78
ортақ екенін түсінуі олардың құқықтарын қамтамасыз етудің тиімділік
шарттарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.
12. Балалардың құқықтары
Қазақстанда тұратын 18 млн. адамның ішінде шамамен 5 млн. кәмелетке
толмағандар болып табылады. Ең алдымен, оларды қоғамда өз бетімен өмір
сүруіне дайындау қажеттілігі себебінен олар ерекше күтімге, мемлекет
тарапынан қолдауға және қорғауға мұқтаж.
Баланың құқықтары туралы конвенция балалардың құқықтарын қорғау
саласында негізгі халықаралық құжат болып табылады, Қазақстан оның
қатысушысы болып табылады. Конвенцияның негізгі идеясы кәмелетке
толмағанның мүдделерін анағұрлым жақсы қамтамасыз ету болып
табылады.Халықаралық
құжаттарға
сәйкес
Қазақстанда
кәмелетке
толмағандардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұлттық заңнаманың негіздері
құрылды, бұл салада мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары анықталды.
Балалардың жағдайын жақсартуға, олардың өмір сүруіне және дамуына
қолайлы ортаны құруға бағытталған балалық шақты қорғау саласында өткізіліп
жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижесінде сәби және бала өлімі төмендеп
келеді, тәрбиелеудің балама нысандарын дамыту есебіненбала үйлерінің және
онда тұратын балалардың саны азайды, жаңа мектептер салынып жатыр,
мемлекеттік мектептерде жан басын қаржыландыру кезең-кезеңімен енгізіліп
жатыр.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мен қорғау кепілдігін
қамтамасыз ету саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр. Осылайша, 2018
жылы еліміздің Президенті «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардап
тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңға қол қойды, ол заңға қарсы әрекеттің
нәтижесінде зардап шеккен баланы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез
келген ақпаратты және суреттерді БАҚ-та жариялауға шек қоюды қарастырады.
Сонымен қатар, балалардың әртүрлі жас тобының психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескере отырып, оларға арналған ақпараттық өнім мазмұнының
критерийлерін бекіту, балалардың денсаулығына зардап тигізетін ақпараттың
таратылуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың
құзыреттерін ажырату, сондай-ақ жас жіктемесін жүзеге асыратын
субъектілерді анықтау заңнамамен қарастырылған.
Осы бөлімде балалардың құқықтарын қорғаумен байланысты бірқатар
мәселелік сұрақтар қозғалады, олардың өзектілігін ҚР-дағы Адам құқықтары
жөніндегі Уәкілге түсетін өтініштерді талдау дәлелдейді.
2018жылы құқық қорғау мекемесіне балалар құқықтарының бұзылуы
туралы 72 өтініш түсті, соның ішінде 68жазбаша және 4 ауызша. Бұл кезекте,
алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда, 2018 жылыбалалар құқықтарының
бұзылуы туралы өтініштердің саны шамалы азайғанын атап өткен жөн (2017
жылы – 96 өтініш).
79
Уәкілдің поштасында балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың,
заңды өкілдерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті
қолдану мәселелері бойынша өтініштер аз емес.Жоғарыда аталған заңға қарсы
әрекеттер үйде де, тәрбиелеу-білім беру мекемелерінде де, қоғамдық орындарда
да болады.
Уәкілге Алматы қаласының № 140 балабақшасында, соның ішінде жас немересіне
қатысты қатыгездік жасау фактілері туралы А.М. өтініші түсті.
Өз өтінішінде өтініш беруші балабақша меңгерушісі балабақшада болып жатқан
жағдай туралы хабардар болды, алайда, бұл фактті жасырып қана қоймай, өз
қызметкерін ақтауға тырысты деп мәліделді.
Уәкіл бұл жағдайға араласқаннан кейін Алматы қаласы Білім басқармасының
бұйрығына сәйкес жоғарыда аталған балабақшаның меңгерушісі мен тәрбиешісі жұмыс
орындарынан босатылды.
Сонымен бірге, бұл факт бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция
басқармасы ҚР Қылмыстық кодексі 140-бабының 2-бөлігі бойынша тәрбиешіге қатысты
сотқа дейінгі тергеудің бастағаны анықталды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өскемен қаласы №4 балалар-жасөспірімдер
спорт мектебінің тәрбиеленуші қыздары А.А., 17.02.2005 ж.т., А.А., 08.03.2006 ж.т.,және
А.Е., 01.07.2005 ж.т., мүддесінде Шығыс Қазақстан облысының көркем гимнастикадан бас
жаттықтырушысы Ж.А. әрекетіне шағыммен А.М., С.К. және М.В. өтініші түсті.
Өтініштің мазмұнынан жоғарыда аталған кәмелетке толмағандар екі жыл бойы
педагог тарапынан жүйелі түрде физикалық және психологиялық қатыгездікке душар
болғаны мәлім болды.
Уәкіл мекемесінің сұрауына уәкілетті органдар Ж.А. балалармен жұмыс жасаудан
шеттетілгені туралы ақпарат берілді.
28.06.2018ж.С.К.өтініші бойынша және 17.08.2018ж. А.М. өтініші бойынша
Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасы Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ
17.08.2018ж. А.Е. өтініші бойынша Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының Үлбі полиция
бөлімі ҚР Қылмыстық кодексі 141-бабының 1-бөлімі бойынша (балалардың қауіпсіздігі мен
денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) Ж.А. қатысты
сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу департаментінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер
департаментінің Тергеу басқармасы аталған қылмыстық істерді зерттеп қарап, оларды
бір іске біріктіру және қажетті тергеу әрекеттерін өткізу туралы жазбаша нұсқау берді.
30.08.2018ж. қылмыстық іс Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының Тергеу
бөлімімен өндіріске алынды. 10.12.2018ж. тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс ҚР
Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы 1-бөлімінің 2-тармағы (әрекетінде қылмыстық
құқық бұзушылық құрамының болмауы себебінен) негізінде тоқтатылды.
Қылмыстық істің материалдары Өскемен қаласы прокуратурасының қаралуында
жатыр.
2017 жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасының
берген тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешілік серіктестік шеңберінде
мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге тапсырма берілді, бүгінгі күні 3-
тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен қамту
95%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |