Бағдарламасының негізгі бөлімі және



жүктеу 0,93 Mb.
Pdf просмотр
бет10/23
Дата27.12.2019
өлшемі0,93 Mb.
#24993
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал 

бойынша ғана қойылады.  

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты 

бағалау алгоритмі белгілі.  

- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.  

Критериалды бағалау  



Мұғалімдерге:  

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;  

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;  

3. Білім беру сапасын арттыруға;  

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;  

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;  

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;  

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді  



Оқушыларға:  

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;  

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;  

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;  

4.  Шынайы  міндеттерді  шешу  үшін  өз  білімдерін  қолдануға,  түрлі  көзқарастарды  білдіруге,  сын  тұрғысынан  ойлауға 

мүмкіндік береді.  



Ата-аналарға:  

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;  

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;  

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;  

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;  

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.  



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

1.  Орта  білім  мазмұнын  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  тәжірибесі  негізінде  жаңарту.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.- 43 бет.  

2.  Бастауыш  мектепке  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  әдіснамалық  және  оқу-

әдістемелік негіздері. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.- 48 бет.  

3.  Камалова  С.Т.  сыныптв  оқушылардың  оқу  нәтижелерін  бағалау:  оқу  –әдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.- 44бет. 

4.  Система  критериального  оценивания  учебных  достижений  учасщихся.  Методическое  пособие.  –  Астана.: 

Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2013.- 80стр. 

5.  Айтпукешев  А.Т.,  Кусаинов  Г.М.,  Сагинов  К.М.  оценивание  результатов  обучения:  Метод.  пособие.  –Астана:  Центр 

педагогического мастерства, 2014.-108 стр. 

6. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов  образования: учебное пособие для студентов вузов.  –

М: Академия, 2009.-224стр. 

 

2.5.  Дәріс  тақырыбы:  Орта  және  жоғары  буындағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  критерийі  мен 

процедурасы 

Аннотация:  Білім  нәтижелерін  бағалаудың  жасқа  байланысты  критерийі.  Өзін-өзі  бағалау  және  оқушылардың  өзара 

бағалауы. Жоғары сынып оқушыларын  критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар. Жоғары сынып және 

орта  буын оқушыларының  оқу  пәндері  бойынша  оқу әрекетінің нәтижесін  және оқытудың  күтілетін  нәтижесін бағалау 

(деңгейлік  мақсаттылық)  5-8сынып  және  9-11  сынып  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  бағалау  процедурасының 

кезеңдеңдері: бағалау әрекетінің мақсатын анықтау; бағалау объектісін сипаттау (күтілетін нәтиже, нақты көрсеткіш және 

индикатор  түрінде);  бағалау  шкаласын  анықтау  (жетістіктердің  әртүрлі  деңгейлері,  мысалы  ҰБТ);  бағалау  құралдарын 

дайындау; бағалау нәтижелерін ұсыну формасы (педагогикалық құжаттар); бағалау жүйесін қолдану шарттарын анықтау.  

Кілт сөздер: Деңгейлік мақсаттылық, өзін-өзі бағалау,

 

Жоспары:  

1. 9-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдеңдері 2. Жоғары сынып оқушыларын  

критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар. 

3. 5-8сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдеңдері, талаптары 

4. Өзін-өзі бағалау және оқушылардың өзара бағалауы. 

Дәріс тезистері: 

Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты 

маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге 

бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жинақтаушы). 



Диагностикалық  бағалау  –  оқушының  білімінің,  іс-әрекетінің,  дағдысы  мен  құзіреттілігінің  қалыптасуының  алғашқы 

деңгейін  анықтау.  Диагностикалық  бағалау  әдетте  оқу  жылының  басында  немесе  бір  тақырыпты,  тарауды  оқытудың 

алғашқы сабағында жүргізіледі.   



Бағалаудың  бұл  түрі  оқушыға  да,  мұғалімге  де  қазіргі  жағдай  мен  талаптар  туралы    дұрыс  көзқарас  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы  анықталады: 

а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі; 

б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру; 

в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу 

қажеттілігі.  



Диагностикалық  бағалаудың  бірінші  буыны  –  оқушының  бір  тақырыпты,  курсты  оқығанға  дейінгі  жинақтаған  білім 

қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала 

тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл 

қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі. 

Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады: 

* алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы; 

* алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі; 

* алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы; 

* оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы; 

* оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;  

* оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу; 

* оқытылатын тақырыптан  оқушылардың нені күтетінін туындату. 

Алдын  ала  тестілеу  диагностикалық  бағалаудың  жалғыз  түрі  емес  екенін  байқаймыз.  Тақырыпты  оқытудың  алғашқы 

кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау  үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде 

тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек. 

Диагностикалық  бағалаудың  екінші  буыны  –  жаңа  тақырып  бойынша  оқушының  білімін,  іс-әрекеті  мен  дағдысын, 

құзіреттілігін  тексеру  болып  табылады.  Мұғалім  тестілеуді  тақырыпты  оқудың  соңында  жүргізіп,  оқушы  өтілген 

тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді  меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады. 

 

 

Формативтік бағалау. Соңғы он жылдықта білім беру мазмұнында сапалы өзгерістер болды: оқытудың басты мақсаты 

болып табылатын білімнен, іскерліктен, дағдыдан оқушылардың жалпы оқу құзіреттілігін қалыптастыруға ауысты. Бұл өз 

кезегінде  бағалау  жүйесіне  де  өзгеріс  әкелді.  Білім  берудің  осындай  парадигмасында  дәстүрлі  «белгілік»    бағалау 

жүйесінің мынандай күрделі мәселелері анықталды: 

-  жалпыға  бірдей  қабылданған  «белгілік»  бағалау  жүйесі  оқушының  оқуының  табыстылығын  мұғалім  мен  мектеп 

тұрғысынан сыртқы бағалау функциясын атқарды; 

- оқушыға өзіндік бағалаудың қалыптасуына толыққанды мүмкіндік берілмеді; 

-  оқытудың  әр  бала  үшін  жекелілігін  қиындатады.  Әрбір  баланың  оқудағы  білімін  алдыңғы  нәтижелерімен  салыстыра 

отырып, оның нақты жетістіктерін оң бағалау және белгілеп отыру мұғалімге қиындық туғызады; 

-  бағалаудың  аз  мағлұматтылығы.  Бағалау  критериінің  жасырындылығы  мен  формальдылығынан  қойылған  баға 

оқушының нақты білім деңгейін анықтай алмады және ең маңыздысы, ары қарай даму бағытын анықтау, яғни нақты нені 

жақсарту, қалай жұмыс істеу, оның бала үшін қай деңгейде қажет екендігін анықтау мүмкін болмады; 

- «жанды жаралау» сипаты жиі кездеседі. Толығымен мұғалімнің қолына жұмылдырылған «белгілік» бағалау жүйесі бір 

жағынан  оқушыны,  екінші  жағынан  оның  ата-анасына  жиі  қолданылатын  психологиялық  құрал  болды.  Оқушы  мен 

мұғалімнің  арасындағы  кері  байланыс  оқушының  білім  алу  нәтижесін  жақсарту  мақсатында  емес,  әлеуметтік  және 

басқару мақсатында қолданылды;  

-  мұғалімдер  арасында  оқушыныңң  білімдегі  жетістіктерінің  сапасын  емес,  оның  орындаған  жұмысының  түрлері  мен 

көлемін бағалау практикада кең тараған. 

-  оқушыларды  бір  бірімен  салыстыруға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  оқушының  екпінділігі  мен  ынтасын  төмендетіп, 

жетістігі төмен оқушыға моральдық тұрғыдан кері әсер етеді және толыққанды жетістігі жоғары оқушы болуға ұмтылуға 

мүмкіндік  бермейді.  Оқушының  жетістіктерін  бағалауда  оқытудың  «кері  тартпа»  жақтарын  жоятын,  оқу  үрдісінде 

жекелей оқытуға ықпал ететін оқушының өздігінен оқуы мен оқуға деген ынтасын арттыруға әсерін тигізетін бағалаудың 

жаңа  әдісіне  қажеттілік  тууда.  Осындай  әдістердің  бірі  қалыптастырушы  (формативтік)  бағалау,  сонымен  қатар  оны 

оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады. 

1967  жылы    Майкл  Скривен    бағалаудың  екi  түрiн  -  формативтік  (қалыптастырушы)  және  суммативтік  (жинақтаушы) 

ұсынды.  Формативтік  бағалау  оқушылардың  әлемдi  тану  процессiндегі  жетістіктердің    өлшемi  ретінде  қолданылады. 

Бағалау П.Блэкке  пен Д.Уильямның айтуы  бойынша  сабақ берудi жетілдіру және үйрену, өз-өзiн бағалау үшiн мұғалім 

мен  оқушылардың  өз  ара  байланысы  ретiнде  қолданылатын  мәлiметтердi  қамтамасыз  ететiн  барлық  мүмкіндікті 

бiлдiредi.  Блэк  пен  Уильям  өздерінің  жасаған  анализдерінің  негізінде  мынадай  қорытынды  жасады:  «  Инновация  және 

тәжірибеде  формативтік  бағалауға  себепші  болатын  мадақтаулар  елеулі  табысқа,    маңызды  нәтижелерге  жету  кезінде 

көмектеседі.  Бұл  зерттеулер  жас  ерекшелік  топтарына  байланысты  5  жастағы  балалардан  бастап  университет 

студенттеріне  дейін  жүргізіледі».    Австралия,  Канада,  Дания,  Англия,  Финляндия  елдерінде  бiлiм  жүйесiнiң  табысты 

реформасын дамытудың барысында  формативтік бағалау мұғалімдердің тәжірибесіне енгізілді. 



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

1. Звонников В.И. Современные средства оценивания результатов образования: учебное пособие для студентов вузов.  –

М: Академия, 2009.-224стр. 

2. Амонашвили Ш.А. Обучение. Оценка. Отметка. –М.: Знание, 1980.- 96стр. 




жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау