Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі


 Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет30/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83

71 
 
11. Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары 
 
Мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтарын  тұтастай  қорғау,  олардың 
мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру  үшін  жағдай  жасау  әлеуметтік  тұрғыдан 
бағдарланған  мемлекеттің  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.БҰҰ 
мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын еліміздің бекітуі оны қолдану 
бойынша  атқарылатын  жұмыс  біздің  отандастарымыздың  бұл  тобын  қоғамға 
интеграциялау,  оларға  қолжетімді  ортаны  құру,  өмір  қызметінің  барлық 
салаларына белсенді қатыстыру бойынша қабылданатын шараларға едәуір әсер 
етті. 
 
2018  жылғы  1  қаңтардан  бастап  күнкөріс  минимумы  мөлшері 
құрылымының өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері 
16  %  дейін  артты.  Елбасының  тапсырмасымен  2018  жылғы  1  шілдеден  бастап 
балалық  шақтан  бірінші  топ  мүгедектігі  бар  кәмелетке  толмаған  тұлғаларға 
күтім жасайтын тұлғалар үшін жаңа жәрдемақы енгізілді. 
 
Ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғаларды  кешенді  қолдау  мақсатында  2012 
жылдан  бері  елімізде  Мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  өмір 
сүру  сапасын  арттыру  бойынша  іс-шаралар  жоспары  кезең-кезеңімен  жүзеге 
асырылып  жатыр.Бөлінген  қаражат  шеңберінде  «Инватакси»  15  қызметі 
құрылды, 
заманауи 
гаджеттерді 
ескерумен 
оңалтудың 
техникалық 
құралдарының тізімі кеңейтілді, 26 өңірлік телеарнада көрсетілетін жаңалықтар 
телебағдарламаларының 
көрсетілімі 
сурдоаударыммен 
сүйемелдеумен 
қамтамасыз  етілді,  жол  белгілері  мен  жол  көрсеткіштері  орнатылды, 
мүгедектігі бар тұлғаларға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан 
жерлерде  дыбыстық  құрылғылармен  жаяу  жүргінші  жолдары  жабдықталды 
және т.б.
11

 
2018  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  мекемесі  Еңбек  және 
халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігімен  бірлесіп,  мүгедектігі  бар 
тұлғалардың  құқықтарын  қамтамасыз  етудің  өзекті  мәселелері  бойынша 
Диалогтық  алаңды  өткізді,  оның  жұмысына  мемлекеттік  органдар  және 
азаматтық қоғам өкілдері қатысты. 
                                                             
11
 http://www.enbek.gov.kz 


72 
 
 
 
Омбудсмен мекемесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 
ұйымдастырған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті 
мәселелері бойынша диалогтық алаң 
 
Мәлім  болғандай,  бұған  дейін  Омбудсмен  Үкіметтің  назарын  елімізде 
өткізіліп  жатқан  қоғамдық  және  көлік  инфрақұрылымының  объектілерін 
бейімдеу, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың жекеменшік әуе 
компаниялар  әуе  көлігінің  қызметтерін  пайдалануға  қолжетімділігін 
қамтамасыз  ету,  оларды  жұмыспен  қамту  бойынша  қабылданып  жатқан 
шаралардың  тиімділігі,  мүгедектігі  бар  сотталған  тұлғалардың  құқықтарын 
қамтамасыз  ету  мәселелеріне  аударды.Нәтижелер  бойынша  Еңбек  және 
халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен 
бірлесіп, алынған ұсыныстардың нақты талдауын берді. 
  Жоғарыда  аталған  диалогтық  алаң  шеңберінде  пысықталған  шешімдер 
ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалардың  әуе  көлігіне,  инфрақұрылым 
объектілеріне  және  т.б.  қолжетімділігін  реттейтін  нормативтік-құқықтық 
актілерде көрініс тапқанын атап өткен жөн. 
 
Атап  айтқанда,  Инвестициялар  және  даму  министрлігі  қолданыстағы 
Жолаушыларды,  багажды  және  жүктерді  әуе  көлігімен  тасымалдау 
қағидаларын  мүгедек  арбасында  жүретін  мүмкіндігі  шектеулі  жолаушыға 
күтімді  қамтамасыз  ететін  алып  жүруші  тұлғаны  талап  ету  бойынша 
нормаларды  жою  бөлігінде  жетілдірді,  алып  жүруші  бойынша  талап  тек 
зембілмен  тасымалданатын  жолаушыларға  ғана  жатқызылды.Сондай-ақ 
жолаушының  (с.і.  мүгедектігі  бар  жолаушының)  ұшу  кезінде  мүмкін  болатын 


73 
 
денсаулыққа зиян келтіру немесе өлім үшін жауапкершілікті өзіне алуы туралы 
құжаттарға қол қоюын қарастыратын нормаға толықтыру енгізілді. 
 
Жоғарыда аталған мекеме сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық 
әуежайларына және жүйелі жолаушылық сапарлардыорындайтын қазақстандық 
әуе компанияларға енгізілген өзгерістермен таныстыру және әуежайлар мен әуе 
компаниялардың қызметкерлерін ескерту үшін ескертпелер жолдады.  
 
2018 
жылы 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
сайлау 
туралы» 
Конституциялық заңда мүгедектігі бар  адамдардың сайлау құқықтарын жүзеге 
асыруға,  сайлау  бөлмелерінде  жағдай  жасауға  қатысты  және  т.б.  нормаларды 
бекіту  мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтары  саласында  тағы  бір  маңызды 
оқиға болды.Бұл жағдайда ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жұмыс 
тобының  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалардың  сайлау  құқықтарын 
қамтамасыз  ету  бойынша  қызметі маңызды  болып  табылады,  оның жұмысына 
сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі де қатысты. 
 
Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру 
сапасын  жақсарту  жөнінде  2019-2023  жылдарға  арналған  әзірленіп  жатқан 
Ұлттық  жоспар  шеңберінде  Омбудсмен  мекемесі  бейінді  министрлікке 
инфрақұрылым  объектілеріне,  тұрғын-үй  бөлмелеріне,  көлікке  қолжетімділігін 
қамтамасыз  ету,  инклюзивтік  білім  беруді  дамыту,  сондай-ақ  денсаулығында 
менталдық  бұзушылықтары  бар  тұлғалардың  құқықтарын  қамтамасыз  етумен 
жағдайды  жетілдіру  бойынша  жұмысты  жалғастыру  қажеттілігіне  қатысты 
ұсыныстарды жолдады. 
 
Есептік  жылы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  тұрғын-үй,  мүліктік 
құқықтарды  жүзеге  асыруға,  медициналық  көмекті  тиісті  деңгейде  көрсетуге, 
мүгедектік тобынан шығарумен келіспеуге, арнайы әлеуметтік қызметтерді, заң 
көмегін  ұсынуға  қатысты  мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтары  мәселелері 
бойынша 2,8% өтініш түсті. 
 
Басым  өтініштер  медициналық-әлеуметтік  сараптама  қызметімен 
байланысты  болды,  бұнда  азаматтар  бұл  сараптаманы  өткізгенде  олардың 
денсаулық  жағдайының  объективтік  нашарлауына  шағымдарының,  оңалту 
қызметтеріне  қажеттіліктерінің  ескерілмегенін  атады.  Халықты  әлеуметтік 
қорғау  уәкілетті  орган  өткізген  тексерістердің  қорытындылары  бойынша 
бұзушылықтар анықталмады.  
 
Мүгедектікті  анықтаудың  электрондық  форматқа  өтуі  бойынша  елімізде 
өткізіліп 
жатқан 
жұмыс 
бұл 
бағытта 
қабылданатын 
шешімдердің 
объективтілігіне  және  ашықтығына  жәрдемдеседі  деп  ойлаймыз.Өткен  жылы 
еліміздің  4  өңірінде  мүгедектікті  және  жұмысқа  жарамдылықты  жоғалту 
дәрежесін  автоматтандырылған  режимде  анықтау  мемлекеттік  қызмет  көрсету 
бойынша  пилоттық  жоба  апробациядан  өтті.  Жаппай  өту  2019  жылы  жүзеге 
асырылады. 
 
Өтініштердің  басқа  тобында  мүгедектігі  бар  тұлғалар  денсаулықты 
қорғауына құқығын жүзеге асыру мәселесін көтерді.  
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау