Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет114/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   472

 

234 


 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 

қатарына кіру стратегиясы».  

2.  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі-жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауы.  

3.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы.  

 

 



ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРУ – АТА – 

АНА МЕН ТӘРБИЕШІНІҢ ЫҚПАЛЫ 

 

Батенова Ж. Р., Оразбекова З. Р. 



Қарағанды қаласы. №42 «Тілек» балабақшасы 

 

Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы – еңбек 



 пен ата- ана үлгісі 

Ыбырай  Алтынсарин 

 

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 



ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың 

бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды 

қасиеттерді сіңіріп өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші 

роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.                                        

Бір жағынан ол үлкендердің, ата – аналардың, педагогтардың балаларға  белсенді 

ықпалын,  екінші  жағынан  –  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын 

қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым  – қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі 

бір  мазмұнды  іске  асыра,  адамгершілік  ықпалдың  әр  түрлі  әдістерін  пайдалана 

отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиеленушінің жетістіктеріне 

зер салып талдау керек. 

Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар 

адамдардың  іс  –  қылықтарынан,  мінез  –  құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара 

қарым – қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам 

еңбек ету, өзара көмек, сондай – ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, 

бұл  –  сананың,  сезімдердің,  мінез  –  құлық  пен  өзара  қарым  –  қатынастың  бөлінбес 

элементтері,  олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық  –  экономикалық 

құндылықтары жатады. 

Баланың 


өмірге 

белсенді 

көзқарасының 

бағыты 


үлкендер 

арқылы 


тәрбиеленеді.Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың 

мүмкіндігін  ескеру  арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу 

күнделікті  өмірде  үлкендердің  қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  процесінде 

ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.  

Тәрбиешінің  ең  бастапқы  формалары  педагогтың  балалармен  мазмұнды 

қатынасында, жан – жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу 

кезінде,  балалрға  арналған  шығармалармен,  суретшілер  туындыларымен  танысу 

негізінде іске асады. 




 

235 


 

Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке, 

ұжымдық  пен патриотизм бастамасына  тәрбиелеуге,  көп дүниені өз  қолымен  жасай 

алуды  және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін 

бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. 

Балаларда  ортақ  пайдалы  жұмысты  істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен 

шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс 

пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, 

оның өмірге белсенді ұстанымын бірте – бірте қалыптастырады. 

Әр баланың жеке басы – оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі 

күннің және  алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап 

етіледі. 

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі 

міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен 

үлкендер  арасындағы  саналы  қарым  –  қатынас,  тұрмыстың  қарапайым  ережелерін 

орындау, кеңпеілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б. 

Ұжымға  тәрбиелеу,  балалардың  өзара  ұжымда  қарым  –  қатынасын  қалыптастыру, 

Отанға  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу,  әр  түрлі  ұлт  өкілдеріне  қадір  тұту  және 

сыйлау.  Осылайша  мейірімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрайдылықтың  пайда 

болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі 

жасалмайды. 

Қарапайым    әдеттерді  тәрбиелей  отырып  педагог  балдырғанның  бар  істі  шын 

пейілмен  әрі  саналы  атқаруына  қол  жеткізеді,  яғни  сыртқы  ұнамды  мінездері  оның 

ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. 

Атақты  педагог  Сухомлинский:  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа  дейінгі 

аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. 

Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау 

дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа 

да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. 

Ол  балаға  рухани  ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың  рухының  өсіп 

жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. 

Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде 

адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар  – ұят өзін – өзі бағалау және адамгершілік 

сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 

Рухани  –  адамгершілік  тәрбие  –  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін  –  өзі  ұстау 

дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым  – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын 

қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез  – 

құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Сананың  қалыптасуы  –  ол  баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы 

алғашқы  ұғымдарының  қалыптасуына,  жақын  адамдарының  өзара  қатынасынан 

басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттреге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі 

адаммен жолдас болудың әсері  күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 

«Жақсымен  жолдас  болсаң  –  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң  – 

қаларсың  ұятқа...»,  «Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға»  -    деген  мақалдардан 

көруге  болады.  Мақал  –  мәтелдер,  жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау