Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет37/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83

86 
 
балалары  бар  әйелдердің  жазаны  өтеу  мерзімін  кейінге  қалдыруды  қолдану 
бөлігінде қолда бар жағдайда жан-жақты ескерумен әрбір  жеке жағдайда жеке 
тәсілді қолдану қажеттілігі аталды. 
Жауғашты  ауылындағы  әйелдер  колониясымен  қатар,  мүгедектігі  бар 
балаларды  күтіп-бағуға  мұқтаждардың  тұрақты  тұруына  арналған  «Аяла» 
Талғар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жасалды.  
Келу  қарсаңында  жоғары  аталған  мекемеде  сонда  тұратын  8  жасар 
баланың  өлімімен  байланысты  төтенше  жағдай  орын  алды.  Бұл  істі  қарау 
нәтижелері  бойынша  сот  Талғар  интернат  үйінің  қызметкерін  колонияда 
жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айырды. 
Мониторинг  қорытындылары  бойынша  Омбудсмен  нормативтік-
құқықтық  базада,  бұл  мекеменің  инфрақұрылымында  және  кадрлық 
жұмысында күрделі жүйелі мәселелерді атады.  
Алматы  қаласына  жұмыс  іссапары  барысында  Омбудсмен  сондай-ақ 
әрекетінде  әкімшілік  құқық  бұзушылық  және  қылмыстық  белгілері  болмаған 
және  жеке  басын  басқа  тәсілдермен  анықтау  мүмкін  болмаған  жағдайда, 
тұрақты  тұрғылықты  орны  және  (немесе)  жеке  басын  куәландыратын 
құжаттары  жоқ  тұлғаларды  қабылдауға  және  күтіп-бағуға  арналған 
қабылдаушы-бөлушіге  де  барғанын  атап  өткен  жөн.  Қабылдаушы-бөлушіге 
келген  уақытта  бұнда  жеке  басын  анықтау  мақсатымен  шетелдік  азаматтар 
басым болды. 
Омбудсмен  мекемесінің  мониторингтік  қызметі  көші-қонға  тап  болған 
шетелдік  азаматтар  мен  оларды  балаларының  құқықтық  жағдайы  саласында 
бірқатар  мәселелік  сұрақтардың  барын  дәлелдеді,  олар  тиісті  реттеуді  талап 
етеді. 
Мигрант  ата-анасының  құқықсыз  жағдайы  олардың  балаларының 
жағдайына  әсер  ететінін  ерекше  атап  өткен  жөн,  өйткені  мигранттар 
Қазақстанға  отбасымен  бірге  жиі  келеді.  Ата-анасының  белгісіз  мәртебесі 
баланың  білім  алу,  әлеуметтік  және  медициналық  қамсыздандыру 
құқықтарының  шектелуіне  алып  келеді,  сондай-ақ  оның  толыққанды  даму 
мүмкіндігіне  әсер  етеді.  Сонымен  қатар,  мигрант  ата-анасын  уақытша  ұстау, 
мүмкін  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  болуы  кезінде  немесе  ата-
анасы елден кеткен жағдайларда бала, оның денсаулығы, өмірі және қауіпсіздігі 
тәуекелді жағдайда болады.  
Ресми  статистика  көрсеткендей,  2017  жылы  шетелден  келген,  қасында 
қоса ерген адамы жоқ және ата-анасынан алыстап кеткен 420 бала анықталып, 
Кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарына  жайғастырылды.  Бұл  мән-
мәтінде  БҰҰ  Балалар  қоры  және  Еуропалық  одақ  бастамашылық  еткен 
«Оңтүстік  Шығыс,  Оңтүстік  және  Орталық  Азияда  көші-қон  процестерінде 
балаларды  қорғау»  еларалық  бағдарлама  уақтылы  әрі  өзекті  болып  табылады. 
Қазақстандық  Омбудсмен  мекемесі  бұл  бағдарламаны  жүзеге  асыруда 
ЮНИСЕФ  басты  серіктесі  болып  табылатынын  атап  өткен  жөн.  Бұл 
бағдарламаның мақсаты балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді 
жетілдіру  және  қолайлы  ортаны  қалыптастыру  арқылы  көші-қон  процестеріне 


87 
 
шалдыққан балалар құқықтарының қорғалуын және ілгерілеуін қамтамасыз ету 
болып табылады. 
Жоғарыда  аталған  жобаның  шеңберінде  Ұлттық  үйлестіруші  кеңес 
құрылды,  ол  бағдарламаны  жүзеге  асыру  бойында  стратегиялық  басшылықты, 
ақпаратпен  алмасуды  қамтамасыз  етеді,  серіктестердің,  мүдделі  мемлекеттік 
органдардың  арасында үйлестіруге жәрдемдеседі.  
Есептік  жылы  жоғарыда  аталған  кеңестің  екі  отырысы  өткізілді  және 
Астана,  Алматы,  Шымкент  қалаларында  және  Түркістан  облысында  кейстерді 
зерттеп  қарау  базасында  қасында  қоса  ерген  адамы  жоқ  және  ата-анасынан 
алыстап  кеткен  балаларға  екпін  қоюмен  көші-қон  процестерінде  балалардың 
мұқтаждықтарына  жауап  беру  бойынша  Қазақстан  ұлттық  жүйесінің  әлеуетін 
карталауды өткізу бойынша жұмыс басталды. 
Осылайша, есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге балалардың 
құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша түскен шағымдар 
аталмыш  салада  институционалдық  мекемелердің  қызметіне  құқық  қорғау 
мониторингі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес 
ұйымдар мен қоғамның тиімді өзара әрекеттесуі арқылы балаларды қорғаудың 
үздік  жүйесін  құру  бойынша  шараларды  нығайту  және  жетілдіру  қажеттілігін 
дәлелдейді.  
 
13. Діни сенім бостандығына құқық 
 
Діни  сенім  бостандығына  құқық  –  жеке  немесе  басқалармен  бірге  кез 
келген  дінді  ұстануға,  еркін  тандауға,  діни  нанымға  ие  болуға  және  оларды 
таратуға, соларға сәйкес әрекет етуге әрбір адамның конституциялық құқығы
.
 
Қазақстанда барлық азаматтардың заң алдында тең болуы қағидаттарына 
және  қай  дінге  жататынына  қарамастан,  әркімнің  жеке  нанымына  құрметпен 
қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі 
қалыптасқан. 
 
Ағымдық  жылғы  қазанда  Астана  қаласында  өткен  Халықаралық  және 
дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  VI  Съезі  жұмысының  барысында  Елбасы 
Қазақстанның 
әртүрлі 
мәдениеттер 
мен 
діндер 
көшбасшыларының 
конструктивтік  ынтымақтастығын  нығайту,  елімізде  18  конфессияның  3,5 
мыңнан  астам  діни  субъектісінің  қызметі  үшін  жағдай  жасау  ісіндегі 
тәжірибесін атап өтті. 
Съезд  қатысушылары  дін  мен  қоғамның  жаһандану  жағдайында  өзара 
қатынастары 
мәселелерін, 
діни 
көшбасшылардың 
зорлық-зомбылық 
экстремизмге 
және 
терроризмге 
қарсы 
әрекет 
етудегі 
рөлін 
талқылады.Қазақстан  Президентінің  жаһандық  қауіпсіздік  тұжырымдамасы 
болып  табылатын  «Бейбітішілік.  XXI  ғасыр»  Манифестіне»  ерекше  назар 
аударылды. 
Діннің  қоғамдық  қатынастарда  артқан  рөлі  жағдайында  мемлекет  діни 
радикализмнің  белгілеріне  жол  бермеу  үшін  жүйелік  қадамдарды  қабылдап 
жатыр. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау