12
байланысты алынған тұжырымдар мен қорытындылар тарих пәнін оқыту
әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады, сабақты жетілдіруге
байланысты
ұсынған
технологиялық
карта
тарих
пәнін
оқытуды
технологияландыруды дәйектейді. Болашақ тарих мұғалімдерін даярлау
әдістемесінде белгіленген ұстанымдар «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлауды жетілдіруге игі әсер етеді. Зерттеудің теориялық нәтижелерін
Қазақстан тарихын оқытуда «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша оқытуды
жетілдіруде және болашақ тарих мұғалімдерін даярлау үдерісінде пайдалануға
болады.
Зерттеу жҧмысының практикалық маңызы
- «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлау бағдары» тақырыбында
семинар ұйымдастырылды;
- Болашақ тарих мұғалімдеріне арналған «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
оқытуға бағдарлы даярлау» атты оқу-әдістемелік құралы оқу үдерісіне
енгізілді;
- «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және түркілік ислам ӛркениетінің құндылықтары:
Қара бура әулиенің тағлымы мен ӛнегесі» атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция» ұйымдастырылды (2-3 маусым 2016 жыл, Түркістан
қаласы).
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында болашақ тарих
мұғалімдерін кәсіби дайындау үдерісінде, олардың кәсіби біліктілігін
жетілдіруде, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіретін институттарда
қолдану пайдалы.
Эксперименттік база ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік,
М.Әуезов
атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
университеттері мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институтының «5В011400-Тарих» мамандығы бойынша білім алушылары
алынды.
Қорғауға ҧсынылған негізгі тҧжырымдар
1. Білім беру үдерісіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу – бұл ғылыми
негізде әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке дайындықты кӛрсететін
педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы үдеріс және нәтиже болып
табылады;
2. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлаудың теориялық негіздеріне – мектептегі оқыту үдерісі мен оқытуды
технологияландыру және оны жүзеге асыратын ЖОО оқыту үдерісін
ұйымдастыруды қамтитын педагогикалық жүйе құраушылары (мақсаты,
міндеті, мазмұны, әдіс-тәсілдері, формалары (технологиясы), құралдары,
нәтижесі) алынады;
3. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға болашақ тарих мұғалімдерін
даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жүзеге асырудағы педагогикалық
шарттар – ЖОО аталған даярлықты жүзеге асырудағы педагогикалық жүйе
құраушыларын жүзеге асыратын жиынтық құрастырушылармен анықталады;