236
арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала
бойына іс – әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар
арқылы беріледі.
Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата – ана мен тәрбиешінің басты
міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы –
халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В . Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,
ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп,
оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат
жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты
жетілген, ақыл – парасатты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің
де қоғам алдындағы борышымыз.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған.
Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және
оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.Халқымыздың тәлім – тәрбиелік мұрасына
үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты мейірбандықты дәріптейді.
Ата – бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор.
Адамгершілікті, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі иман жүзді, жарқын, биязы, өзі
парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар – ұятын, намысын
оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық,
ізеттілік сияқты қасиеттреді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет
көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі
қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан – жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар
хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу – әдістемелік кешен
«Өзін – өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың
негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру»
сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті», «Ойын», «Дәйексөз»,
«Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен –
жүрекке шеңберінен тұрады.
Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға
арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың
мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын
дамытудан тұрады.
Мысалы: «Отбасы аялдамасы тақырыбында ата – аналармен бірлесіп
ұйымдастырылған «Менің отбасым» газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек
237
жасына дейінгі және ата – анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл
газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая
түседі, балаға деген ата – ана жауапкершілігі артады, ата – аналар бала тәрбиесіне
педагогпен тығыз қарым – қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен
балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
8 – наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата – аналар үлкен
жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал – мәтелдер жаттады.
«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» - демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз
шеберліктерін көрсетті.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша
қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата –
аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата – аналармен
жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда.Топтағы қабылдау бөлмесінде ата –
аналар бұрышы жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата –
аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар.
Сонымен қатар «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей
халқымыз балалармен «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс
– әрекеттері өтеді
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан,
халқының әдеп – ғұрпын, салт – дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да
шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан – жақты
азамат тәрбиелеп өсіру.
Ересектер тобында «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр
– батырлар күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс
өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды
Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің
шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп,
дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншектердің бойында адамгершілік қасиетін оятып,
патриот болуға тәрбиелейді.
Рухани – адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –
қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата
– ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - депті Ақан
сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені
қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде,
өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны
қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетіне мақсат
қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзін – өзі талап қоя білуге тәрбиелеу –
адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер
болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке
тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші – патшада, сәбидің күші – жылауында» демекші, біздің күшіміз,
қоршағанымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш
қасиетін бала бойына дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.