Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет26/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83

62 
 
 
Омбудсменнің Жаһандық қартаю және қарт адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету 
мәселелері бойынша ASEM III-ші конференциясына қатысуы 
 
Қарт  адамдардың  құқықтары  мәселелерін  өзекті  ету  жағдайында 
Омбудсменнің  бастамасымен  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 
министрлігі  БҰҰ  Қарт  адамдардың  құқықтары  мәселелері  бойыншаТәуелсіз 
сарапшысы  Корнфелд-Маттеге  Қазақстанға  іссапармен  келуіне  шақыру 
жіберді. 
 
Шағымдармен  жұмыс  жасау,  азаматтарды  қабылдау  –  Қазақстан 
Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  қызметінің  бірінші 
кезектегі  құрамдас  бөлігі.  2019  жылы  Омбудсменге  әлеуметтік  және 
зейнетақамен  қамсыздандыру  мәселелері  бойынша  48  өтініш  түсті,  бұнда 
әлеуметтік  төлемақы,  әлеуметтік  көмек  көрсету,  арнайы  әлеуметтік  қызмет 
көрсету орталықтарында тұру жағдайлары, Семей ядролық сынақ полигонының 
салдарынан зардап шеккен азаматтарды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді. 
Басым  өтініштер  зейнетақы  төлемдерінің  мөлшерімен,  оларды  есептеу 
тәртібімен  келіспеумен  байланысты  болды.  Зейнеткерлер  шағымдарының 
мазмұнындағы  бұндай  тенденция  жыл  сайын  тұрақты  болып  қалып  отыр. 
Көптеген  зейнеткерлер  зейнетақы  заңнамасы  оларды  тиісті  деңгейде 
қорғамайды  және  олар  еңбекке  жарамды  жаста  болған  кезде  оларда  болған 
тұрмыс деңгейін қамтамасыз етпейді деп санайды. 
 
ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  мен  Уәкіл 
мекемесінің  арасында  зейнетақы  мәселелеріне  қатысты  шағымдар  бойынша 
бірлесіп  жұмыс  істеудің  қалыптасқан  тәжірибесіне  сәйкестиісті  сұраулар 
аталған  министрлікке  тікелей  жіберіліп  отырды.  Көп  жағдайда  жасалған 
есептеулердің  мөлшерін  белгілегенде,  уәкілетті  орган  аумақтық  әлеуметтік 
қорғау  органдарының  дұрыстығы  мен  объективтілігі  дәлелденіп  отырды. 
Сондай-ақ  өтініш  берушілердің  белгіленген  зейнетақы  мөлшеріне  зейнетақы 


63 
 
тағайындау  үшін  ұсынылған  орташа  айлық  кірістің  төмен  деңгейі,  кейбір 
жағдайларда – қажетті еңбек өтілі болмауының әсер еткені туралы мәлімделді. 
Өтініштердің басқа тобы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (интернат 
үйлерде)  тұратын  зейнеткерлердің  енгізілген  өзгерістермен  келіспеуі  себепші 
болды,  соларға  сәйкес  мекемеде  тұрған  кезде  әлеуметтік  төлемақы  30% 
мөлшерінде  іске  асырылады,  ал  зейнетақының  және  жәрдемақының  қалған 
бөлігі  (70%)  осы  тұлғаларға  арнайы  әлеуметтік  қызметтерді  көрсету  үшін 
аталған мекемелердің жеке банктік шотына немесе қаражатты бақылау шотына 
аударылады.   
 
Зейнеткерлер  өз  өтініштерінде  еңбек  өтіліне  байланысты  олардың 
зейнетақыларының  мөлшері  сараланған  және  сәйкесінше  мекеменің  шотына 
аударылатын  70%  әртүрлі  соманы  құрайтынын  атады.  Аталған  жағдайлар 
олардың  әркелкі  жағдайына  және  әлеуметтік  әділдік  қағидатының  бұзылуына 
алып келеді. 
 
Омбудсмен  мекемесі  БҰҰ  бейінді  Комитетінің  №19  жалпы  тәртіп 
ескертпесіне  сәйкес  қатысушы  елдер  жәрдемақы  мөлшеріне  және  олар 
ұсынылатын  нысанға  кез  келген  кері  әсерін  тигізбеуі  үшін  экономикалық, 
әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  Пактінде  қамтылған  кемсітпеушілік 
қағидатын толық сақтауы тиіс екенін атап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігінің бұл мәселеге назарын аударды. 
Өз  кезегінде,  жоғарыда  аталған  министрлік  енгізілген  өзгертулер 
бюджеттік  қаражаттың  екілік  шығымдалуын  жою  есебінен  республикалық 
бюджеттен  қаражатты  төлеуді  оңтайландыруға  мүмкіндік  бергенін  туралы 
ақпараттандырды. Медициналық-әлеуметтік мекемеден тыс жерге тұратын қарт 
жастағы  тұлғалар  мен  мүгедектер  азық-түлік  өнімдерін  сатып  алуға,  тұрғын-
үйін  күтуге,  дәрі-дәрмектерге,  сондай-ақ  арнайы  әлеуметтік  қызметтердің 
қосымша  түрлеріне  өз  қаражаты  есебінен  шығындалатыны  назарға  алынды. 
Соларға  қарағанда,  аталған  мекемелерде  тұратын  зейнеткерлер  және 
мүгедектігі бар тұлғалар жоғарыда аталған қызметтермен мемлекеттік бюджет 
есебінен қамтамасыз етіледі.  
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің кейінгі сұрауларына жоғарыда аталған 
министрлік ұқсас түсініктеме берді. 
 
Сонымен  бірге,  жоғарыда  аталғанның  мән-мәтінінде  құқық  қолдану 
тәжірибесін  ескерумен  медициналық-әлеуметтік  мекемелерде  тұратын 
азаматтарға  зейнетақыны  және  жәрдемақыны  төлеу  тәртібін  жетілдіру 
нысаналы болып табылады.   
 
Өтініштердің басқа бөлігі Қазақстанға тұрақты тұрғылықты жерге келген 
немесе  ТМД  елдеріне  кеткен  зейнеткерлерді  зейнетақымен  қамсыздандыруға 
қатысты болды.  
 
 
Омбудсменге Ресей Федерациясы Иркутск облысындағы Адам құқықтары жөніндегі 
Уәкілдің  Иркутск  облысына  тұрақты  тұрғылықты  жерге  көшіп  кеткен  азамат  Г.В. 
мүддесіндегі  тұруға  ықтиярхатты  рәсімдеу  мәселесі  шешілгенге  дейін  Қазақстанда 
зейнетақыны  төлеуді  жалғастыруда  көмек  көрсетуді  сұраумен  өтініші  түсті.  Өтініште 
Г.В.  Ресей  Федерациясында  сақтандыру  зейнетақысын  тұруға  ықтиярхатты  алғаннан 


64 
 
кейін  ғана  рәсімдей  алатыны  мәлімделді.  Өтініш  беруші  қиын  жағдайда  болды,  өйткені 
зейнетақы оның жалғыз кіріс көзі болды. 
 
ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  ақапараты  бойынша, 
13.03.1992ж.  ТМД  қатысушы  елдер  азаматтарының  зейнетақымен  қамсыздандыру 
саласындағы  құқықтарына  кепілдік  беру  туралы  келісімге  сәйкес  зейнеткер  Келісімнің 
қатысушы елдерінің шегінде көшкен кезде, зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша 
мемлекеттің  заңнамасында  зейнетақының  сол  түрі  қарастырылған  болса,  бұрынғы 
тұрғылықты жері бойынша зейнетақыны төлеу тоқтатылады. 
 
ҚР  қолданыстағы  зейнетақы  заңнамасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 
шегінен тыс кеткендерге зейнетақы мен жәрдемақы тұрақты тұрғылықты жері бойынша 
төлеу  ішкі  істер  органдарында  тіркеуден  шыққан  айы  бойынша  іске  асырылады.  Г.В. 
азаматының  Қазақстанның  шегінен  тыс  шығуына  байланысты  оның  өтініші  мен 
мекенжай  кету  парағы  негізінде  зейнетақы  төлеу  тоқтатылды.  Зейнетақы  ісі  қолға 
берілді.  
Г.В.  зейнетақының  Қазақстан  Республикасында  қайта  төленуіне  құқықтық  негіз 
жоқ. 
 
 
Бұл  мәселе  бойынша  түскен  өтініштер  зейнетақымен  қамсыздандыру 
құқығын  зейнеткерлер  тұрақты  тұрғылықты  жері  елінде  тұру  үшін  рұқсат 
қағаздарын  алатын  кезеңде  жүзеге  асыруды  тежеуші  факторлардың  барын 
дәлелдейді. 
 
Жекелеген  өтініштер  ауылдық  елді-мекендерде  әлеуметтік  төлемдерді 
алуға қатысты болды.   
 
 
ҚР-дағы  Адам  құқықтары жөніндегі  Уәкілге Ғ.Мүсірепов  атындағы  аудан  Рузаевка 
ауыл  тұрғындарының  2018  жылғы  1  ақпанда  «Қазақстан  Халық  банкі»  АҚ  Солтүстік 
Қазақстан облыстық филиалының тиімсіздігі себебінен жабылуына байланысты халықтың 
әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының жағдайы туралы ұжымдық өтініші түсті. 
 
Өтініштің  мазмұнынан  банктің  аталған  бөлімі  3900  адамға  қызмет  көрсеткені, 
соның  ішінде  750  адам  әлеуметтік  төлемдерді  банкомат  арқылы  алатыны  белгілі  болды. 
Халық  банкінің  жақын  бөлімдеріРузаевка  ауылынан  70  шақырым  жерде  орналасқан 
Новоишимское  ауылында  ғана  бар.  Банк  бөлімі  жабылған  жағдайда  адамдарға  аудан 
орталығына, әсіресе қыста бару қиын болады. 
 
Балама  ретінде  халыққа  тек  бір  касса  ғана  жұмыс  істейтін  «Қазпошта»  АҚ 
қызметтері  ұсынылды.Қалыптасқан  жағдай  ауылда  шиеленіскенжағдайдың  себебіне 
айналды.  
 
Уәкіл  мекемесінің  сұрауы  бойынша  Солтүстік  Қазақстан  облысының  әкімдігі  бұл 
мәселені  қарауда  көмек  көрсету  мақсатында  аталған  банктің  Басқарма  төрағасына 
қолдаухат  жолдады.  Атқарылған  жұмыстың  нәтижелері  бойынша  Рузаевка  ауылында 
есеп-кассалық  бөлімін  сақтау  және  банк  бөлімінің  жұмысын  жалғастыру  туралы  шешім 
қабылданды. 
 
Қазақстанның  бұрынғы  азаматтары  мүддесіндегі  ТМД  ұлттық  құқық 
қорғау  мекемелерінен  еңбек  қызметін,  зейнетақыны  тағайындау  үшін  жалақы 
мөлшерін  растайтын  құжаттар  алуда  көмек  көрсету  туралы  өтініштер  жеке 
топты  құрайды.  Бұл  өтініштерді  қарау  шеңберінде  мұрағаттармен  жұмыс 
жасалды,  оның  қорытындылары  бойынша  аталған  мекемелерге  тиісті  ақпарат 
жолданды.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау