ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
179
тығыз қарым-қатынастағы жастар қылмысқа сирек барады (Sampson
& Laub, 2005; Uggen, 2000).
Қылмыс көбінесе қол бос кезде жасалады. Әдетте бұл ешкімнің
қадағалауынсыз көп уақытты дос-жаранның ортасында өткізумен
тығыз байланысты. «Қызықтайтын сауық-сайран қалмады» деп сен-
делген жастардың көбі қызық үшін түрлі әрекетке барады. Жасөспірім
шақтың өзіне тән проблемалары мұны одан сайын ушықтырып жі-
береді. Жастар жаңа достар тауып, жаңа идеяларға бас ұрып жатады
әрі ересек өмірдегі бостандыққа ұмтылып, оның дәмін тата бастайды,
бір жағынан, ата-анасының, мектебінің және заңның тәртібі
аясында
шектеледі, сондықтан бұған қарсылық білдіреді (Agnew, 2003).
Жыныстық айырмашылықтар
Тежеу теориясы ерлердің неліктен әйелдерден көп қылмыс жасай-
тынын біршама түсіндіріп бере алады. Жалпы, ұлдарға қарағанда
қыздарға тыйым көп, әсіресе орташа дәулетті әулеттерде қыздарға
қоғамдық бақылау күшті (Chesney-Lind & Shelden, 2004). Ата-аналар
үлдарының жарым түнде көшеде қыдыруына рұқсат бергенімен, қыз-
дарының қайда, кіммен жүргенін сұрап, біліп отырады. Қатаң бақы-
лау қыздардың отбасымен және дәстүрлі институттармен тығызырақ
қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді әрі олардың бандыға, де-
виантты топтарға қосылу мүмкіндігін азайтады.
Қылмысты феминизм теориясын талдаушылар да қылмыс-
тағы гендерлік айырманы өздерінше түсіндіреді. Феминист-әлеу-
меттанушылардың пікірінше, ерлердің көбірек қылмыс жасауы-
ның бір себебі - олар билікке қарсы шығып, озбырлық әрекетгерге
баруды «еркектік» деп санайды. Сондай-ақ феминистер ерлерден
жыныстық не физикалық зәбір көрген әйелдер үйінен қашып, на-
шақорлыққа, жезөкшелікке салынып, күйзеліске қарсы зор-
лық-зомбылық жолымен жауап беруге бейім тұрады деп есептейді
(Chesney-Lind & Shelden, 2004).
Әлеуметтік және таптықайырмашылықтар
Жоғарыда айтылғандай, төменгі тап өкілдерінің АҚШ ұлттық статис-
тикасында аталатын қылмыс түрлерін жасау және тұтқындалу ықти-
малдығы әлдеқайда жоғары. Шиеленіс теориясын қолдаушылар мен
конфликт теориясын жақтаушылардың кейбірі «төменгі
тап өкілдері-
нің жетістікке жету мүмкіндігі болмағандықтан, жиі қылмыс жа-
сайды» деп түжырымдайды. Жұмыссыздық деңгейі өскенде қылмыс-
тың да артатынын осымен түсіндіруге болады. Ал тежеу теориясы
мамандарының айтуынша, төменгі тап өкілдері мектеп не еңбек на
рыты сияқты дәстүрлі институттардан жақсылық көрмегендіктен
қылмысқа барады.
Екінші жағынан, ат қою және конфликт теорияларының өкілдері
төменгі таптың көбірек қылмыс жасайтын болып көрінуіне заңда-
гы және заңды орындаудағы біржақтылық себепкер дейді. Байқаға-
нымыздай, ақша жымқыру, баға демпингі және қүнды қағаздарда-
ғы алаяқтық статистикаға енгізілетін болса, қылмыстың әлеуметтік
таптар арасында таралу картинасы мүлде өзгеше болар еді.
Нәсілдік айырмашылықтар
АҚШ тұрғындарының 13 пайызы ғана афроамерикалықтар. Соған қа-
рамастан, кісі зорлап, ұрып-соққаны үшін түтқындалғандардың үш-
тен бірі, кісі өлтіргені үшін тұтқындалғандардың жартысы - солар.