Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет8/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70

 
19 
 
шешіміне  сәйкес  тӛмендегідей  3  топқа  топтастырылды  [89,б.46].  Олар: 
агропедагогикалық, 
индустриялық-педагогикалық, 
психологиялық-
педагогикалық институттар. 
1932 жылы 1-қазаннан бастап Орал қаласында халық ағарту институтының 
базасында  педагогикалық  институт  ашылды.  Алғашында  оның  құрамында: 
физика-математика, химия-биология, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих-экономика 
бӛлімдері  жұмыс  жасады  [91].  Осылайша  жаратылыстану-математикалық 
бағытпен  қатар  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  бӛлімдер,  факультеттердің 
ЖОО ашылуы жүзеге асырыла бастады. 
1933  жылы  23-ақпанда  педагогикалық  институттарға  арналған  жаңа  оқу 
жоспарларын  халық  ағарту  комиссариаты  бекітті.  Бекітілген  жаңа  оқу 
жоспарында  ұлт  педагогикалық  институттарында  оқыту  мерзімі  4  жыл  болып 
қалды  да,  ал  оқу  жоспарына  қосымша  пәндер  енгізілуіне  байланысты  жоғары 
курстарда оқу жүктемелері кӛбейтілді. Енгізілген пәндер: 
1. Жергілікті ұлттардың революциялық қозғалыс тарихы; 
2. Ұлт республикаларының экономикалық географиясы; 
3. Ана тілінен практикалық сабақтар; 
4. Ана тілі әдістемесі; 
Одақ  кезіндегі  кең  кӛлемде  ӛріс  алған  ауыр  индустрияның  базасы 
педагогикалық  кадрларды  даярлау  үшін  пайдаланылды.  Осы  мақсатта  1933 
жылдың  6-қаңтарынан  бастап  Семей  халық  ағарту  институтын  (ИНПРОС) 
индустриялық-педагогикалық  институтына  айналдыру  белгіленді  [92].  Осы 
жылдың  (1933ж.)  наурыз  айында  Қазақ  АКСР  халық  ағарту  комисариаты 
жанынан  ғылыми-зерттеу  институты  ашылды.  Оның  негізгі  міндетінің  бірі  – 
қазақ  мектептері  үшін  оқу-әдістемелік  құралдар  жасауда  халық  ағарту 
органдарына кӛмектесу [93]. Ғылыми-зерттеу институтының бірінші директоры 
болып,  педагог-ғалым  Ш.Әлжанов  қызмет  атқарды.  Ұлттық  педагогикалық 
кадрларды даярлауда педагог-ғалым үлкен үлесін қосты. 
КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  «Қазақстан  үшін  кадрлар  даярлау» 
туралы  қаулысының  негізінде  1934  жылы  Қазақ  Мемлекеттік  университеті 
ашылды.  «Университет  алдына  мынадай  міндеттер  қойылды:  ең  алдымен, 
халық  шаруашылығы  мен  жоғары  және  арнаулы  оқу  орындары  үшін  оқытуға 
қажетті  жоғары  кәсіби  ұлттық  кадрларды  даярлау»  [88,  с.46].  Қазақ  Ӛлкелік 
Комитетінің  1934  жылы  23-маусымында  Семей  қаласында  республика 
бойынша  үшінші  Семей  педагогикалық  институтын  ұйымдастыру  туралы 
қаулы  қабылданды  және  институтқа  оқушы  қабылдау  жӛнінде  Шығыс 
Қазақстан  және  Қарағанды  облыстарын  бекітті.  1934  жылдың  1-қыркүйегінен 
бастап  институттың  құрамында  5  бӛлім  ашуды  жоспарлаған  болатын,  олар: 
физика, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, тарих және экономика бӛлімдерінің 
әр  қайсысы  38  адамнан,  барлығы  –  153  адам  қабылдау  белгіленді.  Сонымен 
қатар,  қосымша  математика,  химия,  география  бӛлімдерін  ашу  кӛзделді  [89,б. 
54-55].  Осылайша  еліміздегі  тарих  және  басқада  пән  мұғалімдеріне  деген 
сұраныстарды  еліміздің  ЖОО  даярлау  жүзеге  асырды.  Маманға  деген 
сұранысты  қанағаттандыру  үшін  1934  жылдан  екіжылдық  мұғалімдер 


 
20 
 
институттары  ұйымдастырыла  бастады.  Атап  айтқанда,  1934  жылы  қыркүйек 
айында  Петропавл,  бір  жылдан  кейін,  1935  жылы  Ақтӛбе  мұғалімдер 
институттары  ашылды.  Сонымен  қатар,  Орал  педагогика,  Қазақтың  Абай 
атындағы  педагогикалық  институттары  жанынан  мұғалімдер  институттары 
ұйымдастырылды.  Мұғалімдер  институттары  негізінен  5-7-сыныптар  үшін 
мұғалім  кадрларын даярлауға  тиіс болды.  Мұғалімдер  институтын  бітіргендер 
мектепте  3  жыл  жұмыс  істегеннен  кейін,  педагогикалық  институттың  қалаған 
факультетінің  3  курсына  емтихансыз  түсуге  тиісті  болды.  Мұғалімдер 
институттарында  негізінен  тарих,  тіл  және  әдебиет,  физика-математика, 
география және жаратылыстану бӛлімдері ашылды. 
БК(б)П  Орталық  комитетінің  1934  жылғы  16-мамырда  шыққан  «КСРО 
мектептерінде  азаматтық  тарихты  оқыту  туралы»  қаулысы  мектепте  тарихты 
оқытудың негіздерін белгіледі. Аталған қаулы тарихты хронологиялық ретімен, 
оқушыға түсінікті әрі нақты формада жүйелі түрде баяндауды талап етті. Тарих 
курсы  тарихи  оқиғаларды  ғылыми  тұрғыда  талдап,  қорытынды  жасауды 
қамтамасыз  етуге  және  осының  нәтижесінде  оқушыларды  тарихты  маркстік 
тұрғыдан  түсінуіне  жетелеуге  тиіс  болды  [80,б.70].  Сонымен  қатар,  5-10 
сыныптар үшін тарихты оқыту мазмұнын ұсынды. 
Д.И.Дулатова:  «Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтында  1935 
жылдан  бастап  арнайы  тарихи  білім  беру  енгізілді»  деп  нақтылайды.  1938 
жылы  ашылған  Қарағанды  мұғалімдер  институтында  қоғамдық-гуманитарлық 
мамандықтарды  даярлайтын:  тарих,  тіл  және  әдебиет  факультеттері  жұмыс 
жасады. Осылайша гуманитарлық бағыттағы, оның ішінде тарих мұғалімдерін 
даярлау  Қазақстанның  барлық  қалаларында  ашылған  педагогикалық  ЖОО 
жүзеге асырылды. 
1937  ж.  мәліметтерді  1925  жылмен  салыстырғанда  мұғалім  кадрларының 
саны мен сапасы артып, тарих пәні мұғалімдерін даярлау мазмұны мен әдістері 
жақсарды. 
Республикамыздың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жоғары  оқу 
орындарының іс-әрекет бағыттарын ӛзгерту ХХ ғ. 30-40-жылдары белең алды. 
Сол  кезеңдерде  Қазақстанда  қалыптасқан  педагогикалық  білім  беру  жүйесінің 
бірқатар кемшіліктері болды. Олардың негізгілері [94,т.19]: 
- оқу жұмыстарының барлық түрлері сӛздік-кітаби сипатта болуы; 
- политехникалық принципті оқытуда жеткілікті енгізбеуі; 
- оқу жұмыстарының әдістемелік жағынан баяу қарулануы; 
-  педагогикалық  мектептердің  ғылыми-әдістемелік  орталыққа  айналмай 
отырғандығы  және  әдістемелік  жағынан  мектеп  пен  ағарту  мекемелері 
жүйелеріне ықпалының болмауы; 
-  педагог  мамандарды  даярлауда  жергілікті  жердің  ерекшеліктерінің 
ескерілмеуі және оқытудың ана тіліне кӛшірілуінің тым баяу жүргізілуі. 
- педагогикалық білім беру жүйесі құрамында фабрика-зауыт жетіжылдық, 
балалар 
қозғалысының, 
кӛркемдік 
білім 
беру, 
дене 
шынықтыру, 
политехникалық  еңбек  қызметкерлерін  даярлайтын  арнаулы  мектептер  мен 
бӛлімдердің жоқтығы, т.б. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау