Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет29/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83

69 
 
болмағандықтан,  Үкімет  алдында  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау 
жүйесі  туралы»  ҚР  Кодексіне  сәйкес  жоғарыда  аталған  міндет  жүктелген 
жергілікті атқарушы органдардың рөлін максималды нақтылауға бастамашылық 
ету ұсынылды. 
Бұл  мәселе  бойынша  Бас  прокуратураға  қадағалау  тәртібімен  тиісті 
тексерістерді өткізу туралы өтініш жолданды. 
Өз  кезегінде,  «Қазақстанныңгемофилиямен  ауыратын  мүгедектер 
қауымдастығы»  ҚБ  Президентінің  сөзі  де  Омбудсменді  абыржытты.Үндеуде 
Батыс  Қазақстан,  Атырау,  Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстарынан  гемофилиямен  ауыратындардан  өмір  үшін  маңызды  дәрілік 
заттарды алмау туралы шағымдар түсітетіні мәлімделді.  
Қарастырылып жатқан тақырыпты зерттеп қарау анағұрлым кең аспектіде 
күрделі  жүйелік  мәселелердің  барын  анықтады,  бұл  2018  жылғы  13  маусымда 
Алматы  қаласында  өткен  денсаулық  сақтау  саласындағы  үкіметтік  емес 
ұйымдардың  баспасөз-конференциясының  қорытындыларымен  дәлелденді, 
оған Омбудсмен кеңсесінің қызметкері қатысты.  
Қалыптасқан  жағдайды  талдағаннан  кейін  Уәкіл  азаматтардан,  соның 
ішінде  гемофилиямен  ауыратындардан  мемлекет  кепілдік  берген  тегін 
медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттармен жеткіліксіз әрі уақтылы емес 
қамсыздандыруға  шағымдардың  түсуі  жалғаса  бергендіктен,  ҚР  Үкіметіне  хат 
жолдады.  Хатта  терапевт  дәрігерлерде  бұл  салада  жеткілікті  білімінің  және 
біліктілігінің болмауы сырқаттардың бұл санатын кәсіби емес емдеуін, сондай-
ақ  дәрілік  заттарға  қажеттіліктің  қате  қалыптастырылуын  жоққа  шығармайды 
деп аталды. 
Баяндалған  мән-мәтінде  Үкіметтің  назары  ауруды,  соның  ішінде  ерте 
кезеңде  анықтауды,  емдеуді,  алдын  алуын  және  пациенттерді  оңалтуды  жүзеге 
асыратын  республикалық  мамандандырылған  мекемені  құру,  сондай-ақ 
гемофилиямен  ауыратындарға,  олардың  дәрілік  заттарға,  стационарлық  және 
амбулаторлық 
емге 
деген 
объективтік 
қажеттілігіне 
бірыңғай 
орталықтандырылған есеп жүргізу қажеттілігіне аударылды. 
2018  жылғы  1  қаңтардан  бастап  Қазақстанда  қазақстандықтарға  тегін 
медициналық  көмектің  кепілдендірілген  көлемі  мен  міндетті  әлеуметтік 
медициналық  сақтандыру  шеңберінде  амбулаторлық  деңгейде  аурулардың 
нақты  түрлері  бойынша  берілетін  дәрілік  заттардың  жаңартылған  тізімі  әрекет 
ете  бастағанын  жеке  атап  өткен  жөн.  Тиімділігі  дәлелденбеген  және 
клиникалық  тәжірибеде  пайдаланылмайтын  барлық  дәрілік  заттар  жаңа 
тізімнен  шығарылды,  ал  солардың  орнына  анағұрлым  тиімді  дәрілік  заттар 
қосылды
8
.  
«Пайда – экономикалық әсер» оң арақатынасына қол жеткізу мақсатында 
бейінді  орган  өткізіп  жатқан  шараларға  қарамастан,  әлеуетті  пациенттер 
жаңалықты  сыни  тұрғыдан  және  күйзеліспен  қабылдады,  бұл  БАҚ-тағы 
жариялымдармен,  сондай-ақ  ұлттық  құқық  қорғау  мекемесіне  түскен 
шағымдармен дәлелденеді. 
                                                             
8
http://www.time.kz «Тізімде жоқ», 10.04.2018ж. 


70 
 
Денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғам мен пациенттің арасындағы өзара 
қарым-қатынастармен байланысты мәселелерге жеке назар аударған жөн. 
Қазақстанда  кәсіби  медициналық  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде 
медицина  қызметкерлері  жүріс-тұрысының  этикалық  нормалары  мен 
қағидаттарының  жиынтығы  Медицина  және  фармация  қызметкерлерінің  ар-
намыс  кодексімен  анықталады  («Халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау 
жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 184-бабы). 
Осылайша,  жоғарыда  аталған  ар-намыс  кодексіне  сәйкес  медицина 
қызметкерлері  пациенттерге  қатысты  адамның  құқықтарын,  ар-намысын  және 
абыройын  жасына,  жынысына,  ұлтына,  діни  сеніміне,  азаматтығына,  шыққан 
тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жай-күйіне  немесе  өзге  басқа 
жағдайдарға қарамастан құрметтеуі тиіс.  
Сонымен  бірге,  есептік  жылы  медицина  қызметкерлері  кәсіби  қызмет 
шегінен  шығатын  әрекетпен  қатар,  дәрігер  жоғары  атағының  беделін  түсіретін 
әрекетті жасаған жағдайлар да болды.   
Астана  қаласының  Орталық  теміржол  ауруханасында  дәрігер  мас  күйіндегі 
пациентті  аяғымен тепті
.  Бұл  оқиғадан  кейін  дәрігер  медициналық  этиканы  бұзғаны  үшін 
жұмыстан босатылды
, сонымен қатар оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
9

 
Өз кезегінде, сондай-ақ қарама-қарсы жағдайлар да болды. Пациенттердің 
медицина  қызметкерлеріне  бас  салуы  фактілері  де  орын  алды.  Бұндай 
жағдайларда  шабуылдар  алкогольмен  мастану  немесе  қабілетсіз  халде  жиі 
болып жатады.  
Ақтөбе  қаласының  бір  емхана  дәрігеріне  оның  кабинетінде  пациент  пышақпен  бас 
салды. Жәбірленушіге құрсақ қуысында пышақпен түсірілген жараның болуына байланысты 
х
ирургиялық мини-операция жасалды
10
.  
 
Осылайша,  денсаулықты  қорғау,  медициналық  көмек  және  дәрі-
дәрмекпен 
қамсыздандыру 
құқықтары 
бұзылуының 
қарастырылатын 
фактілерін  талдау  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  органға  халыққа 
көрсетілетін  медициналық  көмектің,  соның  ішінде  диагностикалық,  емдеу-
алдын  алу  қызметтерінің  сапасын  бақылауды  күшейту,  дәрі-дәрмектермен 
қамсыздандыруды 
қадағалау 
тетіктерін 
арттыру 
және 
медицина 
қызметкерлерінің  кәсіпқойлығын  арттыру  мен  медициналық  ғылым  мен 
техниканы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін дәлелдейді.  
 
                                                             
9
https://bnews.kz «Астанада пациентті ұрған дәрігер жұмыстан босатылды», 03.10.2018ж. 
10
http://www.diapazon.kz «Отбасы емханасының» дәрігерін жұмыс орнында пышақпен ұрды», 08.06.2018ж. 
 
 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау