67
Көп жағдайда медицина қызметкерлерінің тиісінше жасалмаған
әрекеттері немесе олардың біліктілігінің төмен деңгейі пациенттің
денсаулығына едәуір зиян келтіріп қана қоймай, өліміне де алып келеді.
Мысалы, есептік жылы босанғандардың өлімімен аяқталған жағдайлар
қоғамдық резонанс тудырды. Үш айда есептік жылы Астана қаласының
перинаталдық орталықтарында бес әйел қайтыс болды. Арнайы комиссияның
тергеу нәтижелері бойынша бірінші перинаталдық орталықтың бас дәрігері
лауазымынан босатылды. Бұл кезекте, тергеу барысындаперинаталдық
орталықтардың қызметінде бірқатар мәселелік сұрақтар анықталды: жұмыс
сапасын төмен бақылау, медициналық құрал-жабдықтармен жеткіліксіз
жабдықталу, кадрлардың жетіспеушілігі және персонал біліктілігін арттыру
қажеттілігі
7
.
Денсаулықты қорғау және медициналық көмекке құқықтардың бұзылуы
туралы
өтініштердің
едәуір
тобын
пенитенциарлық
мекемелерден
сотталғандардан және олардың туысқандарынан түскен өтініштер құрайды. Жиі
өз өтініштерінде сотталған тұлғалар түзеу мекемелерінің медициналық-
санитарлық бөлімінің әкімшілігі мен басшыларының әрекетіне көңілдерінің
толмауын білдіреді, бұл оларға қажетті дәрі-дәрмектерді бермеу немесе ауруды
анықтау және тиісінше емдеу үшін бейінді мамандардың болмауымен
түсіндіріледі.
Уәкілге сотталған Р.Р. түзеу мекемесі шегінде білікті медициналық көмектің
көрсетілмегеніне шағыммен өтініші түсті.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың (Уәкіл аппараты) уәкілетті
мемлекеттік органдарына жіберген сұрауынан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының жағдайында Р.Р. оң көзінің протезі
алмастырылды және жоғарыда аталған институтта сол көзін зерттеп қарауға кезекті
келуі жоспарланды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі туралы есептерінде алдыңғы
жылдарда түзеу мекемелерінде медициналық қамсыздандыру мәселесі бірнеше
рет айқындалғанын атап өткен жөн және ұзақ жылдар бойы медициналық
қызметті пенитенциарлық жүйеден азаматтық денсаулық сақтау саласына
шығару қажеттілігі мәселесі қоғамда және кәсіптік ортада әлі де пікірталас
тақырыбы болып қалып отыр.
Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 7
желтоқсанда парламент мәжілістерінде баяндама жасауы өте маңызды болды.
Мекеме басшысы Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту
7
http://today.kz «Астана қаласындағы босану үйлеріндегі бес өлім: денсаулық сақтау басқармасының басшысы
кінәлі адамдарды атады»
68
шеңберінде сотталған тұлғаларды медициналық қамсыздандыру мәселелері ҚР
Денсаулық сақтау министрлігіне берілетінін айтты.
Жалпы алғанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты
қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми деректері бойынша Комитетке
және оның аймақтық департаменттеріне медициналық қызметтерге шағыммен
4512 өтініш түсті, солардың ішінде 501-і негізделген шағым болды.
Өтініштер негізінде 2026 денсаулық сақтау субъектісі, солардың ішінде:
1588 мемлекеттік медициналық ұйым; 438 жеке меншік медициналық ұйым
тексерілді.
2018 жылы Комитет аймақтық департаменттері медициналық қызметті
бақылау бөлімдерінің мамандары 11301,9 мың теңге жалпы сомасына 664
медицина қызметкеріне қатысты әкімшілік жаза шараларын қолданды.
7810 медицина қызметкеріне біліктілік санатын тағайындау туралы
куәлікті беруден бас тартылды, 32 медицина қызметкерінен біліктілік санатын
тағайындау туралы куәліктер қайтарып алынды.
Тексерістердің нәтижелері бойынша 2018 жылы 394 материал құқық
қорғау органдарына жіберілді.
Есептік жылы дәрі-дәрмектермен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуіне
байланысты шағымдардың саны артты. Атап айтқанда, азаматтардың
шағымдары емханаларда және дәріханаларда медициналық дәрі-дәрмектердің
болмауымен байланысты болды, бұл, ең алдымен, дәрі-дәрмектерді өңірлерге
уақтылы жеткізбеу салдарынан болды.
Уәкілге Ақмола облысының Балкашино ауылында тұратын П.В. өтініші түсті.
Өтініштің мазмұнынан өтініш берушіге дәрігер жазып берген дәрілік заттардың болмауы
себебінен оның ұзақ уақыт бойы емнің толық курсын ала алмағаны белгілі болды.
Жергілікті атқарушы органдарға шағымдар мәселенің оң шешіміне алып келмеді.
Біздің сұраудан кейін уәкілетті орган 2018 жылдан бері медициналық сақтандыру
жүйесін енгізумен байланысты дәрілік заттарға медициналық ұйымдар ғана тапсырыс
береді, дәрілік заттарды сату мен жеткізуді «СК Фармация» ЖШС іске асырады деген
ақпаратты берді.
Өтініш беруші атаған дәрілік заттарға («Беродуал», «Эйртек 25/50», «Эйртек
25/125», «Эйртек 25/250» (Серетид) дәрі-дәрмектері) Сандықтау орталық аудандық
аурухана ағымдық жылға тапсырыс берді. «Мукекс» дәрі-дәрмегі Дәрілік заттардың тегін
тізімінде жоқ, «Даксас» және «Спирива» дәрі-дәрмектеріне жоғарыда аталған аурухана
шектелген қаржыландыру себебінен тапсырыс бермеді. Алайда, жоғарыда аталғанбарлық
дәрі-дәрмектерге(«Мукекс» басқа) «СК Фармация» ЖШС жеткілікті көлемде ағымдық
жылдың аяғына дейін барлық мұқтаж сырқаттар үшін қосымша тапсырыс берілді.
Жеткізу мерзімдері маусым айы деп анықталды.
2017 жылғы қарашада Елбасы халықты мемлекет кепілдік берген тегін
медициналық көмекпен жеткілікті дәрежеде және уақтылы қамтамасыз ету
жөнінде тапсырма берді. Алайда, бұл тапсырманы жүзеге асыруда оң
ілгерілістердің болмауына байланысты 2018 жылғы наурызда Омбудсмен ҚР
Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жолдады. Бұл құжатта еліміздің кейбір
өңірлерінде онкологиялық ауруларға, қант диабетіне, гемофилияға, эпилепсияға
душар
болған
тұлғалар
үшін
дәрі-дәрмектердің
жеткілікті
саны
Достарыңызбен бөлісу: |