31
Профессор Ә.Тәкенов «Қазақ тарихының зары» деп аталатын [111,б. 5-7]
мақаласында «Қазақстан тарихы» пәнінің мәртебесін кӛтеру үшін:
- тарихшы мамандарды аттестациялауды ӛткізуді;
- оқулық-хрестоматия құрастыру мәселесін білікті мамандарға тапсырып,
олардың жұмыс істеуіне жағдай жасауды ұсынады.
Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа міндеттер белгіленді. «Қазақстанның
Болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан
болашақта сол деңгейде болады» деген Н. Назарбаевтың сӛздері, педагогтарға,
оның ішінде тарихшы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеді [112].
Осы бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілді.
Отан тарихынан оқу орындарының сапалы білім беруі үшін ең қажетті екі
шарт орындалуы тиіс:
- сапалы оқулықтардың болуы (қамтамасыз етілуі);
- педагогикалық инновацияның жүзеге асырылуы [113,б.143].
Аталған екі шарт орындалуы үшін Қазақстан тарихы пәнінің бағдарламасы
бекітілуі қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы тарих бағдарламалары
мен Қазақстан тарихы оқулықтары ХХ ғ. 90-жылдарының басынан бастап шыға
бастады. Дайындалған Отан тарихы оқулықтарындағы бірқатар ақтаңдақтардың
беті ашылды, кӛптеген ғылыми мәселелерге, тарихи фактілерге, құбылыстарға
жалпы әдіснамалық, тарихи шындық тұрғыдан баға берілді. Адамзат жасаған
құндылықтарды, оған дала ӛркениетінің қосқан үлесін, Қазақстан
халықтарының мәдени жетістіктерін, рухани тіршілікті, әлеуметтік топтар мен
тарихи тұлғалар қызметін, саяси тарихтың түрлі қырларын, идеялық саяси,
ұлттық діни қозғалыстардың тарихын ашып кӛрестуге, т.б. басты назар
аударылды. Мектептерде тарих сабағын ғылыми-әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды.
Тарих пәнінен алғаш рет мемлекеттік білім стандарты жасалды, жаңа оқу
бағдарламалары мен оқулықтар дайындалды. 1991 жылдан бері Қазақстандағы
тарихи білімділік ой-сана мүлде жаңа бағытта дамуға бет алды. 2001 жылы
Қазақстан тарихы пәнінен тәуелсіздік жағдайында оқытудың алғашқы 10
жылдығы аяқталған тұста, республика мектептерінің 5-11-сыныптарына
арналған Қазақстан тарихының жаңа оқулықтары түгелдей шығып үлгерді.
Тарих пәні оқулықтарын жазуға мектеп мұғалімдерінен бастап ҚР Ұлттық
Ғылым академиясының академигіне дейін 28 автор қатысты. Олардың үшеуі
академик, 13-і Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унииверситетінің, 4-і Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлары мен доценттері, 5-і мектеп мұғалімдері,
ал әдістемелік құрал авторларының басым кӛпшілігі мектеп мұғалімдері,
олардың саны – 26 [114,б. 56]. Жасыратыны жоқ, Қазақстан тарихы бойынша
жазылған кейбір оқулықтардың кемшіліктері де болды.
Тәуелсіздік жылдары отандық тарихтың мазмұны толыға түсті. Жаңа
тақырыптар мен тың желілер игерілді, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды
дәйектейтін деректер кешені қалыптасты. Тарихымыздың мазмұны толыға
түскенімен әзірге оның қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық тұрғыда
байытылмауында, ұлттық бағыт-бағдарын айқындай алмауында.
32
Отандық тарих ғылымын жүйелеудің жалпы деңгейі мен ондағы «Мәңгілік
Ел» құндылықтары саралануда және оны оқытудың бүгінгі барысы, оның
ұлттық мүддеге қосар үлесі мен оны білім беруде жүзеге асыру жағы
қарастырылуда. Бұл мәселені жүзеге асыруда тарих мұғаліміне де міндет
жүктелетіні анық. Себебі, ол – тарихты алғаш рет таныстыратын мемлекеттік
қызметкер.
Сондықтан болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын
оқытуға даярлау қазіргі таңда ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Болашақ тарих мұғалімін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлаудың мазмұндық жағы ӛзара тығыз байланыстағы тӛмендегідей
құраушылардан тұрады, олар:
-теориялық білім (соның ішінде педагогикалық қызметті жүзеге асыру
тәсілдері де);
- іскерлік пен дағдылар;
- педагогикалық қызмет пен тарих мұғалімі мамандығына деген
эмоционалдық-еріктік қарым-қатынас тәжірибесі.
2004 ж. қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық жалпы
орта білім беруге кӛшуді міндеттей отырып, бағдарламаны іске асыру
нәтижесінде «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге,
кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері
үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті
маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді
жүйесі құрылатын болады» деп кӛрсетілген болатын [115]. Осыдан кейінгі
уақытта ЖОО құзыретті маман даярлауға деген ұмтылыстар жүзеге асырыла
бастады. Бұл дегеніміз ЖОО құзыретті маман даярлау жүзеге асырылмады
дегенді білдірмейді.
Білім aлушылaрды жоғaры педaгогикaлық оқу орындaрындa кәсіби
дaйындaу мәселелерімен С.А.Aрхaнгельский, Л.М.Митинa, Б.Т.Кенжебеков,
A.Нұғысовa, Б.Д.Сыдықов және т.б., мұғaлім тұлғaсын қaлыптaстырудың
жaлпы
дидaктикалық
мәселелерімен
Т.A.Ильина,
В.Н.Кузьминa,
В.А.Слaстенин, Т.Сaбыров, Ш.Т.Тaубаевa және т.б., мұғaлім дaйындығының
жaлпы
психологиялық
мәселелерімен
В.В.Дaвыдов,
Қ.Жaрықбaев,
С.Л.Рубинштейн және т.б. aйнaлысты. Олaрдың болaшaқ мaмaндaрды дaярлaу
бойыншa зерттеу жұмыстaрының нәтижелері кәсіптік білім беру стaндaрттaрын
әзірлеуде бaсшылыққa aлынды.
Қaзaқстaн Республикaсының мемлекеттік жaлпығa міндетті білім берудің
ҚР МЖМБС мемлекеттік стaндaртында 050114 – Тaрих мaмaндығы бойынша
бітірген түлекке «Тaрих» бaкaлaвры aкaдемиялық дәрежесі беріледі. Біліктілігі
мен лaуaзымдaры Қaзaқстaн Республикaсы Еңбек және хaлықты әлеуметтік
қорғaу министрлігінің 2002 жылғы 21.11.№ 273–П бұйрығымен бекітілген
«Жетекшілердің, мaмaндaрдың және бaсқa дa қызметкерлердің біліктілігі
aнықтaмaсынa» сәйкес aнықтaлaды.
Достарыңызбен бөлісу: |