82
құқықтары жөніндегі Уәкілсоттардың әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды қарастыруға
құқылы емес екені түсіндірілді.
Бұл кезекте, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ҚР Жоғарғы Сот
Төрағасының арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау
және қалпына келтіру саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның қағидаларын
басшылыққа алып, жоғарыда аталған өтініш мәлімет үшін ҚР Жоғарғы Сотына
жолданды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі туралы алдыңғы есепте ата-
анасының біреуі, басым жағдайларда әкесі, анасымен тұрғылықты орнын
анықтау туралы шығарылған сот шешіміне қарамастан, баланы анасының
келісімісіз елдің шегінен тыс жерге алып кету фактілер көтерілді.
Құқық қорғау мекемесіне есептік жылы ұқсас сипатты өтініштер де түсті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге оның кәмелетке
толмаған балаларын Қазақстанға қайтаруда көмек сұраған Қазақстан азаматшасы З.В.
өтініші түсті.
Өтініштің мазмұнында балалардың әкесі балаларды анасының келісімісіз Ресей
Федерациясы Шешен Республикасының Грозный қаласына алып кеткені мәлімделді. 2018
жылғы сәуірде Алматы қалалық соты өтініш берушінің оның балаларын отанына қайтару
туралы талап арызы қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта З.В. Грозный қаласында
орналасқан, сонымен бірге, жоғарыда аталған іс бойынша үкім қағазы орындалмай жатыр.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 09.08.2009 ж.т.
оның кәмелетке толмаған ұлын Д.Т. Қазақстанға қайтаруда көмек сұраған Қазақстан
азаматы П.Е. өтініші түсті.
Өтініштің мазмұнындабаланың әкесі Д.Б. оны анасымен ауызша келісімі бойынша
а.ж. 16 шілдесіне дейінгі мерзімге Ресей Федерациясы Шешен Республикасының Грозный
қаласына алып кеткені мәлімделді. Бұл арада, қазіргі уақытқа дейін бала әкесімен тұрып
келеді, өтініш берушінің айтуынша, әкесібаланың анасымен қарым-қатынас жасау
құқығын шектейді.
Бұл мән-мәтінде жоғарыда аталған мәселелерді реттеу және бірыңғайлау
мақсатында Білім және ғылым министрлігі есептік жылы құрамында уәкілетті
органдардың өкілдері бар жұмыс тобына бастамашылық еткенін атап өткен
жөн. Өз кезегінде, жоғарыда аталған топтың жұмысы аталмыш фактілер кезінде
туандайтын мәселелерді шешуге жәрдемдеседі деп санаймыз.
Уәкілге түсетін өтініштердің жеке тобы баланы күтіп-бағуға арналған
қаражатты төлеуге қатысты болды. Бұл мәселе бойынша Уәкілге балалардың
аналары әлі де жүгінеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 700
мыңға жуық бала тек анасымен ғана тұрады
14
.
Өткен жылдарда сияқты баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты өндіріп
алу мәселелерінде келесі сұрақ өзектілігін сақтап келеді: баланы күтіп-бағуға
арналған қаражатты төлеушінің нақты кіріс мөлшерін анықтау; баланы күтіп-
бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарған жағдайда, сот шешімінің
орындалуын қамтамасыз ету; қарызгердің жұмыс орнын анықтау және содан
кейін жалақысын өндіріп алуға жүгіну, өйткені бірқатар қарызгерлер еңбек
14
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің ақпараты
83
қатынастарында құжатты рәсімдемей жұмыс істейді; баланы күтіп-бағуға
арналған қаражатты төлеуге міндетті тұлғалардың хабарсыз жоқ болып кетуі;
баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге міндетті тұлғаларды
жұмыспен қамту. Басым жағдайларда өтініш берушілер баланы күтіп-бағуға
арналған қаражатты өндіріп алу туралы сот шешімдері сот атқарушыларының
белсенді қызметінің жеткіліксіздігі, соның ішінде қызметтік міндеттеріне
салғырт қарауы себебінен орындалмайды деп санайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өзбекстан
Республикасы Олий Мәжілісінің Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі У. Мұхаммадиев
Өзбекстан Республикасының азаматшасы И.Э. мүддесінде Алматы облысы Талғар
аудандық сотының Қазақстан Республикасының азаматы И.М.-нен И.Э. пайдасына
кәмелетке толмаған ортақ балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты өндіріп алу
туралы2016 жылғы 20 желтоқсандағы шешімін орындауда көмек көрсету мәселесі
бойынша өтінішімен жүгінді. И.М.-нен кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға
арналған қаражаттыөндіріп алу туралы сот шешімін орындауға қатысты.
Қазақстан уәкілетті органдары өткізген жұмыстың нәтижелері бойынша 2018
жылғы 5 шілдеде Алматы облысы атқарушы округі жеке сот атқарушысы Е.Д. (бұдан әрі –
ЖСА) қаулысымен И.М.-нен И.Э. пайдасына қарызгердің барлық кіріс көздерінің 1/3 бөлігі
мөлшерінде баланы күтіп-бағуға арналған қаражаттыөндіріп алу туралы атқару
өндірісінің қозғалғаны анықталды.
Қарызгердің «Technodom Operator» АҚ-дағы жұмыс орны анықталғанына
байланысты ЖСА 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысыменбаланы күтіп-бағуға арналған
қаражатқарызгердің жалақысынан өндірілетін болды.
2018 жылғы 12 қазанда ЖСА қаулысымен қарызгердің қарызы анықталды, оның
мөлшері 935611 теңгені құрады.
Сонымен бірге, ұсынылған түбіртек көшірмесіне сәйкес 2018 жылғы 16 қазанда
қарызгер баланы күтіп-бағуға арналған қаражатбойынша қарызды өтеу есебінен И.Э.
шотына 2530 АҚШ долларын аударғаны анықталды.
Осылайша, атқару құжаты бойынша қарызгердің баланы күтіп-бағуға арналған
қаражат бойынша қарызы жоқ.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті деректерінің банк мәліметтеріне сәйкес 2018 жылдың 11
айында ҚР Қылмыстық кодексінің «Балаларын күтіп-бағуға арналған
қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-
аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған
қаражатты төлеуден жалтару» 139-бабы бойынша 101 адам сотталды. Солардың
ішінде 5 адамға қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолданылды, 96
адамға бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылды. Аталған қылмыста
кінәлі деп танылған тұлғалар бас бостандығынан айрылмады
15
.
Өтініштердің басқа тобы білім алу құқымен байланысты болды.
Осылайша, есептік жылы Омбудсменге мектептерде діни атрибутиканы киюге
тыйым салынғанына байланысты жалпы білім беретін мекемелердің әкімшілігі
15
https://tengrinews.kz
«Баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлемеген қанша қазақстандық сотталды»,
17.12.2018ж.
Достарыңызбен бөлісу: |