Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық
жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық
жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды,қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу
мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірбиелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы
мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы
қажет.Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім
алушыларға:
• жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
• идеяларды бағалауды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады;
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.
Кері байланыс беру
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге
асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілдік тұтарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекеті, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға
ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған
сұрақтарға толық жауап беру керу байланыстың тиімділігін көрсетеді.
4-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары
Мұғалім
Білім алушы
• Білім алушы оқудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек
• Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?
• Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
• Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет?
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызща, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түде берілуі мүмкін.
Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (3,4,5-суреттер).
3-сурет. Жазбаша кері байланыс үлгісі
5- сурет. Ауызша кері байланыс үлгісі
Кері байланыс бойынша берілген мысалда мұғалім білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат
береді және қатені
түзету үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының
нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін
қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:
• белгілі бір тапсрмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
• бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
• білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.
Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:
• әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;
• орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;
• талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;
• шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін),
жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
• мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгетуге болатыны туралы іс-рекеттің тоық жоспарын
құру;
• талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б);
• ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
• ұжымға көмектесі, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып, жүйелі талдау
жүргізу ұсынылады.
Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау мұғалімнің өз шешіміне қарай жүзеге асырылатынын және есеп беру
құжаттарын қажет етпейтінін атап көрсетуге болады.
Сондықтан қалыптастырушы бағалау үдерісін жүзеге асыру үшін мұғалім:
• сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
• қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыру;
• кері байланыстың формасын қолдануы;
• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құру;
• рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы(білім алушылар жұмысының сапасы,бағалау
құралдарының сапасы,білім алушылардан,әріптестерден, кері байланс, ата-аналармен әңгімелесі және т.б.) қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. – Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.- 43 бет.
2. Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-
әдістемелік негіздері. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015.- 48 бет.
-
Асқар, мен жұмысты тексеріп шықтым. Орындаған жұмысыңда өрнек дұрыс түрлендірілген,
жарайсың.
-
Рақмет, мен орындауға тырыстым.
-
Алайда, мен қазір оқыған материалға назарыңды аударғым келеді.Қазір біз нені оқып жатымыз?
-
Ықшамдалған көбейту формуласын.
-
Иә, дұрыс. Біз оны не үшін қолданамыз?
-
Өрнекті түрлендіру кезінде уақытты үнемдеу үшін.
-
Дұрыс. Енді орындалған жұмысқа қарашы. Қалай ойлайсың, не қалып қойған?
-
Мен квадраттың айырым формуласын ұмытыппын.
-
Иә, дұрыс. Келесі жолы мұқият бол.
-
Жақсы, рахмет.