Бөж Тақырыбы: мш жоғары сынып оқушыларын азаматтыққа тәрбиелеудің тәрбие сабағының жоспары Орындаған: Нәлтай. А қабылдаған: Құлжабаева. Г. А тобы: Тп18-2к1 Шымкент2020



жүктеу 41,92 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі41,92 Kb.
#31823
Тжт 13 апта Нәлтай Айдана



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Қазақстан Мемлекеттік университеті



Бөж

Тақырыбы: МШ жоғары сынып оқушыларын азаматтыққа тәрбиелеудің тәрбие сабағының жоспары




Орындаған:Нәлтай.А

Қабылдаған: Құлжабаева.Г.А



Тобы:Тп18-2к1



Шымкент2020


Тақырыбы: Адамгершілік - азаматтық тұлға
Мақсаты: Адам бойында кездесетін рухани адамгершілік қасиетті аша білу;
Міндеті: Адамгершілік қағиданы басты назарда ұстап, достарыма насихаттау;
Өзектілігі: Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

І. Кіріспе
“Рухани - адамгершілік – ізгілік нұры”
Ешкім адамгершілігі мол азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата – ананың тәліміне сусындап - адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ержеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді. Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық - бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, Отанды сүюден туады. Ал, Отанды сүю үй ішіңнен, отбасынан өседі. Ата – ананы, апа - қарындасты, аға - ініні сыйлап, құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе......
Бауыржан Момышұлы

Адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік деп білемін. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Адамгершілігі мол деп – арам пиғылдан ада азаматтарды айтар едім. Жақсы адам жан - жағына нұр шашып қана қоймай жетімдерге жұбаныш, әлсіздерге демеу болады. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді деп ойлаймын.

Адамгершіліктің 7 қағидалары
1. Ақиқатқа сену, адал болу;
2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;
3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;
4. Жүректе имандылықты сезіну;
5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;
6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;
7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау;

Адам бойындағы 7 қасиет
1. Көру - әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау;
2. Есту - әлемдегі керемет дыбыстарды есту;
3. Сезіну - ізгілікті жүрекпен ұғыну;
4. Дәм сезу - ең дәмді мен ащының дәмін тату;
5. Ұстау - екі қолмен жақсылық жасау;
6. Аялау - қолда бардың қадірін білу;
7. Махаббат - сүйіспеншілік;

Адам бойындағы осы қасиеттер бізге алланың жасаған сыйы.
Оны адамзатқа жақсы істер үшін берген деп ойлаймын. Күллі дүниеде осы 7 қасиет түгелімен берілген бірде - бір тірі жан иесі жоқ. Ол тек адам деген атқа лайық пендеге бұйырған. Ендеше
адамгершілігі мол азамат боламын дейтін адам осы қасиеттерін тек жақсы пейілмен іске асырса екен деймін.

Адамгершіліктің бес құндылығы
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс
жүзіне асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
“Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Абай
4. Жан тыныштығы
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
5. Ақиқатты тану
Рухани кәусар бұлақ \көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.

Қорытынды
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ...
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мақсаты:
а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Тәрбие сағаттың барысы:
І. Сан сұраққа саяхат
ІІ. Сыңарын тап
IІІ. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?»
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі:
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә, «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сан саяхат»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
ІІ. Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IІІ. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным


Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
 Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.
 Сабақтың түрі:
 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
                                              2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
                                              3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)
Жүргізуші I:   Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке -
менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
Жүргізуші II:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар
тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға
сая панамыз – Қазақстан көркем жер!
Жүргізуші I:   Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
Жүргізуші II:  Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,
бір кісідей мандай терін төккен жер!
Жүргізуші I:   Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен
ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы
менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!
Жүргізуші II:   Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!
Жүргізуші I: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты  сан ғасырлық шерімен!
Жүргізуші II:   Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла
шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!
(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында «Менің елім» әні орындалады. Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)  
Жүргізуші I:  1990 жыл ...
24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін  мемлекеттік  - құқықтық нормаларын бекетті.
Жүргізуші II:   1991 жыл ...
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Оқушы:       Елің үшін қуанғын және қайғыр,
                  Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
                  Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
                  Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
 
                 Тарихтың жадында даусың қалсын,
                 Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
                 Баста бізді бақытқа, көзіндегі
                 Елге деген мейірім таусылмасын!    
 
Жүргізуші I:    10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті
Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып
жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының
өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.
Жүргізуші II:    16 желтоқсан ҚР-ның  Жоғарғы Кеңесі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).
       
Жүргізуші I:
                            Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,
                              Көрейін бақытымның азаттығын.
                             Тауымды тамылжытқан бостандықтан
                             Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
                             Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
                             Құт күшім –егемендік иелігім,
                             Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
                             Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.
         
        ( Аяулымның орындауында «Егемен    елім-ай». Әні К. Дүйсекеевтікі, сөзі Б.Батырбекқызынікі )   
Жүргізуші II:   1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан
тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның
Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және
амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба
үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды. 
          Оқушы I :   Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
                               Мемлекет мерейінің сенген күші.
                               «Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
                               Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
         Оқушы II:    Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
                                 Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
                                Мен сенің салтанатты сағатыңа,
                                Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
          Оқушы I:     Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
                                 Қалықта Елтаңбасы  - шаңырағым.
          Оқушы ІІ:    Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
                                Аспандат Атам қазақ Аруағын!
(Аккулиев Әділбек пен Бөденбаева Меруерттің орындауында «Атамекен»әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен қалалары көрсетіледі.)
Жүргізуші I:   1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны
аралығында Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүние- жүзілік құрылтайы болып өтті.     
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран,
Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан
астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл
конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы
үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
Жүргізуші II:   1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы
Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан
өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша
өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.
Жүргізуші I:   15 қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.
               (Байымбетов Ернар мен Аманова Гаухардың орындауында ән «Өз елім». Әні П.Тілеңдиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі )
                           
Жүргізуші II:   16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті.

                                    Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!  


                                    Көрейін бақытымның азаттығын,
                                    Таңымды тамылжытқан бостандықтан,
                                    Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
                                    Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
                                   Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
                                    Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
                                    Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!
(Әбілдаева Ақеркенің орындауында «Қазақ биі».)
Жүргізуші I:   1997 жыл ... Жаппай қуғын –сүргін
құрбандары  еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып,  демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.

Жүргізуші IІ:   1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп


келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты
көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын  терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз
орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай
білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан  Астанаға көшірілді.
Жүргізуші I:   Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!
Жүргізуші II:    Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!
( Аккулиев Әділбектің орындауында ән «Астана»)
Жүргізуші I:    1999 жыл ...Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы! Өз кезегінде уақытша құбылыстардың ырқымен кетпей, түбегейлі мұраттар жолындағы ортақ күресімізді  табандылықпен жалғастырудың бірден бір кепілі – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы екендігіне көзімізді анық жеткізеді.
Жүргізуші II:    Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.
Жүргізуші I: Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан –2000 жыл мәдениетті қолдау жылы!
Жүргізуші ІI:   Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.
Жүргізуші I:   Тарихи жағымызды қалпына келтіріп, отандық сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақстан тарихи және мәдениеті ескеркіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстан тарихи негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты акция өткізді.
Оқушы:    «Мыңжылдық саңлақтары»
1. Ахмет Иассауи
2. Әз Жәнібек хан
3. Мұхамед Хайдар Дулати
4. Төле би
5. Қазыбек би
6. Әйтеке би
7. Абылай хан
8. Құрманғазы
9. Шоқан Уәлиханов
10. Абай
Оқушы:    «ХХ ғасыр саңлақтары»
1. Әлихан  Бөкейханов
2. Ахмет Байтұрсынов
3. Дина Нұрпейісово
4. Мұхтар Әуезов
5. Қаныш Сәтпаев
6. Бауыржан Мамышұлы
7. Дінмұхамет Қонаев
8. Нұрсұлтан Назарбаев
9. Олжас Сүлейменов
10. Тоқтар Әубәкіров
Жүргізуші ІI:    Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–15жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.
Жүргізуші II:    Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің  отын маздатты, елімізді қатарға қосып,
әлемдік қауымға ендірді.
Жүргізуші I:    Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп,
барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
Жүргізуші II:   Аз ғана уақыттың ішінде елімізді,
халқымызды  шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,
бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды.
Елміз  өркениетті замана ағысына қосылды.   
(Сол кезде сахнаға Елтаңба мен байрақты қөтеріп, екі оқушы шығады. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Әні III. Қалдаяқовтікі, сөзі Ж.Нәжімединов және Н.Ә.Назарбаевтікі.)
жүктеу 41,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау