80
Сонымен бірге, бұл ұйымдардың жұмыс істеуін талдау 2018 жылғы 5
қазандағы Қазақстан халқына жолдауы барысында Елбасы атаған олардың
қойылатын талаптарға жеткілікті деңгейде сәйкес келмеуіне абыржуы және бұл
ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарды қайта қарау
қажеттілігін дәлелдейді. Мектепке дейінгі ұйымдар персоналының олардың
тәрбиеленушілеріне қатысты жиелеп кеткен қатыгездік жасау жағдайлары бұны
көрсетті, бұны бұқаралық ақпараттық құралдарында, соның ішінде шетелдік,
және әлеуметтік желілерде, бейне дәлелмен шағымдар дәлелдейді.
Жоғарыда аталған мәселелер Білім және ғылым министрлігіне есептік
жылы жолданған ұсыныстарда көрініс тапты, бұнда Білім және ғылым
министрлігіне Елбасының тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырмасы
шеңберінде Омбудсмен мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметті
лицензиялауды жоюдың нысаналылығын жан-жақты талдау ұсынды.
Сонымен қатар, психологиялық және физикалық (дене) зорлық-
зомбылықпен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық фактілерінің орын алуы да
еркше уайымдатады. 2018 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі 750 қылмыстық істі
қозғады, олар бойынша жәбірленушілербалалар болды (бұл кезекте, кәмелетке
толмаған 614 бала жыныстық озбырлық объектісі болды, 65– бұл 10 жасқа
толмаған бала), 2017 жылы–699
12
.
Есептік кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай
ауылында ұл балаға қатысты ерекше назарға ие болған зорлық-зомбылықпен
байланысты жағдай кең қоғамдық резонансты тудырды.
Омбудсмен мекемесі жағдайдың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында
Бас прокуратураның назарын еркін жүріп-тұру, дербес құқықтылық, құқықтық
және басқа қажетті көмекке, сыртқы ортамен коммуникацияға қолжетімділік
құқықтарына қатысты бірқатар процестік бұзушылықтардың барына уақтылы
әрі жария аударды.
Өтініштердің басқа тобы баланың отбасыда тәрбиелену, ата-анасының
күтім жасауы және ата-анасының әрқайсысымен толыққанды араласу құқығын
жүзеге асырумен байланысты болды. Ең алдымен, жоғарыда аталған
құқықтарды бұзу некені бұзуға алып келетін отбасыдағы келіспеушілік
себебінен туындайды.
2018 жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам некені бұзу тіркелді. «The
Economist» британдық баспаның деректері бойынша, Қазақстан басқа
мемлекеттердің ішінде некені бұзу бойынша әлемде 10-орынға ие
13
.
Бұл мән-мәтінде Елбасы ағымдық жылғы 28 қарашада өткен VIII
Қазақстан Азаматтық форумында мектеп жасынан бастап жыныстық және
отбасылық тәрбиелеуді өткізудің маңызын атап, Қазақстанда некені бұзу
жастардың отбасы құруға дайын болмауына байланысты деп айтты.
Еліміздің неке және отбасы мәселелерін реттеу саласындағы ұлттық
заңнамасында
ата-ананың
некені
(ерлі-зайыптылықты)
бұзуы,
оны
заңдастырылмаған деп тану немесе ата-ананың бөлек тұруы баланың
12
ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректері
13
www.inform.kz
«Қазақстанда әрбір екінші неке бұзылады», 11.01.2019ж.
81
құқықтарына әсер етпеуі тиіс делінген. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда
баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауына құқығы бар.
Бұл кезекте, бұрынғыдай, некені бұзу процесінен кейін туындайтын
жағдайлар ерекше уайым тудырады, бұнда бала амалсыздан ата-анасының
келіспеушілігі мен дауларының объектісіне айналады. Балалардың ата-
анасының біреуімен тұрғылықты орнын анықтау туралы сот шешімдерімен
келіспеу және сот органы анықтаған қарым-қатынас жасау тәртібі болса да,
балалармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіру келіспеушіліктің себептері
жиі болып табылады.
Уәкілдің мекемесіне есептік жылы әкелерден бірқатар өтініштер түсті, олар
сот органдары бұндай шешімдерді шығарғанда, жиі артықшылықты әйелдерге
береді деп санап, анасымен тұрғылықты жерін анықтау туралы сот шешімдерімен
келіспеушілігін білдірді.
Уәкілге 05.11.2015 ж.т. кәмелетке толмаған қызы К.А. анасы Г.Д.-мен тұрғылықты
жерін анықтау туралы сот шешімімен келіспеу, сондай-ақ баланы мәжбүрлеп тартып алу
туралы А.К. өтініші түсті.
Өтініштің авторы Г.Д.-мен екі жақты келісіммен кәмелетке толмаған К.А.
туылғаннан бері онымен тұрды және анасы қызын тәрбиелеуге қатыспады деп мәлімдеді.
Оның хабарлауынша, соттың істі қарауы барысында ол баланың өз биологиялық анасын
білмейтініне әлденеше рет назар аударды және сот шешімін мәжбүрлеп орындау баланы
психологиялық зақымға душар етеді. Алайда, бұл фактті сот органдары ескермеді.
Өтініш берушіге ҚР Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен
бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ереженің 18-тармағына сәйкесАдам
құқықтары жөніндегі Уәкіл соттардың әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды
қарастыруға құқылы емес екені түсіндірілді.
Бұл кезекте, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ҚР Жоғарғы Сот
Төрағасының арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау
және қалпына келтіру саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның қағидаларын
басшылыққа алып, жоғарыда аталған өтініш мәлімет үшін ҚР Жоғарғы Сотына және ҚР
Бас прокуратурасына құқықтық негіздер анықталған жағдайда прокурорлық әрекет ету
актісін енгізу үшін жолданды.
Бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы қиын әрі келісілмеген өзара
қарым-қатынастар кәмелетке толмағанның мүдделері мен құқықтарын елемей,
олардың ата-ана міндеттерін жүзеге асыруда және баланы тәрбиелеу және
дамыту процесіне толыққанды қатысуда қиындықтар туғызады.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталыққа А.Б. оның ата-ана құқығы мен оның
кәмелетке толмаған балаларының онымен қарым-қатынас жасау құқықтарын қорғауда
көмек көрсету өтінішімен жүгінді.
Өтініштің мазмұнынан бұрынғы әйелінің балалардың өз әкесімен қарым-қатынас
жасауға кедергі келтіретіні, атап айтқанда, медиативтік келісімге келуден және
қорғаншы және қомқоршы органның шешімін орындаудан бас тартатыны мәлім болды.
Сондай-ақ өтініш беруші бұл дау соттың істі қарау мәні болып табылады деп
мәлімдеді.
Өтініш берушігеҚР Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен
бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ереженің 18-тармағына сәйкесАдам
Достарыңызбен бөлісу: |