Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет111/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   472

 

228 


 

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады: 

-  Ата-аналармен  жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыру.  Олардың 

қажеттілігі  зерттеу  мақсатында  экспресс-сұрақ  жүргізу  және  алынған  мәліметтерді 

келешек жұмыста қолдану. 

-  Тәрбиешілер  мен  ата-аналар  арасында  болашақтағы  іскер  әріптестік  үшін 

жағымды  қарым-қатынас  орнату.  Ата-аналарға  олар  қызыға  қатыса  алатын,  бала 

бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу. 

-  Ата-аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында 

айтылмайтын,  ата-анасы  күтпеген,  олар  үшін  қызықты  ақпаратты  хабарлау.  Бұл 

баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-

әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін. 

-  Педагогты  бала  тәрбиесіндегі  отбасы  мәселелерімен  таныстыру.  Бұл  кезеңде 

тәрбиешілер  ата-аналармен  диалог  жүргізеді,  отбасымен  сөйлескенде  тек  жағымды 

жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады. 

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу.  

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі  – ата-

аналар  конференциясы.  Бұл  форманың  бағалылығы,  мұнда  ата-аналармен  бірге 

қоғамдастық  та  қатысады.  Конференцияға  педагогтар,  аудандық  білім  бөлімінің 

қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-

психолог және т.б. қатыса алады. 

Ата-аналармен  жұмыстың  бір  формасы  -  тренингтер.  Тренингтік  ойын 

жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, 

жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне 

тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді. 

Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі конкурстарды 

–  сұрақтар  мен  жауаптар  кештерін  өткізу  болып  табылады.  Бұл  форма  өзінің 

педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, 

бір-бірімен  білімін  толықтыруға,  бала  дамуындағы  кейбір  мәселелерді  талқылауға 

мүмкіндік береді. 

Ата-аналармен жүргізілетін жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым 

ата-аналармен  қызметін  әртүрлі  деңгейде  ұйымдастыруына  болады:  жалпы 

балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.  

Жеке  жұмыста  тоқтай  кетер бөлімнің бірі  – отбасына қатынау.  Басты  мақсат  – 

баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, 

оның  жақындарымен  сұхбатта  сәби  туралы  көптеген  қажетті  ақпарат  алуға  болады. 

Қатынау  ата-анаға  да  көп  пайда  әкеледі:  олар  тәрбиешінің  баламен  қалай 

әңгімелесетінін  біледі,  педагогқа  баламен  үйде  еркін  сөйлесуіне  мүмкіндік  береді. 

Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті 

ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала 

тәрбиесі  туралы  көп  сұрақтар  қойылмау  қажет.  Өзіңізге  отбасына  сапарлар 

ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз. 

Ата-аналармен  жұмыстың  тиімді  формасы  әртүрлі  көрмелер  болып  табылады. 

Мысалы,  балалар  жұмыстарының  формасы:  бала  суреттері,  қолдан  жасалған 

ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-



 

229 


 

аналарға  бағдарламаның  маңызды  тарауын  жариялау  үшін  мысалы:  «Отбасы  мен 

балабақшада  балалардың  бейнелеу  іс-әрекеті»,  «Ойыншықтар  және  оның  тәрбиелік 

рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  ата-аналармен  өткізетін  жұмысының  тиімділігіне 

төмендегілер куәлік етеді: 

-  біріншіден,  мектепке  дейінгі  ұйымда,  нақты  топта  балалармен  білім  беру 

үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы; 

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар; 

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары; 

-  төртіншіден,  ата-аналардың  тәжірибелерінен  мысалдар  келтіру,  педагогқа 

баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту; 

-  бесіншіден,  ересектердің  тәрбиешімен  жеке  қарым-қатынасқа  ұмтылуы, 

тәрбиенің  сол  және  өзге  әдістерін  қолданудың  дұрыстығы  туралы  ата-аналардың 

ойлануы; 

-  алтыншыдан,  педагогикалық  жағдайларды  сараптау  кезінде  олардың 

белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу. 

Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың нәтижесінде түрлі жетістіктерге қол 

жеткізіп  келеміз.  Табысқа  жету  жолында  ата  –  ана  мен  педагог  арасындағы  тығыз 

байланыс үлкен рөл атқарады. 

Ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 

 Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; 

 Баланың  бүгінгі  жасаған  қадамының  –  болашақта  тұлға  болып  қалыптасуына 

әсер етуі, 

Балаға қолдау көрсету.Тәрбиешілердің іс – тәжірибесінде ата – аналармен бірігіп 

жұмыс жасаудың көптеген формалары қалыптасып, өз жемісін беруде. Тәрбиеші ата – 

анамен жекелей және ұжымдық жұмыс жасауы тиіс. 

Жекелей жұмыс – бұл педагогтың әр баланың жеке басындағы ерекше қасиеттерін 

ескере  отырып,  олардың  ата  –  анасымен  өз  жоспарымен  бөлісуі,  баланың  даму 

мүмкіндігі,  кем  тұстары  жайлы  ақылдасып  өз  жоспарымен  бөлісуі,  баланың  даму 

мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып бірлесе жұмыс істеуі. Ұжымдық жұмыс- 

бұл ұжымның немесе ата – аналардың жеке тобының жұмысы. Бұндай жиындарда ата 

–  аналар  балабақшадағы  белгілі  бір  жас  тобындағы  және  отбасындағы  тәрбиенің 

мақсаты және міндеттерімен, түрлері және әдістерімен жүйелі түрде таныстырылып 

отырады. 

Біздің  балабақшада  ата  –  аналарға  арналған  консультациялық  пункт  ашылған, 

онда  ата  –  аналар  өзіне  бала  тәрбиесіне  қажетті  ақпаратты,  сондай  –  ақ  психолог, 

мамандардан  кеңес  ала  алады.  Өскелең  ұрпақ  тәрбиесі  қашанда  маңыздылығын 

жоғалтқан  емес.  Бүгінгі  заманның  педагогына  қойылатын  талап  та  өте  жоғары. 

Педагог  үнемі  ізденісте  жүрсе,  ал  ата  –  ана  бұл  үдерісте  қолдау  көрсетіп,  көмекке 

келетін болса, жұмыс табысты болмақ.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. 

Ү.Тұрғынтаева.  Халық  даналығы-адамгерішілік  тәрбие  құралы  //  Отбасы  және 



балабақша. 2001ж. 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау