230
2.
ҚР «Білім туралы»Заңы (27 шілде 2007 жыл)
3.
Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майерс А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс.
М.2005.
ОҚУШЫЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ
Балхожаева Гулнур Героевна, Талдыбаева Панеш Секеновна
«№54 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген
[1].
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала
компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ
компьютерді терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы
оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын
тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.Ақпараттық және
педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге
мүмкіндік туды.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
• проблемалық шығарма әдістері;
• презентациялар пікірталастар;
• топпен жұмыс;
• миға шабуыл әдісі;
• сыни тұрғысынан ойлау әдісі;
• викториналар;
• зерттеулер;
іскерлік ойындар;
• рөлдік ойындар;
• инсерт әдісі т.б
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық технологиялардың бірі –
интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз
жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен
231
ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс
таңдай білуі қажет [2].
Қазақ тілі, әдебиет сабақтарында, ақпараттық технология оқушылардың
шығармашылығын талап ететін жоба жұмысында қолданысын табады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігі интернет жүйесі және
электронды оқулықтар арқылы дамып, жаңаша ойлау қабілеті қалыптасып, жүйелік
байланыстар мен заңдылықтарды табуға ынталанып, нәтижесінде — кәсіби
потенциалдарын қалыптасуына жол ашылады.
Американ психологы Э. Фромм 1959 жылы шығармашылыққа мынадай ұғым
береді: «Бұл тандану мен таным қабілеті болу және қалыптан тыс жағдайларда шешім
таба білу және жаңалық табуды көздеп, өз тәжірибесін жете түсіну қабілеті дамиды»,
— дейді. Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар
мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын
арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана
шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-
дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру қажет. Оның ең тиімді жолы — сайыс, интеллектуалды-шоу ойындары.
Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету
арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады. Осыған байланысты біздің
мектепте «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары, «Менің Отаным» интеллектуалды-
шоу
ойыны
да
компьютердің
көмегімен
өткізіледі.
Оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды төрт кезеңге бөлуге
болады.
1.Оқушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек.
Мақсаты — сабақта алған білімін тереңдете отырып берілген тақырып бойынша
ізденіс жұмысын жүргізу.
2. Оқушы интернеттен таңдап алған материалын сұрыптап алуды үйренеді.
3. Оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
4. Оқушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд түрінде қорғауға дайындалады
Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды
ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі болып келеді.Олай болса тест
дегеніміз не?
Тест ағылшын сөзі, қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау дегенді білдіреді.
Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың
жиынтығы.
Бүгінде тест қолдану мұғалімдермен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің
өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс оқушының білім
дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тестік бақылаудың ерекшелігі: