Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет40/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83

92 
 
Есептік  кезеңде  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  түзеу  мекемелерін 
қызметкерлерінің  тарапынан  сотталғандарға  қатыгездік  жасау  және  жазалау 
туралы  ақпаратты  тексеру,  сондай-ақ  жәбірленушілерге  қажетті  құқықтық 
көмек  көрсету  мақсатында  өз  мекемесінің  қызметкерлерін  жіберу  арқылы 
қоғамдық-резонанстық істерге әлденеше рет жауап берді. 
Атап айтқанда, 2018 жылғы қыркүйекте Алматы облысы бойынша ҚАЖД 
(бұдан әрі – Департамент) ЛА-155/12 және ЛА-155/14 Мекемелері лауазымдық 
тұлғалары  тарапынан  сотталғандарға  қатысты  азаптаулар  және  қатыгездіктің 
жасаудың  басқа  түрлері  туралы  БАҚ-та  сыни  жариялымдармен  байланысты 
Омбудсмен  мекемесі  заң  бұзушылықты  жою  және  өз  құзыреттерін  асыра 
пайдаланған  лауазымдық  тұлғаларды  жауапқа  тарту  мақсатында  ҚР  Бас 
прокуратурасына  прокурорлық  әрекет  ету  шараларын  қабылдау  туралы  үндеу 
жолдады.  Қажетті  тексерісті  өткізу  және  тиісті  шараларды  қабылдау 
мақсатында  Бас  прокурор  арнайы  топты  жіберді,  оның  құрамына  Бас 
прокуратураның және Омбудсмен мекемесінің өкілдері кірді. Арнайы топ ЛА-
155/12  және  ЛА-155/14  Мекемелерінің  лауазымдық  тұлғалары  тарапынан 
жіберілген  өрескел  бұзушылықтарды  анықтады  және  ҚР  Ішкі  істер 
министрлігіне  ұсыныс  берді.  Қызметтік  тексеру  нәтижесінде,  Департаменттің 
18  қызметкері  қатаң  тәртіптік  жауапкершілікке  тартылды,  жоғарыда  аталған 
мекемелердің  басшылары  (2  басшы,  2  басшы  орынбасары)  лауазымдарынан 
босатылды,  Департамент  басшысының  орынбасары  қызметіне  толық  емес 
сәйкестігі туралы ескертілді.  
Сонымен  қатар,  сотталған  С.Саттаров  пен  И.Руденконың  өтініштері 
бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін және сотталған К.Егибаевтың 
өлім  фактісі  бойынша  Алматы  облысы  Полиция  департаменті  ЖҚБ 
басшысының  орынбасары  және  Департамент  жеке  қауіпсіздік  тобының  аға 
қызметкері  лауазымдарынан  босатылды,  оларға  қатысты  Алматы  облысының 
прокуратурасы  Арнайы  прокурорлар  басқармасы  сотқа  дейінгі  тергеу  өткізіп 
жатыр.  
Бұл  арада,  есептік  кезеңде  Омбудсменге  бас  бостандығынан  айыру 
орындарында  жазасын  өтеп  жатқан  тұлғалар  құқықтарының  бұзылуына  133 
шағым  түсті.  Аталған  шағымдар  медициналық,  әлеуметтік,  тұрмыстық 
қамсыздандыруға,  сондай-ақ  сотталғандарды  жұмыспен  қамтуға,  олардың 
жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу және мерзімнен бұрын шартты босату 
құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты болды. Өтініштердің басым бөлігін сот 
үкімімен  келіспеу,  қатыгез  әрі  өрескел  қарым-қатынас,  түзеу  мекемелері 
қызметкерлерінің  арнайы  құралдарды  заңсыз  қолдануы,  тәртіптік  жаза 
шаралары  құрады.  Негізінен,  қамауға  алынғандар  жеткіліксіз  медициналық 
қамсыздандыруға,  күтіп-бағу  жағдайларына  және  қатыгез  қарым-қатынасқа 
шағымданады.  Корреспонденция  көрсеткендей,  Омбудсменге  киіммен  және 
басқа  заттық  мүлікпен  қамтамасыз  ету  бойынша  құқықтарының  бұзылуына, 
сондай-ақ  тиісті  дәрежеде  жасалмаған  күтіп-бағу  жағдайларына  және 
тамақтандыру  нормаларының  бұзылуына  сотталғандардың  шағымдары  әлі  де 
түсіп жатыр. 


93 
 
 
 
 
 
Уәкіл  мекемесі  мониторингтік  жұмысын  талдау  прокуратура  органдары 
мен жеке қауіпсіздік қызметтері өткізген тексерістер барысында жаза қолдану, 
тәртіптік  изоляторға  орналастыру,  қатаң  күтіп-бағу  жағдайларына  ауыстыру, 
әдетте  заңсыз  деп  танылатынын  көрсетті.  Бұл  арада,  режимді,  сондай 
мекемелерде  күтіп-бағылатын  тұлғаларды  қадағалауды  және  бақылауды 
қамтамасыз  ету  үшін  пайдаланылатын  заңнамамен  белгіленген  тежеуші 
сипатты 
шараларды 
қолдану 
қажеттілігіне 
және 
пропорционалдық 
қағидаттарына  негізделуі  тиіс,  сондай-ақ  олар  жазалау,  қатыгездік,  зорлық-
зомбылық, адамның абыройын жоятын нысаналы құрал болмауы тиіс.  
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Алматы облысы  бойынша  ҚБК  төрағасы  О.Т. 
Ақмола  облысы  бойынша  ҚАЖД  ЕЦ-166/18  мекемесінде  жазасын  өтеп  жатқан, 
сотталған  В.И.  мүддесінде  киім-кешек  жабдығымен  қамтамасыз  етілмеуіне  шағыммен 
жүгінді. 
Ақмола  облысы  прокуратурасының  ақпараты  бойынша  ЕЦ-166/18  мекемесіне 
келгенде В.И. киіммен (1 еркек костюмы, жылы күртке, бас киім), іш киіммен (іш киімнің 2 
жиынтығы)  және  аяқ  киіммен  (туфлидің  1  жұбы,  бәтенке,  нәскидің  6  жұбы)  
қамтамасыз  етілгені  мәлімделді,  бұл  заттық  мүліктің  арматуралық  карточкасымен 
расталады.Костюмнің  екінші  жиынтығын  алу  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
28.11.2014 жылғы №1255 Қаулысымен қарастыралған. 
Сонымен  бірге,  есептік  жылы  ЕЦ-166/18  мекемесіне  ЕЦ-166/10  мекемесінен 
жазасын  өтеу  үшін  қосымша  158  сотталған  келді.  Осыған  байланысты  ЕЦ-166/18 
мекемесінде сотталғандарға форма киімі жетіспеді.  
Бұл  фактілер  бойынша  прокуратура  органдарына  прокурорлық  қадағалау  актісі 
кіргізілді. Қазіргі уақытта 4 млн. теңге сомасына қосымша қаражат бөлінді, мемлекеттік 
сатып  алуды  өткізу  процедурасы  өткізіліп  жатыр,  содан  кейін  сотталғандар,  соның 
ішінде В.И. қарастырылған киім-кешек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.  
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Алматы  облысы  бойынша  ҚАЖД  ЛА-155/14 
Мекемесінде  жазасын  өтеп  жатқан  сотталған  Ю.В.  тиісті  емес  дәрежеде  жасалған 
күтіп-бағу  жағдайларына  және  тамақтандыру  нормарының  бұзылуына  шағыммен 
жүгінді. 
Бас  прокуратураның  ақпараты  бойынша  облыстық  прокуратура  барлық  дәлелдер 
бойынша  тексерісті  өткізді.  Анықталған  бұзушылықтар  бойынша  Алматы  облысы 
бойынша  Қылмыстық-атқару  жүйесінің  департаментіне  заңды  бұзуды  жою  туралы 
ұсыныс енгізілді.  
Қазіргі  уақытта  «Еңбек-Жауғашты»  РМК  филиалы  сотталғандарды  тамақпен 
қамтамасыз етеді. Сотталғандардың тарапынан шағымдар мен өтініштер түспеді. 
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД 
ЕС-164/8 Мекемесінде бағып-күтілетін сотталған Р.М. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД 
АП-162/4  Мекемесі  қызметкерлерінің  заңсыз  әрекетіне  шағыммен  жүгінді,  бұл  заңсыз 
ескерту  жасаудан  (20.08.2018ж.  қаулы)  және  сөгіс  жариялаудан  (23.08.2018ж.  қаулы)  
көрініс тапты. 
Облыстық  прокуратура  23.08.2018  жылы  тамақтанудан  бас  тартқаны  үшін 
сотталған Р.М. сөгіс ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды депмәлімдеді.  
Р.М.  қатысты  сөгіс  түрінде  тәртіптік  жаза  қолдану  туралы  23.08.2018  жылғы 
қаулыны облыстық прокуратура заңсыз деп атады.
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау