Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет41/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83

94 
 
 
Сотталғандардың  құқықтарын  қамтамасыз  ету  санатында  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  сотталғандардың  тұрғылықты  орны  бойынша 
аймақтық  түзеу  мекемесі  бойынша  орналасу  құқықтарының  бұзылуымен 
байланысты шағымдар әлі де түсіп жатыр. 
ҚР  Қылмыстық-атқару  кодексінің  88-бабына  сәйкес  бас  бостандығынан 
айыруға  сотталғандар  оларды  түзеу,  әлеуметтік  тұрғыдан  пайдалы 
байланыстарын  ұстап  тұру,  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  және  олардың  жаңа 
құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті жағдайлар ескеріле 
отырып, мекемеге жіберіледі. 
Соныменқатар,  қамауға  алынғандарға  деген  қарым-қатынасқа  қатысты 
БҰҰ  Минималды  стандартты  қағидаларына  (Мандела  Қағидалары)  сәйкес 
қамауға  алынғандар,  мүмкіндігінше,  олардың  үйлеріне  немесе  әлеуметтік 
оңалту  жеріне  жақын  орналасқан  түрме  мекемелерінде  орналастырылуы  тиіс 
(59-қағида). 
2018  жылдың  бойында  16  өтініш  түсті,  1  өтініш  қанағаттандырылды. 
Ауыстырудан бас тарту негізінен былайша дәйекетелді, а) сотталғанның жүріс-
тұрыс  дәрежесі  талаптарға  сәйкес  келмейді,  б)  жаңа  құқық  бұзушылықты 
жасаудың  алдын  алу  мақсатында,  в)  жазасын  ары  қарай  өтеу  кедергілерінің 
болмауы, г) қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша.  
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сотталған М.А. оның отбасының тұрғылықты 
жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруда көмек көрсету туралы өтінішімен жүгінді.  
Омбудсмен мекемесі  БҰҰ қылмыстың алдын алу және қамауға алынғандарға деген 
қарым-қатынас  жөніндегі  конгресс  1955  жылғы  30  тамызда  қабылданған  қамауға 
алынғандарға  деген  қарым-қатынасқа  қатысты  БҰҰ  Минималды  стандартты 
қағидаларынасәйкес  ауыстыру  мүмкіндігі  туралы  сұрау  салды,  бұнда  пенитенциарлық 
мекеменің  әкімшілігіне  қалаулы  әрі  екі  тараптың  мүддесіне  қызмет  ететін,  қамауға 
алынған  мен  оның  отбасының  арсындағы  байланыстарды  қолдауға  және  нығайтуға 
ерекше назар аудар жөн деп айтылады. 
Алайда,  ІІМ  Қылмыстық-атқару  жүйесі  Комитетінен  түскен  ақпарат  бойынша 
басқа  мекемеге  ауыстыруды  жүзеге  асыру  үшін  сотталған  М.А.  тәртіп  дәрежесінің  ҚР 
ҚАК 88-бабы 4-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмеуі туралы мәлімделді.  
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сотталған  И.Р. оның отбасының тұрғылықты 
жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруда көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. 
Омбудсмен  мекемесі  ІІМ  Қылмыстық-атқару  жүйесі  комитетіне  тиісті  сұрау 
жіберді. 
Аталмыш  мекемеден  түскен  ақпаратқа  сәйкес  сотталған  И.Р.  Жамбыл  облысы 
бойынша  ҚАЖД  ЖД-158/4  Мекемесіне  оның  отбасының  тұрғылықты  жері  бойынша 
ауыстырылғаны мәлім болды. 
 
Соңғы жылдары ҰПТ өткізіп жатқан шаралары нәтижесінде қылмыстық-
атқару жүйесі саласында сотталғандарды күтіп-бағу жағдайлары және олардың 
жаза өтеу тәртібі едәуір жақсарды. 
Бұл мән-мәтінде ҰПТ нақты рөлін атап өткен жөн.  


95 
 
Қазақстанда  ҰПТ  әрекет  ету  кезеңінде  азаматтық  қоғам  өкілдерінің 
превентивтік  келуін  өткізуде  нақты  тәжірибе  қалыптасты.  5  жылда  2518 
превентивтік  келу  өткізілді,  соның  ішінде  арнайы  (жоспардан  тыс)  келу  –  99, 
соның ішінде пенитенциарлық мекемелерге – 598. 
 
 
Еуропалық Одақ пен Қазақстандағы Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасы 
шеңберінде Омбудсмен мекемесі ұйымдастырған «Пенитенциарлық мекемелердің 
мониторингі» тақырыбына тренинг 
 
Жүйелі  негізде  қадағалау  тәртібінде  қажетті  шараларды  қабылдау 
мақсатында 
ҚР 
Бас 
прокуратурасына 
мониторинг 
объектілеріне 
өткізілгентексерістердің нәтижелері жіберіледі.  
 
Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Шығыс 
Қазақстан  облысы  бойынша  ҚАЖД  ОВ-156/6  Мекемесінде  күтіп-бағылатын  сотталған 
ұлы  М.И.  мүддесінде  мекеме  қызметкерлерінің  заңсыз  әрекеттеріне,  күтіп-бағу 
жағдайларына  және  қажетті  медициналық  көмектің  көрсетілмеуіне  шағыммен  Р.Б. 
өтініші түсті.  
Омбудсмен  мекемесінің  сұрауы  бойынша  Шығыс  Қазақстан  облысының 
прокуратурасы мекемеде Р.Б. өтінішінде жазылған тыйым салынған заттарды анықтау 
фактісі  бойынша  ШҚО  бойынша  ҚАЖД-не  заң  бұзушылықтарды  жою  туралы  ұсыныс 
енгізілді  деп  мәлімдеді,  соның  нәтижесінде  5  лауазымдық  тұлға  әртүрлі  тәртіптік 
жауапкершілік шараларына тартылды. 
Тәртіптік  изоляторда  төмен  температуралық  режим  фактісі  бойынша  аудан 
прокуратурасы  мекеме  басшысына  заң  бұзушылықтарын  жою  туралы  ұсыныс  енгізді, 
соның  нәтижесінде  жылытқыштар  қосымша  орнатылды,  терезе  жиектемелеріне 
жөндеу жасалды, бөлмелер әктелді және т.б., бұл кезекте, сондай-ақ 2 лауазымдық тұлға 
тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  


96 
 
 
Мемлекет  түрме  халқын  азайту  бойынша  қабылдап  жатқан  шараларға 
қарамастан,  бас  бостандығынан  айыру  әлі  де  қылмыстық  жазаның  негізгі  түрі 
болып  қалып  отыр.  Бас  бостандығынан  айырылған  тұлғалар  қоғамның 
ажырамас  бөлігі  болып  табылатыны  көпшілікке  мәлім,  олар  заңнамамен 
бекітілген  және  бас  бостандығынан  айыру  фактісімен  шартталған 
шектеулерден басқа, іргелі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана беруі тиіс. 
Осыған  байланысты  толыққанды  азаматтың  және  жеке  тұлғаның  бас 
бостандығынанайыратын  орындардан  қоғамға  қайту  көбіне  пенитенциарлық 
мекеме  қызметкерлерінің  сотталғандардың  құқықтары  мен  бостандықтарының 
жүзеге асырылуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне, оларға деген адамгершілік 
қарым-қатынасына,  әлеуметтік  оңалту  және  бостандыққа  шыққаннан  кейінгі 
өмірге  бейімдеуге  бағытталған  түрмені  басқарудың  заманауи  және  ілгерінді 
жүйесін енгізуге тәуелді болады. 
 
15. Халықаралық ынтымақтастық 
 
Есептік  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесінің 
халықаралық серіктестермен ынтымақтастығы едәуір артты.  
Ең алдымен, ұзақ мерзімді жобалар бойынша өзара әрекеттесу, сондай-ақ 
жүйелі диалогтық алаңдар ерекше динамикаға ие болды.  
Осылайша,  2018  жыл  Омбудсменнің  ұлттық  құқық  қорғау  мекемесі 
негізгі  серіктестерінің  бірі  ЮНИСЕФ  Қазақстандағы  Өкілі  Юрий 
Оксамитныймен кездесуінен басталды. Кездесу барысында тараптар «Оңтүстік 
Шығыс,  Оңтүстік  және  Орталық  Азияда  көші-қон  процестерінде  балаларды 
қорғау» атты үш жылдық еларалық бағдарламасы шеңберінде бірлескен жұмыс 
туралы келісті, оның мақсаты көші-қон процестеріне ұшыраған балаларға жан-
жақты қолдау көрсету болып табылады.  
Қол  жеткізілген  келісімдерді  дамытуда  Омбудсмен  бұл  жобаны 
талқылауды  өңірлік  ынтымақтастық  деңгейіндегі  күн  тәртібіне  шығарды. 
Осылайша, 2018 жылғы ақпанның ортасында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл 
Женева  қаласына  (Швейцария)  Ұлттық құқық қорғау  мекемелерінің жаһандық 
альянсының  жыл  сайынғы  кездесуіне  қатысу  үшін  жұмыс  іссапарымен  барды. 
Орталық  Азия  елдері  омбудсмен  институттарының  ынтымақтастығы 
мәселелеріне  арналған  жеке  панельдік  пікірталаста  қазақстандық  тарап 
әріптестеріне  кезекті  өңірлік  кездесу  шеңберінде  көші-қон  процестерінде 
балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауды ұсынды. Бұл тақырып 
бойынша конференцияны өткізу 2019 жылдың соңына жоспарланды.   
Мәлімделген  еларалық  бағдарламаны  жүзеге  асыру  бойынша  бірінші 
қадамдар  есептік  жылдың  басында-ақ  қабылданды.  Осылайша,  балалардың 
құқықтарын  қорғау  тетіктерін  күшейту  бағыты  бойынша  Адам  құқықтары 
жөніндегі Уәкілдің мекемесі ЮНИСЕФ Қазақстандағы Өкілімен бірге  Алматы 
қаласының  және  Алматы  облысының  институционалдық  мекемелеріне 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау