74
Омбудсменге Степногорск қалалық емхана қызметкерлерінің әрекетіне, медициналық
көмектің тиісінше көрсетілмеуіне, қызмет этикасы нормаларының бұзылуына шағыммен
екінші топ мүгедегі А.Г. өтініші түсті.
Омбудсмен мекемесінің сұрауы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрды, бұл комиссия
Степногорск қалалық ауруханаға, Степногорск қалалық емханаға барды.
Комиссия келуі барысында А.Г. жабылған еңбекке жарамсыз парағымен
медициналық-әлеуметтік сараптамаға мерзімнен бұрын жіберілгені анықталды, бұл 2015
жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрыққа қарама-қайшы келеді. Сондай-ақ медициналық
құжаттаманы рәсімдеуде бірқатар кемшіліктер анықталды.
Оңалту іс-шараларын ұсыну бойынша өткізілген тексерістің қорытындылары
бойынша комиссия тиісті ұсыныстарды берді, сондай-ақ бас дәрігердің 07.09.2018ж.
бұйрығымен жекелеген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылды.
Үкіметтік емес ұйымдардың мәлімдеуінше, медициналық ұйымдарда
мүгедектіктің себебі болып табылатын негізгі ауруға жиі назар аударылады,
бұл кезекте, денсаулықтың басқа аспектілері маңызды деп қаралмайды.
Мүгедектігі бар тұлғалар халықты толық скрининг-зерттеу тізімдеріне
кірмейді, оларды медициналық қызметтер, тегін берілетін дәрілік заттардың
тізімі туралы ақпараттандыру бойынша тиісінше жұмыс өткізілмейді.
Жоғарыда аталған диалогтық алаң барысында қарастырылған мүгедектігі
бар әйелдердің репродуктивтік денсаулығы мәселесіне жеке назар аудару керек.
Азаматтық қоғам өкілдері медициналық ұйымдарды мүгедектіктің әртүрлі
нысандарымен әйелдерге бейімделген құрал-жабдықтармен жабдықтау,
олардың ЭКҰ-ға қолжетімділігіне жағдай жасау, репродуктивтік денсаулық
саласындағы ақпаратпен қолжетімді форматта қамтамасыз ету, мүгедектігі бар
әйелдердің жүктілігін жүргізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеумен
зерттеулер өткізу қажеттілігін атады. Бұл ұсыныстарды ұлттық құқық қорғау
мекемесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдады.
Көлік инфрақұрылымының объектілеріне қолжетімділік мәселесі өзекті
болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өз өтініштерінде
қоғамдық көлік жүргізушілерінің арбамен жүретін мүгедектігі бар тұлғаларды
мінгізуге және түсіруге арналған қайырмалы құрылғаларды ұсынудан бас
тартуы, аялдамалардың қолжетімсіздігі, автобус жүргізушілерінің этика
нормаларын сақтамауы, оларда бұл бағытта білімінің болмауы туралы жиі
мәлімдейді. Мүгедектігі бар адамдардың астана қоғамдық көлігінде
құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне Омбудсмен жолақысын электрондық
төлеу жүйесінің енгізілуіне байланысты ұлттық құқық қорғау мекемесінің
қызметкерлері қоғамдық көлік жұмысына өткізген мониторинг нәтижелері
бойынша астана қаласының әкіміне жолдаған хатында назар аударғанын атап
өткен жөн. Бұл хат осы есептің қосымшасында жарияланды.
Мүгедектігі
бар
тұлғалардың
қоғамға
тиімді
интеграциясына
жәрдемдесетін шаралар жүйесінде оңалтудың техникалық құралдары маңызды
орын алады. Алайда, олардың уақтылы ұсынылмауына байланысты
отандастарымыздың бұл санатын қоғамға интеграциялау процесін қиындатады.
75
Омбудсменге өндірісте еңбек жарақатын алған А.Т. мүддесінде А.Г. өтініші түсті,
сол жарақаттың нәтижесінде А.Т. екі аяғынан айрылды.
Өтінішінде өтініш беруші оның әкесі мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында
қарастырылған әлеуметтік қызметтіңкөрсетілмейтінін, соның ішінде серуендеу арба-
креслосының берілмеуін мәлімдеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитеті Уәкіл мекемесінің сұрауы бойынша өткізген тексерістің
нәтижелері бойыншаА.Т. 06.04.2018ж. өтініші негізінде оны серуендеу арба-кресломен
қамтамасыз етпеу бөлігінде жұмысберушінің «Қазақстан Республикасыгда мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы 22-бабы 2-тармағының талаптарын бұзғаны
анықталды.
Жұмысберушіге заңнаманы бұзғанын жою және мүгедектігі бар тұлғаны оңалтудың
жеке бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету туралы ескерту берілді.
Аяғынан айрылған М.Б. арба-кресло беруден бас тарту туралы интернет-
ресурстарда жарияланған ақпаратқа байланысты ұлттық құқық қорғау мекемесі ҚР Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігіне сұрау жіберді.
Жоғарыда аталған министрліктің ақпаратына сәйкес 15.09.2017ж. М.Б. бала
жасынан мүгедек себебі бойынша бір жылға бірінші топ мүгедектігі анықталды. 2018
жылғы 2 ақпанда оның оң аяғына ампутация жасалды,2018 жылғы 12 наурызда
медициналық ұйымның жолдаухатымен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы оң
аяқты протездеуге түзетпеленді.
Сондай-ақ министрлік қолданыстағы Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу
қағидаларына сәйкес М.Б. ауруы мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
үшін медициналық көрсеткіштер тізіміне кірмейтінін мәлімдеді.
Бұл мәселеде көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қорғау саласындағы аймақтық
департамент «Дос» тәуелсіз өмір» ҚБ-не жүгінді, ол оң аяғына протездеу жасалғанға
дейін М.Б. арба-креслоны уақытша пайдалануға беруге келісті.
Сондай-ақ уәкілетті орган М.Б. протез алу үшін Петропавловск қаласына
протездеуге жоспарлы түрде жіберілетіні туралы ақпараттандырды.
Омбудсмен поштасында саны көп, бұл кезекте анағұрлым өзекті
өтініштердің тобы диспансерлік және профилактикалық бақылаудан алу,
қамқоршысын ауыстыру, мүліктік құқықтардың бұзылуы, қорғаншы және
қамқоршы органдардың тарапынан тиісті деңгейде бақылаудың болмауы,
психиатриялық мекемелерде күтім жасау жағдайларымен, бөлмелердің
негіздерімен
келіспеу
мәселелерібойынша
денсаулығында
менталдық
бұзушылықтары бар тұлғалардың құқықтарына қатысты өтініштер болып
табылады.
Жекелеген жағдайларда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар
және әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын бұзу қамқоршылар,
сондай-ақ
ауруханаға
жатқызылған
әрекетке
қабілетсіз
тұлғалар
қамқоршыларының функциясын жиі орындайтын психиатриялық мекемелердің
тарапынан олардың жылжымайтын мүлкін немесе басқа мүлкін тартып алу
мақсатында асыра пайдаланумен сүйемелденетінін атап өткен жөн.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әрекетке қабілетсіз тұлға В.С. мүддесінде
Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты К.К. қорғаншы және қамқоршы
Достарыңызбен бөлісу: |