Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет38/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83

88 
 
Осы  мақсатпен  2017  жылы  мемлекеттік-конфессиялық  қатынастарды 
жетілдіруге,  мемлекеттің  зайырлы  қағидаларын  нығайтуға  және  дінді 
деструктивтік мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған Діни салада 
2017-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
саясат 
тұжырымдамасы 
қабылданды. 
Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының 
кейбір  заңнамалық  актілеріне  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңының  жобасы 
әзірленді. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесі  ҚР  Парламент  Мәжілісінің 
жұмыс тобына бұл заң жобасын құқықтық талдау ДИАҚИ/ОБСЕ жүзеге асыру 
туралы ұсынысты жолдады. 
Мемлекеттік органдармен, діни сенім бостандығына құқықты қамтамасыз 
ету  саласындағы  ұлттық  және  халықаралық  құқық  қорғау  ұйымдармен 
ынтымақтастық жүйелі негізде жалғасып жатыр. 
 
Есептік  кезеңде  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  азаматтардан  және 
діни  бірлестіктердің  өкілдерінен  діни  сенім  бостандығына  құқықтың 
бұзылуына шағыммен 29 өтініш түсті. 
 
Діни  бірлестіктер  өкілдерінің  өтініштері,  негізінен,  жергілікті  атқарушы 
органдардың әрекетіне шағымдану мәселелерін қозғады.  
 
Омбудсменге  Қазақстан  Діни  бірлестіктер  қауымдастығы  төрағасының  Үшарал 
қаласы  «Агапе  «Толық  інжілдік  шіркеуі»  ЖДБ  пасторы  А.С.мүддесінде  Алматы  облысы 
әкімдігінің  Діни  істер  басқармасы  қызметкерлерінің  әрекетімен  келіспеу  туралы  өтініші 
түсті.   
Пастордың  мәлімдеуінше,  әкімдік  қызметкерлері  лауазымдық  құзыреттерін  асыра 
пайдаланып,  бұл  діни  бірлестікте  діни  қызметпен  айналысуды  тоқтату  мақсатында 
аталмыш шіркеуге келушілермен әңгімелесті. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталық  Алматы  облысының  әкімдігіне  сұрау 
жіберді, ал ол болса, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» бөлімі басшысының 
діни бірлестіктер өкілдерімен кездесуі  ұйымдастырғаны туралы ақпараттандырды,соның 
барысында  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  олардың  қызметіне  мониторинг  жасау 
мәселелері түсіндірілді.  
Атқарылған жұмыстың қорытындылары бойынша пастор мен Алакөл ауданы әкімдігі 
қызметкерлерінің арасындағы келіспеушілік жойылды. 
 
 
 
Жекелеген  өтініштерде  азаматтар  құқық  қорғау  органдардың  олардың 
өтініштерін  қарау  бойынша  әрекетсіздігіне  шағымданды,  олар  бұны 
кемсітушілік қатынас ретінде қарастырды. 
 
Ұлттық құқық қорғау мекемесіне «Иегова куәгерлері» ЖДБ өкілі Т.Н. оның жасалған 
құқық бұзушылық туралы өтінішін тіркеуден бас тарту фактісі бойынша жүгінді.  
Бас  прокуратура  мен  ҚР  Ішкі  істер  министрлігі  берген  ақпараттан  Т.Н.  өтініші 
Қостанай  қаласы  ІІБ  Оңтүстік  ПБ  Ақпаратты  тіркеу  кітабында  тіркелгені  және 
қараусыз қалғаны мәлім болды. 
Сонымен  бірге,  өтініште  ҚР  ҚК  130-бабымен  (жала  жабу)  қарастырылған,  жеке  
айыптау істеріне жататын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері сипатталды.  


89 
 
14.03.2018ж.  Қостанай  қаласы  ІІБ  шағымды  қарау  нәтижелері  бойынша  Т.Н. 
өтініші істер номенклатурасынан алынып, Қостанай қаласының №2 сотына жөнелтілді.  
 
 
Бірқатар өтініштерде өтініш берушілер бұқаралық ақпарат құралдарында 
діни  бірлестіктердің  қызметіне  қатысты  күмәнді  ақпараттың  таратылуына 
шағымданды. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Иегова  Куәгерлері  Христиан  орталығы  Басшы 
комитеті төрағасының орыбасары К.А. БАҚ-та діни бірлестіктің қызметі туралы күмәнді 
ақпараттың  таратылуына  шағыммен  және аталған  интернет-ресурсқа  қолжетімділікті 
шектеуде көмек көрсету өтінішімен жүгінді. 
К.А.  өтінішінде  оның  «Егемен  Қазақстан»  газетіне  сайттан  күмәнді  ақпаратты 
жою туралы өтініші қараусыз қалғаны аталды. 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  сұрауына  ҚР  Ақпарат  және  коммуникациялар 
министрлігі  аталған  интернет-ресурсқа  қолжетімділікті  шектеу  бойынша  шараларды 
қабылдау  құқық  бұзушылықты  жасау  фактісі  процестік  тәртіпте  анықталғаннан  кейін 
ғана мүмкін болады деген ақпаратты берді. 
Осыған байланысты өтініш берушіге заңсыз әрекеттер фактісін анықтау үшін сот 
органдарына  және  ішкі  істер  органдарына  жүгінуге  кеңес  берілді.  Сот  тиісті  шешімді 
шығарған  жағдайда,  уәкілетті  орган  өтініш  берушінің  өтінішінде  көрсетілген 
https://egemen.kz 
сілтемесі 
бойынша 
интернет-ресурсқа 
пайдаланушылардың 
қолжетімділігін шектеу бойынша шаралар қабылдайтын болады.  
 
Азаматтардың  діни  бірлестіктер  өкілдерінің  әрекетіне  шағымдары 
өтініштердің жеке тобын құрайды.   
 
Осылайша,  Омбудсменге  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Тайынша  ауданы 
Чермошнянка  ауыл  тұрғындары  Ф.О.,  О.А.,  Д.Н.  «Жаңа  өмір»  діни  бірлестіктің  пасторы 
Т.М. әрекетіне шағыммен өтініші түсті.  
Өтініш  берушілердің  мәлімдеуінше,  ауыл  тұрғындарына  қысым  жасап,  өзінің  жеке 
мақсаттарына қаражатты алды.   
Азаматтардың  өтініштері  Солтүстік  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  Діни  істер 
жөніндегі басқармасына сұрауды жолдаумен қарастырылды.  
Тексеріс  барысында  «СҚО  Евангелия  Сенім  Христиан  шіркеуі»  ЖДБ  Тайыншы 
ауданында  тіркелмегені  анықталды,  Т.М.  бұл  кезекте  діни  бірлестікке  өз  қатыстылығын 
мойындамады. 
Өтініш  берушілерге  оларға  қатысты  айлакерлік  әрекеттер  жасалған  жағдайда, 
олардың құқық қорғау органдарына жүгіну құқықтары түсіндірілді. 
 
Ағымдық  жылы  азаматтардың  діни  бірлестіктер  басшыларының 
кәмелетке  толмағанның  ата-анасы  немесе  оның  өзге  заңды  өкілдері  қарсы 
болған  жағдайда,  кәмелетке  толмағандарды  діни  бірлестіктің  қызметіне 
тартуына  және  (немесе)  оларды  қатыстыруына  жол  бермеу  туралы  заңнама 
талаптарын бұзуы туралы шағымдары түсті. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталыққа  «Қостанай  облысы  Иегова 
Куәгерлері  Христиан  Қауымы»  ЖДБ  төрағасы  А.М.  заңсыз  әрекеттеріне  шағыммен  Б.С. 
жүгінді.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау