Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет32/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83

76 
 
органның  оның  құқықтарын  қорғауда  әрекетсіздігіне  шағымы  түсті.  12.12.2005ж.  сот 
шешіміне  сәйкес  В.С.  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылды.  Алматы  қаласы  Жетісу  ауданы 
әкімінің  шешімімен  оның  қамқоршысы  ретінде  оның  шөбере  апасы  Т.С.  болып 
тағайындалды.  
 
Өтініште  Т.А.  қамқоршысы  мен  қамқорлыққа  алынған  тұлғаның  арасында  өзара 
түсіністіктің  болмауы,  мүдделер  таласының  бары  аталды,  өйткені  оның  ұлы  өсиетнама 
бойынша  пәтерге  құқық  бөлігінде  әрекетке  қабілетсіз  В.С.  марқұм  анасының  мұрагері 
болып табылады. 
 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  ҚР  Бас  прокуратурасына  жіберген  сұрауы 
бойынша  Алматы  қаласының  әкімдігі  тексеріс  өткізді,  оның  қорытындысы  бойынша 
18.09.2018ж. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қорғаншы және қамқоршы органы 
бөліміне  әрекетке  қабілетсіз  В.С.  мүддесінде  Т.С.  қамқоршысынан  денсаулық  жағдайына 
байланысты  оны  алмастыру  туралы  өтініштің  түскені  анықталды.  Аталған  әкімдіктің 
10.10.2018ж.шешімімен  әрекетке  қабілетсіз  В.С.  қамқоршысын  белгілеу  туралы  бұрынғы 
шешім күшін жоғалтты деп танылды.   
 
Сондай-ақ, В.С. тұратын үй тұрғындарының ұжымдық шағымына байланысты, ол 
Психикалық денсаулық орталығында стационарлық емделуде болды. Қамқоршыны анықтау 
және  оның  сонда  тұрақты  болуы  үшін  оны  сол  мекемеге  жайғастыру  туралы  мәселе 
қарастырылып жатыр. 
 
Прокуратура  органдары  прокурорлық  әрекет  ету  шараларын  қабылдау  үшін 
негіздемелерді анықтамады. 
 
 
Сарапшылар  қоғамының  пікірі  бойынша,  Қазақстанда  әрекет  ететін 
қорғаншы  және  қамқоршы  институты,  адамды  әрекетке  қабілетсіз  деп  тану 
заңды  процедурасы  қайта  қарастырылу  керек.  Бұл  әлеуметтік-құқықтық 
институт  бастапқыда  денсаулығында  менталдық  бұзушылықтары  бар 
тұлғаларды, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылғаны 
сөзсіз.  Бұл  кезекте,  әрекетке  қабілетсіз  тұлғада  шешімдерді  өз  бетімен 
қабылдау  мүмкіндігінің  болмауы  оның  өмірлік,  мүліктік  құқықтары  мен 
мүдделеріне қарама-қайшы келуі мүмкін.  
Мәлім  болғандай,  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  «әрекетке  қабілетсіз» 
мәртебесі  сот  шешімімен  беріледі  және  тек  сот  шешімімен  ғана  қайта 
қарастырылады.  Алайда,  тәжірибе  көрсеткендей,  психикалық  бұзылу  себебі 
бойынша  тұлға  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған  жағдайда,  оны  жою  туралы 
шешім  сирек  қабылданады.  Әрекетке  қабілетсіз  тұлғаның  мәртебесін  өзгерту 
туралы  өтінішті  жақын  туысқандары,  қамқоршылары,  прокурор,  психикалық 
ұйым  өкілдері  бере  алады.  Жиі  бұл  адамдар  осы  мәселенің  шешім  табуына 
анағұрлым  аз  мүдделі  болады,  ал  әрекетке  қабілетсіз  адамның  өзі  сотқа 
өтінішпен жүгіне алмайды.  
 
БҰҰ  мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтары  туралы  мәселе  жөніндегі 
Арнайы  баяндамашысы  2017  жылы  елімізге  келу  қорытындылары  бойынша 
мүгедектігі  бар  тұлға  ниет  білдірген  жағдайда,  өзінің  әрекетке  қабілетсіздігін 
жүзеге  асырғанда,  қолдауды  пайдалана  алатынын  және  бұл  кезекте  шешім 
қабылдауда  дербестігін  сақтай  алатынын  заңнамалық  тәртіпте  қабылдауға 
кеңес  бергенін  атап  өткен  жөн.  Әрекетке  қабілетсіздікті  толық  мойындау 
Мүгедектердің  құқықтары  туралы  Конвенцияны  жүзеге  асырудың  негізгі 
элементтері болып табылады. 


77 
 
 
Денсаулығында  менталдық бұзушылықтары  бар  тұлғалардың  құқықтары 
мәселелері  бойынша  басқа  өтініштер  психиатриялық  сараптама  өткізуге, 
туысқандармен байланыс орнатуға қатысты болды. 
 
 
Омбудсменге 
Республикалық 
психикалық 
денсаулық 
ғылыми-тәжірибелік 
орталығының  мамандарын  тартумен  тәуелсіз  психиатриялық  сараптаманы  өткізуде 
көмек көрсету туралы Е.Т. өтініші түсті. 
 
Уәкілдің сұрауына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған орталықта 
куәландыруды  өткізу,  сондай-ақ  Е.Т.  ауруханаға  жоспарлы  жатқызуға  жолдаманы  алу  
мақсатында  тұрғылықты  жері  бойынша  психиатр  дәрігерге  жүгініп,  зертханалық 
зерттеуден  өтіп,  Қостанай  облыстық  психиатриялық  аурахананың  диспансерлік  бөліміне 
жүгінуге кеңес берілгені туралы ақпараттандырды. 
 
Сондай-ақ,  аталған  министрлік  Республикалық  психикалық  денсаулық  ғылыми-
тәжірибелік орталығына Е.Т. психиатриялық куәландыруды өткізуге тапсырма берді.  
 
 
 
Омбудсменге Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілпсихикалық 
ауруы  бар  және  әрекетке  қабілетсіз  болып  танылған  С.Л.  мүддесінде  Қазақстанда 
тұратын    оның  туысқандарымен  байланыс  орнатуда  көмек  сұрап  жүгінді.  С.Л.  Ресей 
Федерациясының Иванов облысының психожүйке интернатында тұрды. 
 
Өткізілген жұмыстың нәтижесінде С.Т. анасының қайтыс болғаны, ал оның ағасы, 
екінші  топ  мүгедегі  Г.В.  1998  жылдан  бері  Қарағанды  қаласының  №2  психожүйке 
медициналық-әлеуметтік мекемесінде  тұрып жатқаны анықталды. 
 
Психожүйке 
медициналық-әлеуметтік 
мекемесінің 
әкімшілігіне 
оларға 
ағайындылардың  телефон  арқылы  сөйлесуі  және  хат  алмасуы  үшін  тараптардың 
арасындағы  туысқандық  байланысты  растайтын  құжаттардың  көшірмесін  жіберу 
туралы  өтініш  білдірілді.  Тиісті  хат  Ресей  Федерациясының  құқық  қорғау  мекемесіне  
жолданды. 
 
 
 
Психикалық  бұзушылықтарынан  азап  шеккен  тұлғалардың  айналысында 
терең қалыптасып кеткен  теріс стереотиптермен, соның ішінде олар қандай да 
бір  әрекеттерді  жасауға,  шешім  қабылдауға  немесе  қоғам  дамуына  оң  үлес 
қосуға  қабілетсіз  дегенге  сенушілікпен  қатар,  бұндай  теріс  түсініктер 
стигматизацияның  пайда  болуы  мен  сақталуының  негізгі  себебіне  айналғанын 
атап өткен жөн.  
Бұл  стереотиптер  мен  стигматизация  өмірдің  барлық  салаларында 
байқалады және адамның өзіне деген қарым-қатынасына және оның жеке өзін-
өзі  бағалауына  қатты  әсер  етеді.  Бұл  мән-мәтінде  халық  арасында  ағарту 
жұмысын  өткізу,  психикалық  денсаулықты  қорғауда  қолданылатын 
медициналық,  әлеуметтік  мекемелердің  қызметкерлерін  жүйелі  даярлау  мен 
олардың кәсіби деңгейін арттыру маңызды болып табылады.  
Жалпы алғанда, мүгедектігі бар тұлғаларды қоғамға тиімді интеграциясы 
бойынша  жағдай  жасау,  халықаралық  стандарттарды  ұлттық  заңнамаға  және 
құқық  қолдану  тәжірибесіне  енгізу,  мүгедектігі  бар  адамдарға  қатысты 
стигматизацияны  жою,  мемлекеттік  органдардың,  ұлттық  құқық  қорғау 
институттарының,  азаматтық  қоғамның  конструктивтік  өзара  әрекеттесуі,  бұл 
процестің  барлық  қатысушыларының  олардың  алдында  тұрған  міндеттерінің 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау