Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 
8  
 
Болашақ  мұғалімдерді  даярлаумен  (жалпы  кәсіби,  дайындық  бағыты 
бойынша)  А.И.Щербаков  [40],  Н.В.Кузьмина  [41],  Ф.Н.Гоноболин  [42], 
В.А.Сластенин [43], Ю.К.Васильев [44], Н.Д.Хмель [45], У.Н.Нишаналиев [46], 
Қ.Ералин [47], К.Ә.Дүйсенбаев [48], С.Т.Каргин [49], А.А.Калюжный [50], т.б. 
ғалымдар  айналысқан.  Аталған  ғалымдардың  еңбектері  болашақ  тарих 
мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлауда  басшылыққа 
алынды. 
Зерттеу тақырыбымызға қатысты  еліміздің тӛл тарихы жӛнінде және оны 
ЖОО  мен  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  Қазақстан  тарихы  курсы 
мазмұнын  анықтауда  бағдар  беретін  ғылыми  еңбектер  жазған  тарихшы 
ғалымдар  Н.Е.Бекмаханова  [51],  М.Қозыбаев  [52],  Ж.Қасымбаев  [53], 
К.Нұрпейіс [54], М.Қойгелдиев [55], Қ.С.Алдажұманов, Б.А.Аяған, К.Байпақов 
[56, 57] және т.б. айтуға болады. 
Сонымен  қатар,  тарихты  оқыту  әдістемесімен  айналысқан:  И.Я.Лернер 
[58],  Н.В.Андревская,  В.Н.Бернадский  [59],  А.А.Вагин  [60],  Н.Г.Дайри  [61], 
С.А.Ежова,  И.М.Лебедева,  А.В.Дружкова  [62],  Е.Е.Вяземский,  О.Ю.Стрелова 
[63],  Т.Тұрлығұл  [64],  Х.Тұрсұн  [65],  А.Ш.Журасова  [66],  т.б.  ғалымдардың 
еңбектері  біздің  зерттеу  жұмысымыз  үшін  құндылықтарды  оқыту  әдістемесін 
қалыптастыруда басшылыққа алынды. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  -  2030»  халыққа  жолдауында: 
«Толық ӛркениетті ел болу үшін, алдымен, ӛз мәдениетімізді, ӛз тарихымызды 
бойымызға  сіңіріп, содан кейін ӛзге дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз жӛн»  деп 
айтқаны  әдіснамалық  тұрғыда  қазақ  тарихының  ең  ежелгі  кезеңінен  бүгінгі 
Қазақстан Республикасына дейінгі аралықтағы тарих мазмұнына жаңа кӛзқарас 
қалыптастыруға  бағдар  болды  [67].  Ұстаным  ретінде  ӛз  тарихымызды  терең 
тануға  негіз  қалады.  Орта  мектеп  оқушыларына  арналған  ӛз  тарихымызды, 
мәдениетімізді  жазуда  М.Қ.Қозыбаев,  І.М.Қозыбаев  [68],  Д.Б.Бабаев  [69], 
К.М.Байпақов  [70],  Б.Ғ.Аяған  [71],  С.Жолдасбаев  [72],  М.Қойгелдиев  [73], 
Ж.О.Артықбаев  [74],  Б.Қ.Әбдіғұлова  [75],  Т.С.Садықов  [76],  Т.Тұрлығұл  [77], 
К.Нұрпейіс  [78],  т.б.  ғалымдар  еңбек  сіңірді  және  олардың  жазған  оқу 
құралдары оқыту үдерісінде басшылыққа алынды. 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ұлттық тарихи білімге, тарихи білімді 
оқытуға қатысты  диссертациялық  зерттеулер жүргізіліп, оның даму жолдарын 
саралаған  мақалалар  мен  монографиялар  жарық  кӛрді.  Бұл  ретте  Т.Тұрлығұл 
[79], Б.Абдугулова [80], Б.Сәрсекеев [81], Б.Т.Берлібаев [82], Ж.Нұрманбетқызы 
[83], Х.Тұрсұн [84] және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауымызға болады.  
Мемлекеттік  бағдарламаға  айналып  үлгерген  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық 
идеясын  теориялық  тұрғыда  негіздеу  және  оны  оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізу 
арқылы  қоғамдық-саяси  ӛмірдегі  күнделікті  практикаға  айналдыру  бағытында 
зерттеу жұмыстары шұғыл қолға алынды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын 
әртүрлі  қырынан  қарастырған  ғылыми  басқосулар  оқу  орындары  мен  ғылыми 
мекемелерде де ұйымдастырыла бастады. Солардың бірі –Абай атындағы Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университет  базасында  К.К.Жанпеисова,  С.Ж.Пралиев, 


 
9  
 
Ш.Ж.Колумбаева,  Н.М.Хан  және  т.б  авторлығымен  «Мәңгілік  Ел»  идеясын 
ЖОО жүйесіне енгізуге арналған оқу бағдарламасы, ОӘК жасалды [85].  
Дегенмен,  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша  болашақ  тарих 
мұғалімдерін  дайындау  әдістемесін  жетілдіруге  қатысты  біздің  зерттеу 
жұмысымыз  алғаш  рет  арнайы  тақырып  болып  қарастырылып  отырғандығын 
атап айтуымыз керек. 
Тарих  және  психологиялық,  педагогикалық  ғылымдар  бойынша 
жүргізілген  зерттеулердің  нәтижелерін  пайдаланумен  басты  әлеуметтік 
міндеттерді шешу әдіснамалық және әдістемелік сипаттағы тӛмендегідей: 
-  болашақ  тарих  мұғалімдерін  анықталған  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқытуға  даярлау  қажеттілігі  мен  оны  жүйелі  жүзеге  асырудың  теориялық-
әдіснамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде негізделмеуінің арасындағы; 
-  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  құндылықтарын  оқу-тәрбие  үдерісіне 
енгізудің айқындалуымен оны оқушыларға оқыту қажеттілігі және оны оқытуға 
болашақ тарих мұғалімдерін даярлау деңгейінің тӛмендігі арасындағы; 
-  болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлау  мазмұнының  мүмкіндіктері  мен  оларды  пайдалануға  байланысты 
әдістеменің  жеткіліксіздігі  арасындағы  айқындалған  қарама-қайшылықтарды 
шешумен  байланысты.  Осы  қарама-қайшылықтар  зерттеудің  мәселесін: 
болашақ  тарих  мұғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  кәсіби 
даярлау  жүйесін  теориялық-әдіснамалық  және  әдістемелік  тұрғыдан  кешенді 
қамтамасыз ету деп нақтылауға мүмкіндік берді. 
Кӛрсетілген 
қарама-қайшылықтардың 
шешімін 
іздестіру, 
біздің 
мәселемізді  айқындауға  және  зерттеу  жұмысымыздың  тақырыбын  «Болашақ 
тарих  мҧғалімдерін  «Мәңгілік  Ел»  қҧндылықтарын  оқытуға  даярлау 
әдістемесі» деп таңдауымызға негіз болды. 
Зерттеу  мақсаты:  Болашақ  тарих  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын оқытуға даярлығын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, 
ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету  және  оны  педагогикалық  эксперимент 
негізінде тексеру. 
Зерттеу  нысаны: Жоғары оқу  орындарында болашақ  тарих мұғалімдерін 
даярлаудың педагогикалық үдерісі. 
Зерттеу пәні: Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын 
оқытуға даярлау жүйесі. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  Егер,  болашақ  тарих  мұғалімдеріне 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  және  оны  оқытуға  даярлау  теориялық 
тұрғыдан  айқындалса;  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  болашақ  тарих 
мұғалімдерін  даярлаудың  педагогикалық  шарттары  анықталса;  болашақ  тарих 
мұғалімдерін  даярлау  үдерісі  мектеп  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бағдарламасы 
мен  қазіргі  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуды  қамтамасыз  етуге  сәйкес 
жүзеге  асырылса,  онда  білім  беру  үдерісінде  «Мәңгілік  Ел  құндылықтарын 
оқытуға  болашақ  тарих  мұғалімдерін  даярлау  қамтамасыз  етіледі,  ӛйткені 
болашақ  тарих  мұғалімдерін  даярлауда  «мектеп-жоғары  оқу  орны»  жүйесінің 
ӛзгерісін қамтамасыз ететін педагогикалық үдеріс жүзеге асырылады. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау