Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет83/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   147

СТРАТИФИКАЦИЯ
189
дайыңызбен тең адамға ғана үйлене аласыз, осылайша, балаңызға сіздің 
және жүбайыңыздың мәртебесі беріледі.
Үндістан -  касталық жүйенің қалыптасуының ең танымал үлгісі. 
Барлық  үнділер  (көпшілік  діні)  бедел,  билік  және  байлықпен  ерек- 
шеленетін топ жетістіктеріне қарай салыстырмалы түрде касталарға 
бөлінеді.  Касталық  жүйелер  қазір  Үндістаннын,  кейбір  мұсылман 
және христиан қауымдарында да кездеседі.
Кастадағы  мүшелік  тұрақты,  яғни  атадан  балаға  беріліп,  өз- 
гермей,  өмір  бойы  сақталады.  Үндістан  тәуелсіздікке  ие  болғаннан 
кейін,  1950  жылы,  касталық  жүйені  ресми  түрде  заңсыз  деп  жария- 
лады.  Содан  бері  елдегі 200  миллион далиттердің, яғни  «сот жоқ кас- 
таның»  мәртебесі арта түсті.  Алайда  олар әлі күнге дейін  кемсітуден, 
аса  кедейліктен  тіпті  кейде  оларға  қарсы  жасалатын  этностық  зор- 
лық-зомбылықтан зардап шегуде (Sengupta, 2008).
Таптықжүйелер
Таптық  жүйелерде  ресурстардың  тең  бөлінбеуіне  басты  себеп  бола- 
тын -  қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін 
анықтайтын басты факторлардың бірі -  кәсіби мамандану, бірақ ол туа 
қалыптаспайды.  Адам  кәсіпті  ата-анасына  қарағанда  әлдеқайда  жо- 
ғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктер- 
ге  жету  көбінесе  адамның  дарынына,  ынтасына  және  мамандығына 
байланысты.
Касталық  және  таптық  жүйелердің  арасындағы  негізгі  айыр- 
машылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігін- 
де. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі -  әлеуметтік ұтқырлық, 
яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен 
құлдырау  бағытында  болады.  Мұндай  ұтқырлық  ұрпақтар  арасын- 
да кездесуі мүмкін. Егер сіз жоғары білім алсаңыз, ал ата-анаңыздың 
білімі  болмаса,  сіз  бәрібір  әлеуметтік  ұтқырлықпен  жоғарылай  ала­
сыз.  Адамның  әлеуметтік  таптағы  орны  ауыспалы  болуы  ықтимал. 
Мысалы,  орташа  жастағы  инженер  жұмысынан  «қысқартылып», 
«Wal-Mart» дүкенде жарнамалаушы қызметшіге айналса -  әлеуметтік 
ұтқырлықтың төмендеу бағытына ұшырағаны.
І
Үндістандағы көптеген далиттер 
(«сот жоқ каста») кедейлікпен, 
кемсітушілікпен күресуде.
Әлеуметтік шұғылдық -  адамның 
әлеуметтік таптағы орнының 
жоғары немесе төмен ауысуы.


190
7-ТАРАУ
Алайда  кейде  таптық  жүйелерде  де  аскриптивті  мәртебенің 
кейбір  белгілері маңызды  болады.  Азаматтың діні, жасы, жынысы, 
ұлты басқа да  факторлармен қатар,  оның жолында қандай мүмкін- 
діктер  ашылып,  қандай тосқауылдарға  тап  болуына  эсер  етеді. Де- 
генмен  бұл факторлардың касталық қоғаммен  салыстырғанда  тап- 
тық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз. Қазіргі заманда таптық жүйелер 
басым, сондықтан бүл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.
Буржуазия - жұмыс жасауға 
қажетті құралдар мен 
материалдарды, ягни өндіріс 
құрал-жабдықтарын иеленген  ran.
Пролетариат -  өндіріс 
қүралдарына ие емес тап. Олар 
өндіріс құралдарын иеленген 
адамдарға жалданып өмір сүреді.
Тап - маркстік теория бойынша, 
адамдарды өндіріс құралдарына 
деген меншіктік қатынасы арқылы 
жіктеу.
Таптық сана - адамдардың 
өндіріс құралдарына өздерінің 
қатынасын түсініп, нақты таптық 
ерекшеліктерін мойындауы.
Таптар нешеу?
Таптық жүйелер -  реттелген мәртебелер жиыны.  Оған қандай мәрте- 
белер  кіреді және  олар  қалай жіктеледі?  Бұл тарауда  осы  сұрақтарга 
екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.
Маркс: буржуазия және пролетариат
Карл  Маркс  (1818-1883)  әлеуметтік құрылым  екі таптан  тұратынына 
сенімді  болған.  Оларды  дәулеттілер  және  кедейлер  деп  атауға  бола­
ды,  Маркс  оларды  буржуазия  жэне  пролетариат деп  атаған.  Буржуа­
зия -  жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс 
құрал-жабдықтарын  иеленген  тап.  Пролетариат  онымен  қамтама- 
сыз  етілмеген.  Сондықтан  олар  үстемдік  етуші  тапқа  жалданып 
өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік 
құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл еке- 
уі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергі- 
лікті  Sears  дүкенінің  менеджері  және  қоқыс жинайтын  қала  қызмет- 
кері -  барлығы  бірдей пролетариат болып  саналады,  себебі олар басқа 
біреуге  қызмет  етеді.  Алайда  қоқыс жинаушы жұмысын  өз көлігімен 
орындайтын  болса,  Маркс  оны  буржуазияның  мүшесі  деп  санайды. 
Оның пікірінше, басты фактор -  адамның қанша ақшасы болуы немесе 
қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын мен- 
шіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы да.
Эрине,  Маркс  «жекеменшік  көлігімен  қоқыс  жинайтын  адам- 
дарға  қарағанда  дүкен  менеджерлері  табысты»  деген  қалыптасқан 
ортақ  пікірді  елеусіз  қалдырмаған.  Алайда  менеджерлер  мен  көше 
сыпырушылар  таптық  сананы дамытып  -  өздерінің таптық  гүбірін 
түсініп, таптық жүйелермен күресу үшін бірігеді деп үміттенген.
Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың  жазбалары  жарық  көргеніне  ондаған  жылдар  өткен  соң, 
Макс Вебер (1864-1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйе- 
сін  ұсынды.  Маркс  тұжырымдаған,  қоғамды  тапқа  жіктеудің  екі  өл- 
шемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың 
орнын  анықтайтын  үш  тәуелсіз  өлшеммен  толықтырды  (7.1-сызба). 
Олардың біреуі -  Маркс  мәлім  еткен тап өлшемі.  Екіншісі -  билік, ал 
үшіншісі  -   әлеуметтік  беделді  немесе  әлеуметтік  ерекшелікті  біл- 
діретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдас- 
тықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері, 
құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақы- 
рады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады.
Вебер  «жоғары мәртебе  мен билікке  қол жеткізудің экономикалық 
негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздік- 
ке  әсері тәуелсіз деген.  Атап  айтқанда,  Вебердің пікірінше,  мәртебе эко- 
номикалық билікке жиі қарама-қайшы  келіп,  «тек қана»  байлығы бар


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау