Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет109/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   472

 

224 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. 

 

Балтабай Ж.М. 



КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған 



асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға 

баладан жақсы ешкім жоқ.  Ж.Аймауытов ағамыздың «Баланы бұзуға, түзеуге себеп 

болатынбір шарт –жас күнде көрген өнеге» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, әр 

отбасында  өсіп  келе  жатқанөрімдейұл-қыздардың  дені  сау,  рухани  бай,  еңбекке, 

білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар 

бастауы  отбасы.  Отбасының  аса  құнды  ықпалы  мен  әсерін  өмірдегі  ешнәрсенің 

күшімен салыстыруға болмайды.Балаға ата-ана тәрбиесініңорнын ешнәрсе алмастыра 

алмайды.Отбасы  -  өмірге  сәби  әкеліп,  оны  тәрбиелеп,қалыптастыруда  және  ұрпақ 

жалғастыруда  теңдеі  жоқ  орын.  Отбасының  балаға  тәрбие  берушілік  қызметтінің 

мақсаты  баланың  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психологиялық  процестерін  ескере 

отырып, жарасымдыжетілген ұрпақты тәрбиелеу. 

Тәрбиешілердің  ата-аналармен  ынтымақтастығы  мектеп  жасына  дейінгі 

балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып 

табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету 

оңай  шаруа  емес.  Мұндай  міндетті  шешу  үшін  тәрбиешінің  тәрбие  жұмысының 

жоспарында мына мәселелер қарастырылуы керек: 

балалардың отбасын зерттеу; 



ата-аналардың  педагогикалық  сауатын  көтеру.  Ата-аналар  комитетінің 

жұмысымен байланысты арттыру. 

ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу. 



ата-аналарды балалардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен 

жүйелі таныстыру. 

Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, 

міндеттерін, мектепке дейінгі ұйымның ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен 

тәрбиешінің  қарым-қатынасының  негізгі  ұстанымдарын  ескеріп  есепке  алады. 

Мынадай тақырыпта ата-аналармен тақырыптық жиналыстар өткізуге болады. 

Мысалы:  

«Ал, енді танысайық» 



ата-аналармен сауалнама, тренинг; 

бірлескен  істерді  жоспарлау  үшін  «Ортақ  істеріміз»  атты  ата-аналар 



жиналысы. - «Біз шығармашыл жандармыз» атты көрме. 

Отбасындағы «Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесі» туралы тақырыптық кеңестер 



ұйымдастыруға болады. 

Ата-аналардың  балаларға  тәрбие  беру  міндеті  ҚР  Конституциясында,  ал 

балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. 

Отбасы- барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. 

Отбасының  балаға  тәрбие  берушілік  қызметінің  мақсаты  –  баланың  жасын,  жеке 



 

225 


 

ерекшелігін,  психологиялық  дамуын  ескере  отырып  жарасымды  жетілген  ұрпақ 

тәрбиелеу.  «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық 

сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан 

қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын 

өзіңіздің  мінез  –  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды  ой  елегінен  өткізіп 

бақыладыңыз ба?» деген сауал туады. 

Ұлы педагог А.С.Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын 

ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, 

бала  санасына  рухани  өктемдік  жасап  тәрбиелейтін  ата-ана  баршылық.  Бұл  беделді 

болудың  қандай  жолы?  Отбасындағы  ата  –  ана  мен  баланың  қарым  -  қатынас 

нәтижесінде  адамгершілік,  эстетикалық,  дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгілері 

қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала 

бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. 

Білімі  көп  адам  құралы  сай  ұста  сықылды,  не  жасаса  да  келістіріп  жасайды»  дейді 

Ахмет Байтұрсынұлы. 

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата 

–  аналардың  бала  тәрбиелеудегі  жауапкершілігі  арта  түсуде.  Балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеуде  отбасының  басым  рөлін  мойындай  бірлесе  жұмыс  атқару  керек.  Бала 

психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір тәрбиеші 

ата  –  аналармен  қарым  –  қатынас  жасауда  түрлі  тәсілдерді,  қазіргі  жаңа 

технологияларды  пайдалана  отырып  ата  –  ананың  қызығушылығын  арттыру 

мақсатында жұмыс атқарса,  ата  –  ананың балабақшаға,  тәрбиешіге деген  көзқарасы 

өзгерер еді. 

Қазіргі  уақытта  жұртшылықтың  балаларды  тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе  түсіп, 

тәрбие  жұмысы  еңбек  ұжымының  күнделікті  ісіне  айналуда.  Тәрбиешілердің 

практикасында  ата  –  аналармен  және  көпшілікпен  бірігіп  жұмыс  істеудің  әртүрлі 

формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін 

сәтсіздіктер ата – аналардың педагогикалық – психологиялық сауатсыздығынан және 

оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. 

Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс  жолын  табу  үшін  ата  –  аналарға  көмектесу  – 

тәрбиешілердің  міндеті.  Ата  –  аналармен  жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  қалай 

ұйымдастыруға болады? Ол үшін, тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып, 

отбасының  әлеуметтік  жағдайын,отбасы  мүшелерінің  бала  тәрбиелеудегі  рөлін 

анықтау  үшін  ата  –  аналардың  ұсыныс  –  пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында 

сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. 

Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе 

отырып  жасаған  тиімді,  себебі  ата  –  аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді, 

отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар 

ата  –  аналардың  ұсыныс  –  пікірлерімен  санаса  отырып  ата  –  аналарға  арналған 

әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын 

алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг-сабақтар, ата – аналарды 

педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады. 

Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін 

үлгілер  табады,  мұнда  ол  әлеуметтік  туылады.  Егер  біз  адамгершілігі  зор,  дені  сау 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау