17
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
алғанын көреміз. Бала құқықтары жөніндегі ко-
митет қатысушы мемлекеттерді мұндай зорлық-
зомбылықтарды болғызбау үшін тиімді шара-
лар қабылдауға және кінәлі адамдардың жауапқа
тартылғанына көз жеткізуге шақырады.
Судьялар үшін, бұл, ең алдымен, полицияда жа-
уап алу немесе алдын ала қамауда ұстау бары-
сында кәмелетке толмағандардың қатыгездік
немесе қадір-қасиетін қорлайтын (ықтимал)
әрекеттерге шағымдануына баса назар аудару
қажеттігін білдіреді. Мысалы, судья осы іспен ай-
налысатын полиция қызметкерін немесе тиісті
ұйымның қызметкерін тыңдауы мүмкін. Егер су-
дья арызда айтылған жайттарды орынды деп тапса,
мүмкіндігінше, түпкілікті
шешім шығарған кезде
мұны назарға алуы мүмкін.
4.2. кәмелетке
толмағандардың істері
бойынша әділсот жүйесі
және қылмыстық
жауаптылыққа тартылатын
ең төменгі жас (Қжтж)
40-баптың 3-тармағында мемлекеттерден, заңмен
қайшылықта жүрген балалармен жұмыс істейтін
заңдар, процессуалдық нормалар қабылдау, ор-
гандар және мекемелер құру талап етілген. Яғни,
жалпыға бірдей ювеналды әділет жүйесін құру
қажет.
Бала құқықтары жөніндегі комитеттің пікірі бой-
ынша, ол үшін полиция, сот жүйесі және проку-
ратура жанынан арнайы бөлімшелер құру, сондай-
ақ, балаларға заңдық және басқа да көмек беретін
мамандандырылған қорғаушыларды даярлау
қажет.
Сондай-ақ, мемлекеттер жеке құрылымдар
түрінде не қазіргі соттар жанынан кәмелетке
толмағандардың істері бойынша соттар құруға
тиіс. Бұл міндеттерді практикалық себептерге
байланысты шешу (тез арада) мүмкін болмаған
жағдайларда, қатысушы мемлекеттер ювеналды
әділет жүйесіне қатысты істерді қарау бойынша
арнайы соттарды тағайындауға тиіс.
22
40-баптың 3 (а)-тармағы қатысушы мемлекеттердің
қылмыстық жауапкершілікте ең төменгі жас шама-
сын белгілеуге міндеттілігі ретінде түсіндірілуге
тиіс. Бірақ аталған бапта жас шамасының нақты
қандай болу керектігі көрсетілмеген.
Бала құқықтары жөніндегі комитет 12 жас
қылмыстық жауаптылық үшін ең төменгі
жас болуға тиіс деп есептейді. Қылмыстық
жауаптылыққа тартылатын жас шамасы тым төмен
болып белгіленген
мемлекеттерде ол ең кемінде
12 жылға дейін жеткізіліп, жалғастырылуға тиіс,
ал қылмыстық жауапкершілік 12 жастан жоғары
белгіленген мемлекеттер оны төмендетпеуі
қажет
23
. 12 жасқа толмаған қылмыс жасаған ба-
лалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмай-
ды. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын ең
төменгі жасқа жетпеген, қылмыстық заңнаманы
бұзған кішкентай (тіпті өте) балаларға ресми айып
тағылып, олар қылмыстық жауапкершілікке тарты-
луы мүмкін емес. Мұндай балалар үшін олардың
басым мүдделерін
қорғау қажет болған жағдайда,
арнайы қорғау шаралары қолданылу мүмкін.
Бала құқықтары жөніндегі комитет бала ауыр
қылмыс жасағаны үшін айыпты делінетін мейлінше
жас кезінде немесе бала қылмыстық жауапкершілік
арқалауы үшін барынша ересек болып санала-
тын жаста қылмыстық жауаптылыққа тартуға
мүмкіндік беретін, қылмыстық жауаптылыққа тар-
тылатын ең төменгі жас туралы қағидаға ескерту
енгізу мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.
Комитет қатысушы мемлекеттерге аталған жасқа
толмаған балаларды қылмыстық жауапкершілікке
тартуды алып тастау туралы мұндай ескертуге
мүмкіндік берілмейтін, қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын ең төменгі
жас шамасын белгілеу тала-
бын қояды.
Сонымен қатар, ювеналды әділет қағидаларын
қолдану үшін жоғарғы жас шамасы белгіленген.
Баланың құқықтары жөніндегі комитет қылмыс
жасалған сәтте 18 жасқа толмаған әрбір балаға
жасөспірімдер әділеті жүйесі қағидалары
қолданылуға тиістілігін атап көрсетеді. Комитет
18 жасқа толмаған балаларға (қылмыс жасалған
сәтте) ересек қылмыскерлер ретінде, мысалы,
олар ауыр қылмыс жасаған кезде балаларға ере-
сек қылмыскерлермен қарым-қатынас жасағандай
қарауға болмайды деп есептейді.
Сот алдына 18 жасқа толмаған жасөспірім келген
кезде судьялар бұл туралы ойлануы қажет. Мұндай
жағдайда, ювеналды әділет жүйесі қағидалары
қолданылуы тиіс.
Егер 18 жасқа дейін
немесе одан кейін жасалған
қылмыстар бойынша айып тағылса ше? Онда мы-
надай екі мүмкіндік бар:
•
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
судьялардың біліктілігі оған ересектер жасаған
қылмыстарды қарауға мүмкіндік береді. Мұндай
жағдайда ол: бірі – ювеналды әділет жүйесі
қағидалары бойынша, екіншісі – ересектер үшін
әділсот жүйесі қағидалары бойынша екі үкім
шығарады.
22. Бала құқықтары жөніндегі комитеттің кәмелетке толмағандарға
қатысты әділсотты жүзеге асыру аясындағы №10 Жалпы ескертуі,
90 – 95-параграфтар; CRC/C/GC/10 БҰҰ құжаты, 2007 ж.25 сәуір,
23. Қараңыз: №10 Жалпы ескерту, 30 – 33-параграфтар.
18
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар:
•
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
судьялардың біліктілігі оған тек жасөспірімдер
қылмыстылығымен айналысуға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда ол жасөспірім 18
жасқа толғанға дейін жасаған қылмысқа үкім
шығаруға тиіс.
Ювеналды әділет жүйесіндегі
қиындықтардың бірі
баланың қылмыстылық жауаптылыққа тартылатын
ең төмен жасқа жеткенін дәлелдеу үнемі мүмкін
бола бермейтіндігімен байланысты болып табыла-
ды. Бұл көбінесе туудың (тиісті) тіркелмеуіне не-
месе туу туралы куәлікті берудің мүмкін болмау-
ына, мысалы, егер бала оралман жұмысшылардың,
босқындардың отбасында немесе баспана іздеген
отбасыларда тұратын болса, байланысты болып та-
былады. Мұндай жағдайда, бала медициналық тек-
серуге жіберіледі немесе баланың жасын анықтауға
мүмкіндік беретін әлеуметтік тергеу жүргізіледі.
Егер ол нәтиже бермесе, кінәсіздік ақиқаты
бала жағында қалуға тиіс. Бұл – егер бала үшін
қылмыстылық жауапкершіліктің
ең төменгі жасын
анықтау мүмкін болмаса, ол жауапқа тартылмайды
деген сөз, егер баланың 18 жасқа толғанын немесе
одан асқанын дәлелдеу мүмкін болмаса, оған юве-
налды әділет жүйесінің қағидалары қолданылуға
тиіс.
4.3. Ювеналды әділет жүйесі
тәжірибесіндегі жалпы
қағидаттар
2-бөлімде барлық баптарды (2, 3, 6 және 12-бап-
тар) іске асыру үшін БҚК жалпы қағидаттарының
маңыздылығына назар аударылған. Осы ақпаратқа
қосымша ретінде ювеналды әділет тұрғысынан 2
және 12- баптарды іске асыруға қатысты бірнеше
ескертулер берілген.
Баланың неғұрлым басым мүдделері бірінші
дәрежелі мәнге ие болады (БҚК 3-бабы).
Бұл қағидат қылмыстың жолын кесу/жазалау
сияқты сот ісін жүргізудің дәстүрлі мақсаттары
құқық бұзушы балаларға қолданылған жағдайларда
қалпына келтіруші және оңалтушы әділсотпен
алмастырылуға тиіс. Бұл істің жай-күйіне және
судьялардың дәстүрлі емес стандарттарды
басшылыққа ала білуіне байланысты болмақ.
Мысал ретінде, он бес жасар бала көшеде
алпыстағы әйелдің әмиянын ұрлап алды делік.
Әйел
құлап қалып, аяғын сындырады, сөйтіп оның
екі апта бойы ауруханада жатуына тура келді. Егер
бұл әрекет ересек адам тарапынан жасалса, оған
түрмеде отыруға үкім кесілген болар еді. Бірақ бұл
жолы былай болған: әмиян ішіндегі бар затымен
әйелге қайтарылған, ал баланың ата-анасы оған