ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
171
болсақ, онда басқа адамдар туралы көзқарасымыз өзгеше болады. Біз
«елдің бәрі ұрлық жасайды», «ерніңе бірнеше сақина салғаннан еш-
теңе болмайды» деп өсуіміз мүмкін. Біз қабылдаған нормалар басқа
дәстүрлі қоғамның нормаларынан әлдеқайда өзгеше болуы ықтимал.
Ал егер әдеттегі нормаларға сай келетін қауымдастықпен араласатын
болсақ, онда олар бізді осы нормаларға сай болғанымыз үшін марапат-
тайды: қызметіміз өсіп, басқалардың құрметіне бөленеміз және т.б.
Егер оның орнына ережеден ауытқыған субмәдениетпен қарым-қаты-
насқа түсетін болсақ, онда бүл субмәдениет бізді дәстүрлі нормаларды
сақтағанымыз үшін емес, оларды бұзғанымыз үшін сыйлайды. Осы
механизмдер арқылы девианттылыққа қолдау көрсетілетінін және
бүл олар үшін пайдалы екенін білеміз.
Қррқытып-үркіту теориясы
Дифференциалды ассоциация теориясы девианттылықты қол-
дайтын топтар мен орталарда ғана девианттылықты түсіндіріп
бере алады. Ал қорқытып-үркіту теориясы девианттылықты мү-
нан кең ауқымда түсіндіреді. Бұл теорияның айтуынш а, адамдар
конформизмнен гөрі девианттылы қ көбірек пайда келтіреді әрі
девианттылықтың қатері мен залалы әлдеқайда аз деп сенгендік-
тен ереже бұзуға барады.
Тартыну теориясы құрылымдық-функциялық және символ-
дық интеракционизм теориясының элементтерін біріктіреді. Деви-
анттылықты ынталандыру және жазалау жүйесінің лайықсыздығы
(дисфункциялығы) үшін кінәлайды. Алайда адамдардың девиант-
тылыққа барар алдында оның зияны мен пайдасын асықпай тараз-
ылайтынын да айтады (McCarthy, 2002; Jacobs, 2010; Pratt және т.б.,
2006). Яғни символдық интеракционизмнің басқа теориялары сияқ-
ты, бұл теория да өздерін қоршаған ортаның мән-мағынасын айна-
ласындағылармен әрекетке түсу арқылы түсінеді.
Тартыну теориясының айтуынша, әлеуметтік құрылымдар
конформизм үшін лайықты сыйақы бермеген жағдайда адамдар
девианттылықты таңдауы мүмкін. Мәселен, ешқандай болаша-
гы жоқ жұмыста істейтіндер әсіресе оны тұтқындау я әлеуметтік
түрғыдан айыптау ықтималдығы төмен болса, «ұрлық жасасам не
арақты салынып ішсем жоғалтатыным шамалы, ал табатыным көп»
деп ойлайды (Uggen, 2000; Sampson & Laub, 2005; McCarthy, 2002). Сон-
дықтан 2011 жылы Англияның түкпір-түкпірінде үйлерді тонап,
қиратып, өрт қою оқиғалары көбейгенде, ғалымдар жастардың (әсі-
ресе азшылық өкілдерінің) арасында «бұл жүйе бізге қарсы» деген
пікір орнығып қалған деген ой білдірді (Kulish, 2011). Ал, керісінше,
ата-аналарымен тығыз байланыста болып, мектепте жақсы оқыған,
өздерін сол мектептің бір бөлігі ретінде сезінген және жақсы жұ-
мыс істеп жүрміз (жақсы жұмысқа тұрамыз) деп сенген адамдар-
дың девианттылыққа баруы екіталай, себебі олардың бұдан жоғал-
татыны көп (Haynie & Osgood, 2005).
Ат таңу теориясы
Девианттылықтың символдық интеракционизм мен конфликт тео-
рияларын біріктіретін үшінші теориясы -
ат таңу теориясы. Бүл тео
рия қандай адамдар мен іс-әрекетке қалай және неліктен «девиант»
деген ат қойылатынын зерттейді. Ат таңу теориясының негізін қалау-
шы ғалым айтқандай, «девиантты мінез-қүлық - халықгың таңған
аты» (Becker, 1963; 90).
I
Тартыну теориясына сәйкес
I «Мектеп аруы», «Жігіт султаны»
атанған адамдар девиантты лыққа
сирек барады. Себебі бұдан
жоғалтатыны көп.
Дифференциалды ассоциация
теориясы - айналасындағы
адамдардың көпшілігі
конформизмге қарағанда
девиантты
мінез-құлыққа жақын
болса, ол адам да девианттылыққа
бейімделеді деп санайды.
Тартыну теориясы - әлеуметтік
құрылымдар
конформизм
үшін лайықты марапат
болмаған жағдайда адамдар
девианттылыққа ойысады деп
есептейді.
Ат таңу теориясы - белгілі бір
адамдарға және іс-әрекетке
«девиантты» деген ат жапсыру
процесін зерттейтін теория.
172
6 -ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Сіз оқитын колледждің немесе
университеттің ғимаратында
темекі шегуге тыйым
салынған
ба? Олай болса, сіз моральдық
кәсіпкердіңжұмысына куә
болып отырсыз. Темекіге қарсы
белсенділер бүкіл ел аумағындағы
қоғамдық мекемелерде, жеке
мейрамханалар
мен барларда
тіпті көшеде темекі шегуді
заңсыз деп тануға күш салды.
Моральдық кәсіпкер - моральдың
жаңа
анықтамасын беріп, оны
енгізуге тырысатын адамдар.
Адамның девианттылығын түсіндіру
Адамға «девиант» деген атты таңу басқалардың ережеге сай келмей-
тін әрекетке қатысты реакциясына байланысты болмақ. Бала алғаш
рет сыныпта тәртіп бұзса, мүны қатты қуанғаннан не көңіл қошы
болмағаннан жасайды. Бүл импульсивті әрекет бастапқы девиантты-
лық деп аталады. Әрі қарай не болатыны басқалардың бұл әрекетті қа-
лай бағалайтынына байланысты. Егер мұғалімдер, психологтар және
басқа балалар оған «бүзық» деген ат таңса және бала да мүны қабылда-
са, онда ол «бұзық бала» рөліне кіреді. Әрі қарай тәртіп бүзуын жалғас-
тыра берсе, өзінің девиантты болмысы туралы түсінік қалыптасып,
екінші дәрежелі девианттылыққа қадам басады.
Ат таңу теориясының басты кемші ліктері мынада: (1) ол бастапқы
девианттылықтың неден болатынын түсіндірмейді; (2) қолға түспе-
ген, яғни «бұзақы» деген ат таңылмағандардың неліктен екінші дәре-
желі девианттылыққа бас ұратынын түсіндіре алмайды.
«Девиант» атыныңтаңылуыныңтүсіндірмесі
Ат таңу теориясы іс-әрекетке «девиант» деген аттың қалай таңылаты-
нын түсіну үшін қажет. Бұл теория өкілдерінің көбі девианттылыққа
баға бергенде, конфликтологиялық пікірді ұстанады. Олардың ай-
туынша, кейбір топтар өз билігі мен мәртебесін арттыру мақсатында
басқалардың іс-әрекетін «бүзақылық» деп айыптауға тырысады. Кәсіп-
керлердің жаңа бизнес үшін өз идеяларын сатқаны сияқты, топтар да
өздерінің кімді «девиантты» деп атауға болатынына қатысты мораль-
дық идеяларын «сатуға» тырысады. Сондықтан әлеуметтанушылар де-
вианттылықтың жаңа анықтамаларын қалыптастыруға тырысатын
адамдарды моральдық кәсіпкер деп атайды. Әдетте топтың ықпалы
неғұрлым жоғары болса, олардың басқаларды «девиант» деп атау әре-
кеті соғұрлым сәтті болады. Ат таңу теориясын қолдаушылар неліктен
жоғары таптағы девианттылықтан гөрі төменгі таптағы девиантты-
лық адамгершілікке жат, қатыгездік немесе қылмыс деп есептелетінін
түсіндіреді.
Бірақ топтар өздерін «девиант» деп атағандарға қарсы күресуі мүм-
кін. Мысалы, «Ата-аналардың телевидение кеңесі» (АТК) - өздерінің
консервативтік мораліне нүқсан келтіретін телевизиялық шоу бағ-
дарламаларға қарсы әрекет ететін коммерциялық емес ұйым. Олардың
жұмысы «Дүниежүзілік күрес федерациясына» (қазір «Дүниежүзілік
күрес сауық кеші» деп аталады) қарсы бағытталған. АТК бұл ұйымды
зорлық-зомбылық пен жүгенсіз жыныстық қатынасты насихаттағаны
үшін сынға алған (Lowney, 2003). Бұған ұйым екі жолмен жауап берді.
Алдымен 2000 жылдың ортасынан 2001 жылдың басына дейін «Цен
зура құқығы» деп аталатын күрес командасын құрып, әзіл-оспақпен
шабуыл жасады. Олар күрес кезінде ережені өрескел бүзып, АТК-ның
моральдық қүндылықтарын насихаттаған сыңай танытты. Екіншіден,
олар жала жапқаны үшін АТК-ні сотқа берді. Ұйым осы стратегиялар-
дың екеуінде де өзінің қоғамдық келбетін қоргап, жұртшылықтың көз
алдында АТК-нің «девиантты» деп ат қоюға бағытталған әрекеттерін
тойтарып тастады.
Case study: девианттылықты медицина
тұрғысынан түсіндіру
Соңғы жылдары бұрын «девиантты» деп аталған мінез-құлықтың көп
түрі психикалық ауру қатарына жатқызылып жүр. Жағдайға анықта-