Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет2/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 
5  
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
БЖИ 
Біліктілікті жетілдіру институты 
ғ.ғ. 
Ғасырлар 
ж. 
Жыл 
ЖОО 
Жоғары оқу орны 
жж.  
Жылдар 
КСРО 
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 
ҚР 
Қазақстан Республикасы  
ҚазПИ  
Қазақ педагогикалық институты 
ҚазҰПУ 
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
ҚaзКCP 
МЖМБС 
МОӘК 
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары 
Модулдік оқу-әдістемелік кешен 
СӚЖ 
ОБСӚЖ 
 
т.б.  
Студенттердің ӛзіндік жұмысы 
Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің ӛзіндік 
жұмысы 
тағы басқалары 
 
 
ОӘК 
Оқу-әдістемелік кешен 
ОКТ 
Оқытудың компьютерлік технологиялары 
М.И. 
Мухтар Исаев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
6  
 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  кӛкейкестілігі  әлемдік  қоғамдастықтың  қазіргі  даму  кезеңі 
әлемдік  экономикалық  интеграцияның  тереңдеуімен,  әлемнің  әр  түрлі 
аймақтарының  әлеуметтік  және  мәдени  ӛзара  байланыстарының  кеңеюімен, 
жаһандану  мәселелерімен,  әлеуметтік  құрылыстың  ӛзгеруімен,  бұрын  белгісіз 
болған  салаларда  сапалы  жаңа  іс-әрекет  түрлерінің  пайда  болуымен 
сипатталады.  Жастардың  жаңа  жағдайларға  бейімделуі  құндылықтарды  қайта 
бағалау, болмыстың жаңа сенімді тіректерін және ӛмір сүру бағдарларын іздеу 
арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  мәселені  шешу  білім  берудегі  нормативтік 
құжаттарда кӛрініс тапқан. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру  жүйесінің 
міндеттері  ретінде:  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және 
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
азаматтық  пен  патриотизмге,  ӛз  Отаны  -  Қазақстан  Республикасына 
сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін 
қастерлеуге,  Конституцияға  қайшы  және  қоғамға  жат  кез  келген  кӛріністерге 
тӛзбеуге тәрбиелеу, т.б. атап кӛрсетілген [1]. Бұл міндеттерді шешу ӛз кезегінде 
болашақ мамандарды бағдарлы даярлауға да байланысты. 
Еліміздің  дамуы  және  болашақта  бағдар  алуы  үшін  ұлттық  идея 
қалыптастырылды.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  жолдауында  «Біз  ұлттың 
тарихи  санасын  қалыптастыру  жұмысын  жалғастыруымыз  керек.  ...  Біз 
болашаққа кӛз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп 
«Мәңгілік Ел» идеясын тұжырымдап, ұсынды [2]. Қазіргі кезде уақыт сынынан 
ӛткен  қазақстандық  жолдың  тәжірибесі  негізінде  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 
идеясының жеті құндылығын айқындап берді, олар: Қазақстанның тәуелсіздігі 
және  Астанасы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім; 
зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға 
негізделген  экономикалық  ӛсім;  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы;  тарихтың, 
мәдениет  пен  тілдің  ортақтығы;  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және 
бүкіләлемдік,  ӛңірлік  мәселелерді  шешуге  жаһандық  тұрғыдан  қатысуы.  Бұл 
құндылықтар  қоғамның  тірегіне  айналуы  үшін  білім  беру  жүйесіне  енгізіліп, 
болашақ ұрпақ болмысына сіңірілуі тиіс. 
Мемлекет  басшысының  «Нұрлы  Жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты 
Жолдауында:  «Біз  Жалпыұлттық  идеямыз  –  Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп, 
тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырдық.  Мәңгілік  Ел  – 
елдің  біріктіруші  күші,  ешқашан  таусылмас  қуат  кӛзі.  Ол  «Қазақстан  2050» 
стратегиясының  ғана  емес,  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас 
идеялық  тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизм  дегеніміздің  ӛзі  –  Мәңгілік 
Ел!  Ол  –  барша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы  құндылығы...»  деп  [3], 
«Мәңгілік Ел» идеясының мәні мен мазмұнын және оның бастауы тым тереңде 
жатқандығын  атап  кӛрсетті.  Шындығында,  қазақ  тарихының  мазмұнында  осы 


 
7  
 
идеяға  тұғыр  болатын,  ұлттық  мақтанышқа  айналған  тарихи  оқиғалар  мен 
құбылыстар  аз  емес.  Түрік  қағанатында  дүниеге  келген  «Мәңгілік  Ел»  идеясы 
қалыптасуының  тарихи  негіздері  мен  мән-мағынасы  Л.Н.Гумилев  [4], 
А.Ташағыл  [5],  С.Сыздықов,  С.Қанаев,  Ж.Жеңіс  [6],  Қ.Сартқожаұлы  [7]  және 
т.б зерттеулерінде айқындалған. 
Жалпы  алғанда,  тарих  ғылымы  және  «тарих»  оқу  пәні  жеке  тұлғаның 
құндылық-мағыналық  саласын  дамыту  үшін  алғышарттар  құруда  үлкен 
әлеуетке  ие.  Тарихқа  деген  қарым-қатынас  жеке  тұлғаның  бар  мәдени 
құраушылары  мен  оның  әлеуметтік  ӛзін-ӛзі  тануында  кӛрініс  табады. 
Сондықтанда,  тарихи  білім  берудің  заманауи  кезеңінде  мұғалімнің  тарихи 
үдерістер  мен  тарихи  таным  құраушыларында  құндылыққа  басымдық  беретін 
аксиологиялық тұғырға негізделген оқытуы сұранысқа ие. 
Қоғамда болып жатқан түрлі ӛзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарында 
және  орта,  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім  берудің  ұлттық  моделін 
қалыптастыру, білім мазмұнын жаңарту, сапалы білімге қол жеткізу, оқытудың 
жаңа  дидактикалық  жүйесін  іздестіру  –  бүгінгі  таңда  педагогика  ғылымының 
алдында  тұрған  кӛкейкесті  мәселе.  Аталған  мәселелердің  процессуальдық 
аспектісін шешу болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірумен байланысты. 
Болашақ  жастарды  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  негізінде  оқыту  және 
оларды  құндылықтарға  баулу  тарих  мұғалімдерінен  құндылықтар  бойынша 
білімі  терең  болуын,  педагогикалық  іскерліктерді  жүзеге  асыруға  әдістемелік 
дайындығын  талап  етеді.  Бұл  ӛз  кезегінде  болашақ  тарих  мұғалімдерінің 
педагогикалық  іскерліктерін,  әдістемелік  даярлығын  қалыптастыруды, 
зерттеудің кӛкейкестілігін арттыра түседі. 
Зерттеуімізге  байланысты  құндылықтардың  мәні,  тәрбиелік  маңызы 
туралы  ұлы  ғұламалар,  қоғам  қайраткерлері  мен  ағартушы-педагогтар  әл-
Фараби  [8],  Жүсіп  Баласағұн  [9],  Қожа  Ахмет  Ясауи  [10],  Ӛтейбойдақ 
Тілеуқабылұлы [11], А.Құнанбаев [12], Ш.Уәлиханов [13], Ы.Алтынсарин [14], 
Ш.Құдайбердиев  [15],  А.Байтұрсынов  [16],  М.Жұмабаев  [17],  Ж.Аймауытов 
[18],  Х.Досмұхамедов  [19],  т.б.  ой  -  пікірлері  мен  кӛзқарастары  еңбектерінде 
кӛрініс тапқан. 
«Құндылық»  категориясының  әдіснамалық,  тарихи  және  педагогикалық 
қырларын  ашып,  атқаратын  әлеуметтік  қызметінің  мазмұнын  анықтап, 
жүйелеген 
зерттеулер 
қатарында 
философтар, 
мәдениеттанушылар 
А.У.Уразбеков  [20],  А.Ж.Тұрсынов  [21],Г.Риккерт  [22],  Г.Ж.Нұрышева  [23], 
М.Вебер  [24],  Т.Х.Ғабитов  [25],  М.А.Дорохова  [26],  т.б.  психологтар  мен 
педагогтар  С.Л.Рубинштейн  [27],  Г.К.Нұрғалиева  [28],  Қ.Б.Жарықбаев  [29], 
С.Қалиев  [30],  Б.Гершунский  [31],  Т.Қ.Әтемова  [32],  Ә.Табылдиев  [33], 
А.Қ.Қаплиева  [34],  Т.С.Сламбекова  [35],  әлеуметтанушылар  Н.Г.Лапин  [36], 
С.Е.Нұрмұратов  [37],  т.б.  атауға  болады.  Бұл  зерттеулерде  жасалған 
тұжырымдар  зерттеу  жұмысымыздағы  ізденістерге  бағдар  болды.  Шетелдік 
ғалымдар  I.B.Whitney  [38],  W.Huitt  [39],  т.б.  еңбектеріндегі  құндылықтарды 
жүзеге асыру тұжырымдары ескерілді. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау