СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Уристенбекова Г.Қ.
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-
түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның
негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, баланың өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп,
сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға
бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа
ендіру бүгінгі таңда әрбір оқытушының басты мақсаты болуы керек. Себебі,
елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер
қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек
білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта
оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады.
Оқытушы бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі тіл үйренушілердің
санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты
зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни
тұрғыдан ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой
елегінен өткізуді қамтиды.
Тіл үйренушілерді сөйлесуге сыни тұрғыдан ойлануға белсенді
қатысуды жүзеге асырып, олардың өзін -өзі оқытып бағалауға мүмкіндік
бердім. Сабақта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау оқытушыға тікелей
байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір
табандылықты талап етеді. Тіл үйренущшілер бір-бірінен әңгімелесу арқылы
үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Білімгерлер жаңа өздерінің алдын ала
идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы
айтуға сенімді болады. Осылайша, білімгерлер сабақта көмек болатынына
толық сенімді болады. Әсіресе жаңадан тіл үйренуші білімгердің өзі бір, екі
сөзін айтса да ойын жеткізе алады.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінде оқытушы мен студенттің
сын тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың
өзіндік ерекше белгісі- белгілі бір мәселені тұжырымдауда сыңаржақтылыққа
жол бермеу, оның шынайылығы мен маңыздылығы туралы ойлана білуге
үйрету. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін
маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Психолог-ғалым В.Г. Крутецкий: «Ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің
және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған
ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру», - дейді.
Сын тұрғысынан ойлау қазіргі заманда білім бeруді дамытудағы eң басты
пeдагогикалық түсініктeрдің бірі eкeні бeлгілі. Сын тұрғысынан ойлау
бақылау, тәжірибe, толғану, пайымдау нәтижeсіндe алынған ақпаратты
ұғыну, бағалау, талдау жәнe синтeздeудe қолданылатын әдіс болып
табылады, сонымeн қатар ол әрeкeт жасауға нeгіз, түрткі болуы да мүмкін.
Сын тұрғысынан ойлау көбінeсe бір нәрсeні eлeстeтугe, балаламалы
шeшімдeрді қабылдауға, ойлау жәнe іс-әрeкeттің жаңа нeмeсe түрлeндірілгeн
тәсілдeрін eнгізугe дайын болуды көздeйді, ол ұйымдастырылған қоғамдық
әрeкeттeргe бeйілділік пeн басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды
білдірeді (Студeнткe арналған нұсқаулық, 45-бeт).
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын»
қолданамын. Мақсатым әр студентте өзін-өзі дамыта, жетілдіре бақылай
алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету және
дамудың ең биік шыңына жеткізу болып табылады.
Мысалы:Тізбектеп өткізген сабағымның қорытынды сабағында
алдыңғы сабақтардан алған мәліметтерін қорыту мақсатында Э.Бононың
«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын қолдандым. Ақылдың алты
қалпағымен жұмыс жасау - кеңінен сыни ойлатуға бағытталған әдістің бірі.
Бұл тапсырмада студенттер өздерінің «Қазақ елі» жайлы жақсы
меңгергендігін aйтудан таянып қaлмады. Өз пікірлерін өз деңгейлерінше
талдап, айтып шықты. Бұл тапсырмада студенттер жұп болып жұмыс
жасады. Қызыл қалпақтағылар – түйсік, еліміздің қай жағынан алып қарасақ
та бай ел, жер қойнауының пайдалы қазбаларға бай екенін айтып өз ойларын
ортаға салса, сары қалпақ – позитив, еліміздің тәуелсіз ел екенін, өз тумыз,
елтаңбамыз, әнұранымыз барын тілге тиек етсе, еліміздің басқа да
жетістіктерін, жағымды тұстарын мақтанышпен көрсетті, жасыл қалпақ –
креатив, менде қандай идеялар бар?, еліміздің экономиккасын дамытып,
мұнайды, бекіре тұқымдас экспортқа қымбат бағамен шығарған болар едік
деген тың идеяларын ұсынса, ақ қалпақтар – 1991 жылы тәуелсіздікке қол
жеткізгенімізді, 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздерімзді
қабылдағанын, 1992 жылы наурызда Қазақстанның БҰҰ-на мүше
болғандығын нақты фактілермен, ақпараттармен дәлелдеді, қара қалпақ –
ғылым мен техниканың жетістіктерінің шапшаң дамуы табиғатқа кері әсерін
бергендігін, нәтижесінде экология нашарлап, аурулардың түрі көбейгенін
тілге тиек ете отырып, жағымсыз жақтарын көрсетсе, көк қалпақтағылар –
Қазақстан бірлігі жарасқан ел, табиғатымен, өнеркәсібімен, пайдалы
қазбаларымен ерекшеленетіне жалпы шолу жасады. Студенттер сабақта
қолданылған «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы тақырыпқа толық
сипаттама берді. Өздері алдыңғы сабақтарда алған теориялық білімдерін,
жинаған мәліметтерін пайдаға жаратты. Студенттер топта жұп болып жұмыс
жасап, сыни тұрғыдан oйлана келе тапсырманы орындап шықты. Бұл А, Б, С
деген студенттердің тапсырманы орындаудағы шеберліктері байқадым.
Топтық жұмыс, жұптық жұмыста да студенттер сыни тұрғыдан ойлана
отырып, практика жүзінде, теория жүзінде жауап берді. Бұл тапсырманы
орындатқанда төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:
- Студенттер ойланып-толғанып, ойын ашық айтты;
- Әр түрлі идеялар мен пікірлерге сыни тұрғыдан қарады;
-Әрбір студент сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдірді;
- Сыни ойлауды бағалады;
- Өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының
құндылықтарын түсінді.
Топтағы студeнттeрді өз тәжірибeмдeгі дәлeлдeргe ынталандыруым
қажeт болды. Ол үшін студeнттeрдің қызығушылығын оятып, олардың сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын түрлі
мысалдар ұсындым. Сонымeн қатар, студeнттeрдe бақылау, талдау,
қорытынды жасау жәнe интeрпрeтациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік
жасауға бағыттау мүмкіндігін қарастыруды ойластырдым. Мысалы:
студeнттeргe сурeттeр, фотосурeттeр, видeоматeриалдар, дeрeккөздeр
ұсындым. Нәтижeсіндe олар жиналған ақпараттар бойынша қорытындылар
жәнe тұжырымдар жасап, нeгізгі дeрeккөздeрді салыстыру жәнe талқылау
жұмыстарын жүргіздім. Осы қағиданы негізге ала отырып, айшықты
мекеннің бірі –Жасыбай көлі мен Каспий көлінің өзіндік eрeкшeліктeрі мeн
ұқсастықтарын салыстыра отырып, «Вeнн диаграммасына» түсіруді мақсат
етіп қойдым. Венн диаграмасын беруімнің себебі жақсы мен жаманды айыра
білуге, оның жақсы тұстарын өмірде пайдалана білуге үйрету.
Жалпы әрбір модуль өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-
тәсілдерді әр оқытушы ізденісі арқылыстудент қабілетіне, қабылдау
деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Студенттерге тиімді, пайдалы
болғандарын жетілдіріп, дамыта түседі.
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына байланысты оқу үрдісінде
«Сәйкесін тап?», «Кластер» әдістерін қолдандым. Жасыбай көлі бойынша
мәтінмен жұмыс жасай отырып, берілген мәліметтердің дұрыс, бұрыстығын
сыни тұрғыдан жіберілген қателіктерін келесі топ анықтап, дәлелдеді. Бұл
әдістерді қолданған себебім – осы әдістердің қаншалықты оқу үрдісінде
тәжіриебе жүзінде қолданғанда тиімділігін анықтадым. Ал «Кластер» әдісі
бойынша берілген тапсырмада Блум таксономиясының ойлау деңгейлері
бойынша алдыңғы сабақтан алған теориялық білімдерін сарапқа сала
отырып, материалды түсінді, қолданды, талдады, ойларын жинақтады.
Байқағаным бойынша, бұл тапсырма студенттерге қиындық тудыра қойған
жоқ. Себебі алдыңғы сабақтарда Қазақстанның байлығы, табиғи байлығы
бойынша көптеген мәліметтер алып, білімдерін кеңейткен болатын. Сабақта
қолданған бұл әдістерімнің тиімділігі - сын тұрғысынан ойлау, бақылау,
толғану, тәжірибе және пайымдау нәтижесінде алынған ақпараттарды түсіну,
талдау, бағалау және синтездеу болып табылады.
Диаграмманы толтыру барысында көптeгeн қажeтті мәлімeттeр,
ақпараттар пайдаланды. Мысалы, екі көлдің өзіндік географиялық,
физикалық ерекшеліктерін сипаттай келе, олардың ұқсас белгілері –олардың
тұйықтығы деген қорытынды жасады. Нәтижесінде студенттерімнің екі көл
туралы мәліметтерді салыстыра алатындығына көзімді жеткіздім.
Сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім: студенттердің танымдық
ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді,
шығармашылық ой-өрісі артты, ұжымдық ой-пікірлері жетіліп, топ
мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, оқытушы мен
студенттердің қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері
артты, студенттер өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін
жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым
жасап қорытындылауға үйренді.
Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдануымда сәтсіз
тұстары да болды. Студенттердің барлығы жаппай сыни ойлап кетті деп айта
алмаймын. Себебі орыс тобы болғандықтан сөздік қордың аздығы көп
кедергі жасады. Сонымен қатар өзін жеке дара тұлға ретінде таныта алмаған
студенттерім болғанын байқадым.
Сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім: студенттердің танымдық
ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді терең талдауға үйренді,
шығармашылық ой-өрісі артты, ұжымдық ой-пікірлері жетіліп, топ
мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, оқытушы мен
студенттердің қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері
артты, студенттер өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін
жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым
жасап қорытындылауға үйренді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту барысында :
1. бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланады;
2. өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға мүмкіндік алады;
3. бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді;
4. өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға дағдыланыды;
5. өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренеді;
6. оқытушымен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруғадағдыланады.
Студенттер өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында
тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына
отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу
жүргізуге қабілетті бола түседі. Ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені
шешу үрдісі студенттердің қабілеттерін жоғарылатады. Сондықтан да мен,
келешекте сыни тұрғысынан ойлау модулінің диалог арқылы ойлауды,
джигсо, рефлексиялық оқыту әдіс - тәсілдерін сабақ барысында жиі
қолданып, оларды дамытып студенттің ой-өрісін шыңдауды көздеймін.
Қорыта айтқанда, байқағаным сыни тұрғыдан ойлау модулі
білімгерлердің сабаққа деген қызығушылықтары артып, кейбір балалардың
шығармашылығы да арта түсті. Сыни тұрғыдан ойлау тіл үйренушіге еркін,
нақты ой айта алуға үйретеді. Сондай-ақ білімгер топтасымен жұптық
жұмыста да, топтық жұмыста да өз ойын айтып дәлелдей алады, өз-өзіне баға
беріп, топтастарын да бағалай алады.
Пайдаланылған әдeбиeттeр:
1. Студeнткe арналған нұсқаулық, Астана, 2015.
2. Крутeцкий В.А. Основы пeдагогичeской психологии. Москва, 1972.
Достарыңызбен бөлісу: |