Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет27/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83

65 
 
Азаматтардың  аз  қамтылған  санаттарын  әлеуметтік  қолдау  мақсатында 
ҚР  қолданыстағы  заңнамасы  мемлекеттік  мекенжайлылық  әлеуметтік  көмек 
көрсетуді  қарастырады.  Жан  басына  шаққандағы  табысы  кедейлікшегінен 
аспайтын,  Қазақстан  Республиасында  тұрақты  тұратын  ҚР  азаматтары, 
оралмандар,  босқындар,  шетелдіктер  және  азаматтығы  жоқ  тұлғалар  бұл 
әлеуметтік көмекке құқықтары бар.  
Жекелеген  өтініштерде  азаматтар  мекенжайлылық  әлеуметтік  көмекті 
белгілеген  кезде,  уәкілеттік  органдардың  тиісті  емес  деңгейде  жасаған 
жұмыстарын атады. 
 
 
Азамат  Т.В.  өз  өтінішінде  аз  қамтылған,  көп  балалы  отбасы  ретінде 
мекенжайлылық  әлеуметтік  көмекті  тағайындау  туралы  мәселені  қарастырған  кезде, 
Қарағанды  облысы  Абай  ауданы  жергілікті  уәкілетті  органдарының  әрекетімен 
келіспеушілігін білдірді. 
 
Өтініш  беруші  уәкілетті  органдар  аталған  көмекті  төлеу  тәртібін,  оны 
тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімін тиісті деңгейде түсіндірмеді деп мәлімдеді. 
 
Уәкіл  мекемесі  араласқаннан  кейін  Қарағанды  облысының  Жұмыспен  қамту  және 
әлеуметтік  бағдарламаларды  үйлестіру  басқармасы  12.06.2018ж.  Абай  ауданы Жұмыспен 
қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  қызметкерлерімен  Дубовка  ауылына 
барды.  Соның  барысында  көп  балалы  отбасының  материалдық-тұрмыстық  жағдайы 
зерттеп  қаралды.  Өтініш  берушіге  ҚР  қолданыстағы  заңнамасы  мемлекеттік 
мекенжайлылық  әлеуметтік  көмекті  тағайындау  бөлімінің  нормалары  түсіндірілді. 
Сондай-ақ  әлеуметтік  көмекті  тағайындау  үшін  қажетті  құжаттардың  тізімімен 
жадынама берілді.  
Т.В.  барлық қажетті құжаттарды дайындап, 2018 жылғы шілдеде мекенжайлылық 
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға жүгінуге кеңес берілді.  
 
Баяндалғанға  байланысты  уәкілетті  органдардың  халық  арасында 
әлеуметтік  қорғау  саласында  көрсетілетін  әлеуметтік  көмектің  түрлері,  оны 
көрсету  тәртібі,  оны  тағайындау  үшін  қажетті  құжаттар  туралы  түсіндіру 
жұмысын өткізгені маңызды.   
Семей  ядролық  сынақ  полигонында  ядролық  сынақтардың  салдарынан 
зардап  шеккен  және  сол  аймақтан  кеткен  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау 
мәселесі әлі де өзекті болып отыр. 
«Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы  ядролық  сынақтардан  зардап 
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес радиациялық 
қауіпті  аймақтарда  тұратын  және  1949  жылдан  1990  жылға  дейінгі  кезеңде 
жасалған ядролық сынақтар нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың қосымша 
еңбекақы  алуға  және  жыл  сайын  ақысы  төленетін  қосымша  демалыс  алуға 
құқығы бар.  
Сонымен бірге, бұған дейін Семей ядролық сынақ полигонында сынақтар 
жасалған  аймақтарында  тұрған,  бірақ  әртүрлі  себептерге  байланысты 
Қазақстанның  басқа  өңірлеріне  кеткен  азаматтар  аталған  әлеуметтік 
кепілдіктерден айырылады. Бұл кезекте, азаматтардың аталған санаты да кейін 
денсаулық жағдайына ықпал ететін ядролық сынақтардың әсеріне шалдықты. 


66 
 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесіне  жүйелі  бұл  мәселе  бойынша 
азаматтардан  түсетін  өтініштер  уәкілетті  органдардың  оны  ары  қарай  зерттеп 
қарау қажеттілігін дәлелдейді. 
Жалпы  алғанда,  әлеуметтік  қамсыздандыру  сияқты  сезімтал  салада 
азаматтардың  құқықтарын  сақтау  тиісті  мемлекеттік  органдарға  ерекше 
жауапкершілікті  артатынын  және  бұл  маңызды  бағытта  жұмысты  ары  қарай 
жетілдіруді талап ететінін мойындаған жөн. 
10. Денсаулық сақтау құқығы 
 
Денсаулық  сақтау  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  2018  жылғы 
желтоқсанда 
Еліміздің 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаев 
«Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  денсаулық  сақтау  мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.  
Құжат 11 заңнамалық актіге жаңалық енгізуді қарастырады, соның ішінде 
Халық денсаулығы  және  денсаулық сақтау  жүйесі  туралы  кодекс,  Қылмыстық 
және Қылмыстық-процестік кодекстер, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 
кодекс.  Атап  айтқанда,  елімізде  халықты  денсаулық  сақтау  қызметтерімен 
жаппай қамту бойынша ДДҰ қағидаттарына сәйкес келетін тегін медициналық 
көмектің  мемлекеттік  көлемінің  және  міндетті  медициналық  сақтандыру 
пакетінің  жаңа  моделі  енгізіліп  жатыр;  қоғамдық  денсаулықты  қорғау 
мәселелері,  медициналық  білім  және  ғылым  жүйесі  жетілдіріліп  жатыр, 
медициналық  кадрларды  даярлау  сапасын  арттыру  бойынша  шаралар 
қабылданып жатыр. 
Сонымен бірге, медициналық көмекті сапасыз әрі  уақтылы емес көрсету, 
дәрігерлік  қателіктер,  медициналық  қызмет  көрсету  кезінде  азаматтарға  деген 
дөрекі  қарым-қатынас фактілері бұл салада анағұрлым кең таралған мәселелер 
болып қалып отыр. 
2018жылы  Уәкілге  азаматтардың  денсаулық  қорғауға  және  медициналық 
көмекке құқықтарының бұзылуына қатысты 91 өтініш түсті(87 жазбаша және 4 
ауызша).  
Медициналық  ұйымға  жүгінгенде,  әрбір  азамат  оған  сапалы  әрі  білікті 
медициналық көмек  көрсетілетіне  сенеді.  Алайда,  жүгінгендерге  медициналық 
көмек  көрсету  тәртібін  сақтамау  бөлігінде  жиі  көптеген  бұзушылықтармен 
көмек көрсетіледі. 
Омбудсменге  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Мақтаарал  ауданы  Мырзакент 
ауылының  тұрғыны  О.К.  Мақтаарал  ауданы  медицина  қызметкерлерінің  әрекетіне 
шағыммен өтініші түсті.  
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесінің  сұрауы  бойынша  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 
Қоғамдық  денсаулықты  қорғау  комитетінің  департаменті  «Мырзакент»  Мақтаарал 
аудандық ауруханасында жоспардан тыс тексерісті өткізді. Тексеріс нәтижелері бойынша 
дәрігерлердің  медициналық  көмек  көрсету  тәртібін  сақтамау  бөлігінде  бұзушылықтар 
анықталды. 
Нәтижесінде  жоғарыда  аталған  мекеменің  медицина  қызметкерлері  әкімшілік 
жауапкершілікке тартылды.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау