары:  әйелдердің,  балалардың, 
ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалардың  құқықтарын  қамтамасыз  етуге  жеке 
назар  аударылды.  Қылмыстық-атқару  жүйесі  Комитетінің  ақпараты  бойынша 
қазіргі  уақытта  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  1808  әйел,  соның 
ішінде  жас  балалармен  36  әйел,  ерекше  қажеттіліктері  бар  684  тұлға 
(мүгедектер), соның ішінде 23 әйел және кәмелетке толмаған 43 бала жазасын 
өтеп жатыр. 
Пробациялық  іс-шаралардың  негізгі  идеясы  рецидивтік  қылмыстың 
алдын алуға және сотталғанды еркіндікте өмір сүруге бейімдеуге бағытталған. 
Бұл  жағдайда  сотталғандармен  жұмыс  істегенде  оларды  әлеуметтік 
дағдыландыру,    қамаудан  тыс  өмірге  бейімдеуде  психологиялық  және 
тәжірибелік  көмек  көрсету  бойынша  бағдарламаларды  енгізе  отырып,  бұл 
кезекте,  жазасын  өтеп  жатқан  тұлғалардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ете 
отырып, тәрбиелік ықпал ету шараларын кеңейту және дамыту керек. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау