ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
173
ма беру үшін ат таңу теориясының субъективті мағынаға баса мән бе-
руі және конфликт теориясының күшке көбірек көңіл бөлуі - бұл өз-
герістің неден болғанын түсінуге мүмкіндік туғызады.
Батыс қоғамының ең ықпалды қоғамдық институты бес жүз жыл
бүрын шіркеу болған. Ол заманда ішімдік ішкен адамдар күнәьар
деп есептеліп, оларды министрлер (сол уақыттың моральдық кәсіп-
керлері) халық алдында масқаралап отырды. 1800 жылдарға қарай
мемлекет пен қылмыстық сот төрелігі шіркеуден гөрі күштірек рөл-
ге ие болды. Министрлер ішімдік ішкендермен күресін жалғастыра
бергенімен, олар енді қылмыскер ретінде қарастырылып, түрмеге
қамалды.
Бұл күндері шіркеулер мен соттар дәрігерлермен және фармацев-
тикалық компаниялармен билік үшін бәсекеге түсіп жатыр. Біреулер
қоғамдық орындарда ішімдік ішкендерді қылмыскер ретінде қарас-
тырса, өзгелер үшін олар әлі де күнәьарлар болып есептеледі.
Ал басқа-
лары бұл адамдар алкоголизм дертіне шалдыққан деп есептейді. Мі-
нез-құлық өзгерген жоқ және ол әлі де девианттылық болып саналады.
Ал және бір топ (дәрігерлер) девианттылыққа анықтама беріп жатыр.
Салынып ішумен қатар, балаларды ұру, құмар ойын ойнау, кісі өл-
тіру және зорлау секілді басқа да қылмыстық әрекеттерді кейбіреулер
полициядан гөрі дәрігердің көмегімен емделетін психикалық ауру
ретінде қарастырады (Conrad, 2007). Бұған қоса,
адамның мінез-құлқы,
сырт келбеті мен басқа да көп ерекшеліктері ауру қатарына жатқы-
зылған. Дәрігерлер енді кеудесі кішкене әйелдердің өзін-өзі томен
бағалау «сырқатын» емдеу үшін косметикалық хирургияны ұсынса,
фармацевтикалық компаниялар ұялшақ адамдарды «қоғамдық үрей-
лену дертінен» жазу үшін дәрілер ұсына бастады (Conrad, 2007; Lane,
2007; Sullivan, 2001)
Сонымен қатар қазір фармацевтикалық компаниялар дәрігер-
лерді жұмыссыз қалған немесе отбасы мүшесі қайтыс болған адам-
дарға «ауыр күйзеліске шалдыққан» деген диагноз қоюға және
оларды күшті препараттармен (Horwitz 8с Wakefield, 2007) емдеуге
шақырады. Адамның жаман әдетін, оғаш қылығын немесе мінезде-
гі түрлі ауытқуларды ауруға жатқызу м едикализация деп аталады
(10-тарауда бұл тақырып кеңірек талқыланады).
Адамның мінез-құлқы медикализацияға ұшыраса не болады?
Бұрын «нашар кісі» немесе «дөрекі адам» деп аталғандар енді «сыр-
дат» деп танылып, оларды жазалау-кінәлауды тоқтатып, жанашыр-
лық танытып, емдей бастайды (Conrad, 2007). Ат таңу және конфликт
теориялары дүрыс болжағанындай, билікке жақын адамдар мұндай-
да «ауру» деген атты оңайырақ иеленеді. Дүкендерде ұрлық жасауға
құмар жоғарғы таптың әйелдері «жүйкенің обсессивті-компульсив-
ті бұзылуы» деген дерттен емделеді, дәл сондай жымқырмасы бар
төменгі тап өкілі ұрлық жасағаны үшін тұтқындалып, сотталады.
Мектепте тәртіп бұзған орта әлеуметтік тап баласының іс-әрекеті
гиперактивтілік деп саналса, төменгі әлеуметтік сатыдағы бала кәме-
летке толмаған құқық бүзушы ретінде жазалануы ықтимал.
Қылмыс
Жоғарыда айтылғандай, қылмыс - қоғамға жат болғандықтан, заң
арқылы тыйым салынған девиантты әрекет. Бүл бөлімде біз қылмыс-
тың түрлерін қысқаша талқылаймыз. АҚШ-тағы қылмыс деңгейін қа-
растыра отырып, осы қылмыстардың барлығын кімдер жасауы ықти-
мал екенін талдаймыз.
Медикализация - бір мәселені
медициналық мәселе ретінде
қарастыру процесі.
174
6-ТА РАУ
Мүліктік қылмыстар және
зорлық-зомбылық
Федералдық үкімет ірі қылмыстар үшін полицияға белгілі қылмыс-
тық оқиғалардың саныы жинақтайтын «Бірыңғай қылмыстық есепті»
(БҚЕ) жыл сайын жариялайды (2010 жыл, Федералдық бюро). 6.1-сыз-
бада 1980 жылдан бергі мүліктік қылмыстар (тонау сияқты) саны-
ның динамикасы көрсетілген. 1980 жылдан бері жылжымайтын
мүлік қылмыстарының саны біршама азайған, АҚШ-тағы кедейлік-
тің артуына қарамастан, қылмыстың азаюы әлі де жалғасып келеді
(АҚШ Әділет министрлігі, 2010 ж.). Мұның себептері
туралы пікірлер
алуан түрлі. Сарапшылардың көпшілігі қылмысты, көбінесе жастар
жасайтынын, ал жастардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқа-
нын айтады. Қылмыстың азаюының бір себебі - осы.
6.1-сызбада көрсетілгендей, қазіргі кездегі экономикалық құлды-
рауға қарамастан, зорлық-зомбылық қылмыстары (мысалы кісі өлтіру
және зорлау), әлдеқайда төмендеген және бұл әлі де жалғасып отыр.
Алайда басқа бақуатты демократиялық елдерге қарағанда, АҚШ-
та кісі өлтіру әлі де көп. Мысалы, АҚШ-та бүл көрсеткіш Ұлыбрита-
ниядан 5 есе, Германиядан 10 есе жоғары (Біріккен Ұлттар Ұйымының
Есірткі
және қылмыс басқармасы, 2011). Бүл айырмашылықтың себеп-
тері әзірге түсініксіз, бірақ қару-жараққа қолжетімділік, тұрғындар
ішіндегі жас жігіттердің саны және үкіметтік мекемелерге сенімсіздік
бұл проблеманы шиеленістіре түсуі мүмкін (Roth 2009). 6.1-картада
көрсетілгендей, кісі өлтіру көрсеткіші АҚШ-қа қарағанда басқа көп
елде әлдеқайда жоғары.
Шағым жасалмайтын қылмыстар
Шағым жасалмайтын
қылмыс - есірткі шегу,
жезөкшелік, құмар
ойын ойнау
және порнография сияқты заңсыз
тауарлар мен қызметтерді сатып
алғысы келетін адамдар мен оны
сатушылар арасында ерікті түрде
жасалған іс-әрекет.
Есірткі шегу, жезөкшелік, құмар ойын ойнау және порнография сияқ-
ты заңсыз тауарлар мен қызметтерді сатып алғысы келетін адамдар
мен оны сатушылар арасында ерікті түрде жасалған іс-әрекет
шағым
жасалмайтын қылмыс деп аталады. Әдетте бұған қатысушылар өз-
дерін жәбір көргендер деп санамайды, керісінше, өз еркімен кәсіп етіп,
еркін таңдау жасап жүрміз деп ойлайды (Gould, 2001; Gray, 2000). Осы
себепті көп адам бүларға қарсы заңдардың пайдалы жағынан гөрі зия-
ны әлдеқайда көп деп болжайды және ол заңдарды алып тастау керек
деп есептейді.
6.1-СЫЗБА. Қылмыс деңгейі өзгеруінің
пайыздықкөрсеткіштері
Тонау, ұрлық, автокөлік ұрлау, зорлау
және өлім-жітім 1990 жылдардан бері
айтарлықтай төмендеген және мұндай
қылмыссаны қазір 1980жылдарға
қарағанда, әлдеқайда аз.
ДЕРЕККӨЗ: АҚШ Әділет министрлігі (2010)
1980
1985
1990
1995
2000
2005
2010
Жылдар