Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет1/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83


 
 
 
 
Қазақстан 
Республикасындағы Адам 
құқықтары жөніндегі 
уәкілдің 2018 жылғы 
қызметі туралы 
ЕСЕП 
 
 
 
 
 
 
НҰР-СҰЛТАН 
2019 
 



 
Кіріспе ....................................................................................................................... 3 
 
1. Түскен өтініштердің жалпы сипаттамасы ........................................................... 7 
2.  ҚР-дағы  АҚУ  өкілеттігін  жүзеге  асыру,  АҚУ-дің  мемлекеттік  органдармен, 
азаматтық қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуі ....... 16 
3. Бостандық және жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы .............................. 25 
4. Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына, сот шешімдерін орындалуына 
құқығы .................................................................................................................... 29 
5. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу құқығы ...................................... 35 
6. Еркін жүріп-тұру, азаматтық алу құқығы ......................................................... 40 
7. Тұрғын-үй және жер құқықтары  ...................................................................... 47 
8. Еңбек құқықтары ................................................................................................ 54 
9. Әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру құқығы  ....................... 60 
10. Денсаулықты қорғау құқығы ........................................................................... 66 
11. Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары ....................................................... 71 
12. Балалар құқықтары ........................................................................................... 78 
13. Діни сенім бостандығы құқығы ....................................................................... 87 
14. Сотталғандардың құқықтары........................................................................... 90 
15. Халықаралық ынтымақтастық ......................................................................... 96 
 
Қорытынды ........................................................................................................... 105 
 
Қосымша ............................................................................................................... 107 
 
1. Үндеу хаттар ..................................................................................................... 107 
2. Ұсыныстар ........................................................................................................ 137 
3. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бойынша  
статистикалық деректер ....................................................................................... 152 
4. АҚУ мекемесінің республика өңірлерімен жұмысы  ..................................... 157 
5. АҚУ және оның мекемесінің қоғамдық іс-шараларға қатысуы .................... 158 
6. АҚУ және оның мекемесінің халықаралық іс-шараларға қатысуы .............. 170 
7. АҚУ және оның мекемесінің БАҚ-қа шығуы ................................................. 175 
8. Сараптау-талдау құжаттары ............................................................................ 182 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
Кіріспе 
 
Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің 
(бұдан  әрі  –  Уәкіл  немесе  Омбудсмен)  2018  жылғы  қызметі  туралы  осы  есеп 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2002  жылғы  19  қыркүйектегі  №  947 
Жарлығымен  бекітілген  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  туралы  Ережелерге 
сәйкес дайындалды. 
Осы  құжат  есептік  жылда  ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  атқарған 
жұмысы,  оның  негізгі  бағыттары,  оның  өз  құзыреттерін  жүзеге  асыруы, 
қарастырылған  шағымдардың  сипаттамасы,  мемлекеттік  органдармен, 
азаматтық  қоғаммен,  халықаралық  серіктестермен  өзара  әркеттесуі  туралы 
жалпыланған ақпаратты қамтиды. 
Есеп  келіп  түскен  өтініштерді  талдау,  жеке  қабылдаулар  мен 
мониторингтік  келулер  барысында  азаматтармен  әңгімелесу,  БАҚ-тан  ақпарат, 
түрлі  құқық  қорғау  алаңдарында  және  іс-шараларда  талқылау,  мемлекеттік 
органдармен  және  үкіметтік  емес  ұйымдармен  өзара  іс-қимыл  жасау  негізінде 
жасалды. Есеп өзекті құқық қорғау мәселелері бойынша тарауларға бөлінді.  
Елбасының  есептік  жылдың  басындағы  «Төртінші  өнеркәсіптік 
революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  адами  капиталды  мемлекетті  жаңғыртудың  негізі  ретінде 
анықтап,  құқықтың  ұлықтылығын  қамтамасыз  етуге  бағдарды  жалғастырып, 
қазақстандықтардың  азаматтық  және  әлеуметтік  құқықтарын  дамытуға  жаңа 
серпін берді. 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  қызметі  есептік  жылда  Елбасының 
жолдауларында және басқа бағдарламалық құжаттарда анықталған міндеттерін 
жүзеге  асыруға,  мемлекеттің  орнықты  дамуына  жәрдемдесуге  басым 
бағытталды. 
Билік  тармақтарының  тиімді  теңгерімін  орнатқан  конституциялық 
реформа  ұлттық құқық қорғау  мекемесінің  Қазақстанның құқықтық жүйесінде 
нығайған  рөлі  мен  орнын  растауға  мүмкіндік  берді,  орталық  және  жергілікті 
мемлекеттік  органдармен  анағұрлым  тығыз  әрі  тең  құқылы  өзара  әрекеттесу 
мүмкіндігін ұсынды. 
Есептік  жылы  бойында  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  1811  азамат 
олардың құқықтарының бұзылғанына шағымданды.Шағымдардың басым бөлігі 
Астана  және  Алматы  қалаларынан,  Ақмола,  Қарағанды,  Қостанай 
облыстарынан түсті. 
Мемлекеттік,  соның  ішінде  құқық  қорғау  органдарының  (28%) 
лауазымдық  тұлғаларының  іс-әрекетіне  шағымдар; сот шешімдерімен келіспеу 
(26%); әлеуметтік құқықтардың бұзылуы (17,5%) әдеттегідей басым болды. 
Омбудсмен мекемесінің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында және 
әлеуметтік  желілерде  максималды  ашық жариялау  есептік  кезеңнің  ерекшелігі 
болды. 
Есептік  жылы  Омбудсменнің  жауап  беру  спектрін  анықтаған  анағұрлым 
өзекті  мәселелер  денсаулық  сақтауға,  азаматтардың  әлеуметтік  тұрғыдан  осал 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау