7
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
1.1. адам құқықтары
тұрғысынан алғандағы бала
құқықтары туралы бҰҰ
конвенциясы
Бала құқықтары саласындағы тұңғыш халықаралық
құжат 1924 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар
Лигасының жәрдемдесуімен қабылданған Же-
нева декларациясы болды. Келесі қадам Біріккен
Ұлттар Ұйымының басқа Бала құқықтары декла-
рациясын қабылдауы болып табылды.
1
Бұл Декла-
рация Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам
құқықтарын әзірлеу жөніндегі іс-шаралардың бір
бөлігі болды.
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы нәсілдік,
жыныстық, тілдік немесе діни сенім белгілері бой-
ынша бөлмей, адам құқықтарын және баршаның
негізгі бостандықтарын құрметтеу мен сақтауды
ілгері апару және көтермелеу мақсатында өз
Жарғысын қабылдады.
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы
барлық БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер мақұлдап,
қабылдаған, адамның барлық негізгі құқықтарын
қамтыған алғашқы халықаралық құжат – Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын
(АҚЖОД) қабылдады.
2
АҚЖОД адам құқықтары
жөніндегі мынадай екі халықаралық келісімді
әзірлеуге негіз әрі оған дем беруші болып табылды:
•
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар туралы халықаралық пакт
(ЭӘМҚХП);
•
Азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пакт (АСҚХП).
Екі пакті де 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында
қабылданды және 1976 жылы күшіне енді.
3
Осы
екі құқықтар жиынтығы айырмашылықтарының
мәніне қатысты пікірталастар әлі де жалғасып
келеді. Бірақ экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтардың өзіне тән ерекшелігі, мысалы,
білім алу құқығы, қол жеткізуге болатын ең жоғары
физикалық және психикалық денсаулық деңгейі
құқығы қысқа мерзім ішінде іске асырылуы мүмкін
емес, бұл – барынша ұзақ үдеріс, мемлекеттің
билігіндегі ресурстарға байланысты екені туралы
бәтуа бар. Азаматтық және саяси құқықтар толық
тануды және еш кідіріссіз іске асыруды талап етеді.
1965 жылдың өзінде-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы
адам құқықтары туралы неғұрлым нақты шарт –
Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою ту-
ралы халықаралық конвенцияны қабылдады.
4
Бұл
адам құқықтары туралы алғашқы халықаралық шарт
болып табылды, осы құжатқа берілген басымдықты
1945 жылғы БҰҰ Жарғысында да және 1948 жылғы
АҚЖОД-да да барлық адамдардың заң алдында
тең екеніне, кез келген кемсітушіліктен қорғануға,
сондай-ақ кемсітушілікке арандатудан қорғауға ба-
сты назар аударылуымен түсіндіруге болады.
ЭӘМҚХП және АСҚХП қабылданғаннан кейін
олардың баршаны тегіс қамтитын мазмұнына
қарамастан, халықаралық қоғамдастықта әйелдер,
балалар, көшіп-қонушы жұмысшылар және мүгедек
адамдар секілді адамдардың әлсіз топтарына
мейлінше ерекше қорғау тетігін ұсыну қажеттілігі
туындады. Бұл Әйелдерге қатысты барлық
кемсітушілік түрлерін жою туралы конвенцияның,
Баланың құқықтары туралы конвенцияның (БҚК),
Барлық еңбекші көшіп-қонушылардың және
олардың отбасыларының құқықтарын қорғау тура-
лы конвенцияның және Мүгедектердің құқықтары
туралы конвенцияның қабылдануына алып келді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын
адамдардың әлсіз топтарының құқықтарын тікелей
тану және қорғау мақсатындағы даму үдерісінің
бір бөлігі ретінде қарауға болады. Осылайша,
БҚК балалардың азаматтық, саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтары мұқият
әзірленіп, егжей-тегжейлі баян етілді. Құжат
адам құқықтарын қолданушы ретінде баланы
халықаралық деңгейде мойындау болып табылады.
бала құқықтары туралы бҰҰ
конвенциясына жалпы кіріспе
1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1386 (XIV) қарары, 1959 ж. 20 қараша.
2. БҰҰ Бас Ассамблеясының 217A (III) қарары,1948 ж. 10
желтоқсан. Бұл халықаралық адам құқықтары күні болып табылады
және осы құжаттың маңыздылығын атап көрсету үшін жыл сайын
көптеген елдерде атап өтіледі.
3. Екеуі де БҰҰ Бас Ассамблеясының 2200A (XXI) қарарымен
қабылданған, 1966 ж. 16 желтоқсан. ӘМҚХП 1976 ж.3 қаңтарда,
АСҚХП– 1976 ж. 23 наурызда күшіне енді; депозитарийге ра-
тификациялау туралы 25-құжат өткізілгеннен кейін 3 айдан соң
(ӘМҚХП 27-бабы және АСҚХП 49-бабы).
4. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2106A (XX) қарары, 1965 ж. 21
желтоқсан.