ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
167
оларды қабылдағандықтан қылмысқа барады. Олар ортақ мәдени
мақсат-экономикалықтабысқа тек қылмыс арқылы қол жеткізе ала-
мыз деп сенеді. Мертонның сөзімен айтсақ, қоғамның мақсаттарын
қолдайтын, бірақ сол мақсаттарға жету жолында «институтталған»
(мақұлданған) әдістерді жоққа шығаратын адамдардың іс-әрекетін
инновация деп атайды. Оның орнына инноваторлар қоғам қабылда-
ган мақсаттарға заңсыз жолмен жетуді көздейді. Мұның классика-
лық мысалы - экономикалық табысқа жету үшін кісі тонауға көшкен
кедей адам.
Алайда инновация тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді.
Қылмысқа жатпайтын инновация деп диплом алу үшін тест кезінде
шпаргалкадан көшіру, бейсбол ойындарына қатысу үшін стероид ішу
сияқты әдістерді айтады.
Бұл екі жағдайда да адамдар қабылданған мәдени мақсаттарға
қол жеткізу үшін институ гталған әдістердің орнына заңсыз әдістерді
пайдаланады.
Мертон, сонымен қатар адамдардың аномияға бейімделуінің
ритуализм, ретритизм және бүлікшілік деген тағы үш жолын анық-
тады. Бұл стратегиялар (инновациямен қатар) «Тұжырымдама қоры-
тындысы: Мертонның бейімделу әдістері» атты гарауда көрсетілген.
Р и т у а л и з м
- өздерінің мақсатқа жетуден бас тартқанына қара-
мастан, қоғам мақұлдаған мақсаттарға жету үшін мәдениетке сәй-
кес құралдарды пайдалануды жалғастырып жүрген адамдардың іс-
эрекеті. Мертонның ритуализміне классикалық мысал - алға қарай
қадам басуды мақсат етпейтін, алайда жұмысын сақтап қалу үшін
барлық бюрократиялық процедураларға сай әрекет ететін қызметкер.
Ритуалистер - ереже бұзушы да, қылмыскер де емес.
Р е т р и т и з м
- қоғамның мақсаттарынан және оның мақүлданған
қуралдарынан бас тартқан адамдардың мінез-құлқын сипаттайды.
Олар - қоғамнан оқшауланып қалған, есірткісін тауып қана өмір сү-
ріп жүрген нашақорлар мен үйсіз қаңғыбастар. Нашақорлық немесе
қаңғыбастық заңсыздыққа жатпайды, алайда көбіне ретритизм жо
лын ұстанатын адамның өмір салты (мысалы, кокаин сатып алу не
месе көшеде үйықтау) мен іс-әрекеті заңға қайшы келеді.
Б у л ік и ііл д ік
- қоғамның мақсаттары мен құралдарынан бас тар-
тып қана қоймай, мақсаттар мен құралдардың балама түрлерін үс-
танатындардың іс-әрекеті. Олар өздері үшін, ал кейбір жағдайларда
революционерлер, хакер-анархистер және буддист монахтарына ай-
налған америкалық христиандар сияқты адамдар үшін балама қоғам
құрудан үміттенетін адамдар. Мертонның бүлікшілдік туралы си-
паттамасына сай келетін іс-әрекет әдетте девианттылық болып, кей-
де заңсыз болып саналады.
Шиеленіс теориясы біраздан бері танымалдығын жоғалтты. Се-
бебі ол аз ғана адамдар тобындағы шағын девианттылық әдістерін
сипаттайды. Әрі адамдардың мәдени тұрғыда мақұлданған мақсат-
тар мен қолда бар құралдардың арасындағы келіспеушілікке не се-
бепті әркелкі жауап беретінін түсіндіре алмайды. Сөйтіп, олар мәде-
ниет тұрғысынан мақұлданған мақсаттар мен құралдардың бір ғана
жиынтығы бар деп қорытындылайды.
Девианттылықтың аудандық сипаттамаларын
түсіндіру: үжымдықтиімділік теориясы
Шиеленіс теориясы кейбір адамдардың девианттылыққа неге бараты-
нына көз жеткізуге тырысса, ұжымдық тиімділік теориясы басқа жер-
лерге қарағанда, белгілі бір аймақтарда девианттылықтың неліктен
әлеуметтану және сіз
Сіз, колледж студенті ретінде,
болашақта «жақсы қызметкер
боламын» деген мақсатқа жету
үшін, сабаққа тұрақты түрде
қатысасыз.
Мертонның көзқарасы
бойынша, сіз конформист
болып саналасыз.
Егер сіз
өз мақсатыңызға жету үшін
емтиханда біреудің көмегін
пайдалансаңыз және Мертон
сізге «жаңашыл» деп баға берсе,
оқытушылар сізді (олардың
мәдени нормаларын бұзғаныңыз
үшін) алаяқ деп қабылдайды.
Ал егер сіздің қатарластарыңыз
алаяқтықты қалыпты дүние
деп қабылдайтын болса, онда сіз
замандастарыңыздың мәдениеті
тұрғысынан қағанда
алаяқ болып
саиалмайсыз.