Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет110/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   472

 

226 


 

ұрпақ  тәрбиелегіміз  келсе,  онда  бұл  мәселені  «бүкіл  әлеммен»:  балабақша,  отбасы, 

қоғам  болып  шешуіміз  қажет.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  басты  мақсаты  – 

отбасында  баланы  тәрбиелеуге  кәсіптік  көмек  беру,  оны  ауыстырмай,  тәрбиелік 

функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл: 

-   баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту; 

-  бала  тәрбиесіндегі  тұрақты  өзгеретін  жағдайларда  ата-аналар  арасындағы 

міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу; 

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау 

көрсету; 

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау; 

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде 

сену және сыйлау. 

Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік 

міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет: 

- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу; 

-  екіншіден,  ата-аналармен  олардың  отбасылық  шағын  ортасын  зерттеу  үшін 

біріге әрекет жасау. 

Одан  кейін  отбасының  ортақ  мәдениетін  көтеруге  және  ата-аналардың 

психологиялық  –  педагогикалық  құзырлығына  ықпал  ету,  оларға  балалармен 

жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, 

отбасына  жеке-дифференциалды  тәсіл  нәтижесінде  ата-аналармен  жұмыста 

әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану. 

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін 

педагогтың  бала  отбасына  үнемі  зерттеу  жүргізгені  жөн.  Бұл  үшін  ата-аналар 

жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, 

ата-аналардың  жеке  ерекшеліктерін,  олардың  тәрбиеге  көзқарастарын,  отбасылық 

қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет. 

Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде 

өздерінің  мәселелерін  талқылауға,  консультация  мен  көмек  алатындай  болғаны 

жөн.Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы 

міндетті.Мектепке  дейінгі  ұйым  педагогы  ата-аналармен  сенімді  шағын  орта  құру 

үшін  олармен  жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыруы  міндетті.  Мысалы, 

олардың  қажеттілігі  зерттеу  және  алынған  мәліметтерді  келешек  жұмыста  қолдану 

мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу. 

Тәрбиешілер  мен  ата-аналар  арасында  іскер  әріптестік  үшін  жағымды  қарым-

қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, 

бала  бейнесінің  жағымдылығын  қалыптастыратын  жұмыстар  өткізуі  қажет.Ата-

аналарда  баланың  жағымды  бейнесін  формалау  үшін  отбасында  айтылмайтын,  ата-

анасы  күтпеген,  олар  үшін  қызықты  ақпаратты  хабарлайды.  Бұл  баланың 

құрбыларымен  тіл  табысудағы  ерекшелігі,  оның  еңбекке  деген  қатынасы,  іс-

әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін. 

Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл 

кезеңде  тәрбиешілер  ата-аналармен  диалог  жүргізеді,  отбасымен  сөйлескенде  тек 




 

227 


 

жағымды  жақтарын  емес,  бала  қылығындағы  қиыншылықтар,  кедергілер  туралы  да 

айтады. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды 

келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады: 

- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу; 

-  әлеуметтік  тапсырысты  әзірлеуге  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі  ұйым 

миссиясын  анықтау,  білім  беру  мазмұнын  таңдау  (білім  беру  бағдарламалары, 

технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру; 

-  жоспарды  әзірлеудің  барлық  деңгейіне  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі 

ұйымның  даму  бағдарламасы,  жылдық  және  оқу  жоспарлары,  баланың  жеке  даму 

картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар. 

Ата-аналармен жұмыс формалары: 

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі. 

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл 

деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді: 

- көрнекі насихаттау; 

- оn-line бақылау; 

- отбасына қатынау; 

- консультациялық пункттер; 

- ата-аналар жиналысы; 

- әңгімелесу мен консультациялар; 

- ата-аналар конференциялары; 

- ауызша журналдар; 

- сауалнама жүргізу; 

- ашық есіктер күні; 

- дөңгелек үстелдер;және т.б.  

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, 

тәрбие  жұмыстарын  көрсету,  ата-аналар  үлгісі  және  т.б.  Ата-аналармен  жұмыстың 

барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. 

Ата-аналармен  ұжымдық  жұмыс  түріне  өздеріңізге  таныс  белгілі  іс-шаралар 

жатады.Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын 

ата-аналар  жиналысы.  Ата-аналар  жиналысында  топтың  тіршілік  әрекетінің 

мәселелері  талқыланады.  Ата-аналар  жиналысына  дайындық  кезінде  келесі 

ережелерді ұстану қажет: 

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы; 

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру; 

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы; 

- диалог түрінде өткізілуі; 

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін 

жарияламау керек. 

Ата-аналармен  жұмыстың  дәстүрлі  емес,тиімді  формаларының  бірі  -  шағын 

жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан 

кейін  шағын  жиналысқа  екі-үш  отбасы  шақырылады,  онда  отбасы  тәрбиесіндегі 

позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі. 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау