103
бағыттарын нығайту мәселелері қарастырылды.Қазақстандық Омбудсмен өз
баяндамасында Қазақстан және Ресей омбудсмендерінің құқық қорғау
саласындағы көп жылдық тиімді өзара әрекеттесуін атап өтті.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануының 70 жылдығына
және Ресей Федерациясы Конституциясының қабылдануының 25 жылдығына арналған
«Еуразия кеңістігіндегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің үздік
тәжірибелерімен алмасу» атты II Халықаралық конференцияға қатысушылар
2018 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі Уәкіл мен Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі
Уәкілдің арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын
ескерткен жөн, бұнда тараптар ақпараттық алмасуды жетілдіру, бірлескен
зерттеу қызметін кеңейту, жүйелі екі жақты консультациялар өткізу, өзара
іссапарларды, тағлымдамаларды жүзеге асыру және т.б. сияқты іс-әрекеттерді
ұстануы көрініс тапты.
104
Қазақстан мен Ресей омбудсмендері арасындағы ынтымақтастық туралы
Меморандумға қол қою
Самарқандта қарашада өткен Адам құқықтары жөніндегі Азия форумы
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 70 жылдығымен
орайласқан іс-шаралардың бірі болды. Форум қатысушыларының ішінде кең
танылған халықаралық сарапшылар, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің
басшылары, сондай-ақ өзбек Парламенті мен Жоғарғы Сотының өкілдері
болды. Парламенттердің, соттардың, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ
құқық қорғау ұйымдарының Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясының негізін құрайтын құндылықтарды қорғау және ілгерілетудегі
рөлін анықтау Форумның мақсаты болды.
Жоғарыда аталғанды түйіндей отырып, өткен есептік жылы Адам
құқықтары жөніндегі Уәкілдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы
қызметі өте нәтижелі болды деген қорытынды жасауға болады. Халықаралық
ынтымақтастық шеңберінде құқық қорғау мәселелерінің кең спектрі қамтылды.
Өзара әрекеттесу екі жақтыформатта да, көпжақты форматта да жүргізілді және
екі негізгі бағыт қалыптасты: адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау
және Омбудсмен мекемесін институционалдық дамыту. Бұл кезекте, екі бағыт
бір-бірімен тығыз байланыста іске асырылды.
2018 жылы халықаралық қоғамның Орнықты даму мақсаттарына қол
жеткізудің және Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының
қағидаларын енгізудің маңызды қорытындыларын жасау тұрғысынан шегерілді.
Сонымен бірге, аталған кезеңде 2019 жылы дамытылатын жаңа халықаралық
және өңірлік жобалар және екі жақты келісімдер бастау алды.
105
Қорытынды
2018 жыл Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын
қабылдаудың 70 жылдығымен байланысты халықаралық құқық қорғау
қоғамдастығы өткен нақты тарихи межесімен есте қалды. Бұл құжат өзінің
өткінші емес бірейгейлігін, ал адамзат қол жеткізілген келісімдер және
белгіленген халықаралық тәртіп шеңберінде бейбітшілік және жалпыға ортақ
әл-ауқат үшін әрекет ету қабілеттігін дәлелдеді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға кіргеннен бастап Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен басқа халықаралық құжаттар
елімізде тәжірибелік мәнге ие бола бастады. Бұл кезеңде Қазақстан
халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізу процесін жалғастырып
жатыр.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі адам құқықтарын қорғау және
қамтамасыз ету саласындағы қолда бар мәселелерді анықтап, бұл процеске
белсенді жәрдемдеседі. Атап айтқанда, есептік кезеңде Омбудсмен мемлекеттік
органдар мен жекелеген лауазымдық тұлғаларға 15 ашық хат пен ұсыныстар
жолдады, бұнда халықты тегін дәрілік қамсыздандыру, мүгедектігі бар
тұлғалардың құқықтары, тұрғын-үй құқықтары, мектепке дейінгі мекемелердің
қызметін бақылауды күшейту, құқық қорғау органдарын реформалау, соттың
істі қарауы саласында азаматтардың құқықтарын қорғаумәселелері, сондай-ақ
қоғамдық резонанс пен пікірталастарды тудырған өзге де мәселелер қозғалды.
Аталған тақырыптар көбіне Қазақстанда қабылданған стратегиялық
бағдарламалық құжаттардың қағидаларымен, сондай-ақ Елбасы жолдауларында
және баяндамаларында көрініс тапқан тапсырмалармен сәйкестендіріледі.
Омбудсмен туралы қағида еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан, бір
жыл бұрын қабылданған конституциялық реформаның дамуында ұлттық құқық
қорғау мекемесінің әлеуетін ары қарай дамыту және шетелдік мемлекеттер
омбудсмендерінің тәжірибесін зерттеу бойынша жұмыс өткізілді.
Бұл мән-мәтінде халықаралық серіктестермен ынтымақтастық едәуір
нығайды. ТМД елдерінен әріптестермен өзара әрекеттесу ерекше динамикаға ие
болды. Орталық Азия өңірі шеңберінде жаңа жобалар бойынша келісімдерге
қол жеткізілді, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі
Уәкілмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Шағымдарды қарастыру, ұлттық заңнаманы жетілдіру, жабық
мекемелерге мониторинг жасау, бірлескен іс-шараларды, конференцияларды
және басқа диалогтың алаңдарды ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік
органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара әрекеттесу
жалғастырылды.
Азаптаулардың алдын алу бойынша Ұлттық превентивтік тетікті нығайту
бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, соның арқасында 200 астам бала мекемесін
қосу арқылы ҰПТ мандатын кеңейту туралы заң жобасын қарау мәселесі едәуір
ілгеріледі. ҚР Парламент Мәжілісінде аталған заң жобасын бірінші және екінші
Достарыңызбен бөлісу: |