Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет7/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70

 
17 
 
тағайындалды.  1921  ж.  ақпанның  18-де  Бүкілқазақстандық  оқу-ағарту 
конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін 
құру,  кәсіптік-техникалық  білім  беру,  саяси  тәрбие  жұмысы  т.б.  оқу-тәрбие 
жұмысына  байланысты  мәселелер  қаралды.  Сонымен  қатар,  конференция 
тезисінде:  жаңа  қоғамда  бала  тәрбиелеуде  отбасының  рӛлі  кемиді,  алдағы 
жерде  жас  буынды  тек  балалар  үйі  мен  коммуна  мектептерінде  ғана 
тәрбиелеуіміз  керек  деген  жаңсақ  пікір,  таптық  қоғамның  жойылуымен  бірге 
мектептегі  сыныптық  оқыту  жүйесі  де  жойылуға  тиіс,  ӛйткені  баланы  еркін 
тәрбиелеу  қажет,  оқытудың  сыныптық  жүйесін  лабораториялық-сабақтық 
жүйемен ауыстыру керек деген теріс кӛзқарас етек алды. 
Конференцияда  Қазақ  АССР  Оқу-ағарту  халық  комиссариаты  мен  оның 
жергілікті  орындарының  міндеттері,  оның  құрылымы  (ұйымдастыру, 
академиялық  орталық,  әлеуметтік  тәрбие  және  политехникалык  білім  беру 
басқармасы,  кәсіптік-техникалық  білім  беру  және  оқу  орындарының  бас 
басқармасы,  мектептен  тыс  саяси-тәрбие  жұмысы,  мемлекеттік  баспа,  әдебиет 
және баспа ісінің бас басқармалары) бекітілді. 
1922/23  оқу  жылдары  Академиялық  орталық  ұлт  мектептерін  тӛл 
оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, тӛл 
тілімізде  14  оқулық  шығарылды.  Олардың  ішінде  «Физика»,  «Грамматика», 
«Педагогика»,  «Алгебра»,  «Есеп  құралы»,  «Мектеп  гигиенасы»  т.  б.  бар.  Бұл 
оқулықтарды  жазуға  қазақ  зиялыларының  алдыңғы  қатарлы  ӛкілдері 
А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, 
С.Қожанов, 
М.Әуезов, 
С.Асфендияров,  Т.Жомартбаев,  Қ.Сәтбаев,  Ә.Ермеков,  Т.Жолдыбаев  т.б. 
қатысты. 
Мұғалімдер  даярлау  мазмұнын  анықтаудағы  басты  кезең  ретінде 
педагогикалық 
білім 
беру 
бойынша 
Бүкілресейлік 
конференция 
ұйымдастырылды  (1924  ж.),  оның  шешімдерінде  аудандық  халық 
шаруашылығы  жоспарының  қандай-да  бір  бӛлігін  оқытушылар  мен 
студенттердің  күшімен  орындауы,  күн  тәртібіндегі  мәнді  мәселелерге  кедергі 
келтіретін  міндеттерді  шешуі  қажет  болды  [48,  с.  117].  Осыған  сәйкес  сол 
кезеңдердегі мұғалімдердің білім беру жӛніндегі пәндер кешенін тӛмендегідей 
етіп  бӛлуге  болады:  қоғамдық–саяси;  мектептегі  және  баланы  зерделейтін 
пәндер;  арнаулы  пәндер  және  ӛндірістік-ӛлкелік  жұмыстар  (экономикамен, 
техникамен, мәдениетпен және жергілікті аймақтың тұрмысымен танысу). 
ХХ ғасырдың 20-30-жылдары мектепте тарихи білім берудегі негізгі оңды 
ӛзгерістер тӛмендегідей болды: 
-  мектеп  оқу  жоспарына  социализм  тарихы,  еңбек  тарихы,  ӛнер  тарихы 
пәндері ене бастады (1918 жылдан); 
- қоғамтану курсы бойынша бағдарлама жасалды (1921 жылы); 
-  ұстаздарға  арналған  ғылыми-әдістемелік  бағыттағы  журналдар  «Жаңа 
мектеп», «Қазақстан мектебі» шыға бастады (1925 жылы), т.с.с. 
Кемшіліктер ретінде қарастырылды: 
-  тарих,  қоғамтану  оқулықтарында  тарихи  материалдар  социологиялық 
түрінде  берілді  және  оларда  нақтылы  фактілер,  оларға  әсерлі  сипаттама  беру 


 
18 
 
болмады.  Қиындық  тудыратын  күрделі  материалдар  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық ұғымдар нақты тарихи материалдарға сүйенбей енгізілді; 
- 1923 жылы мектептерде тарих жеке пән ретінде жойылды. 
Аталған  мәселелер  ӛз  кезегінде  тарих  мұғалімдерін  даярлауда 
кемшіліктердің орын алуына алып келді. 
Республика  жоғары  оқу  орындарында  құрылған  гуманитарлық 
факультеттер  Қазақстанда  тарих  мұғалімдерін  даярлауға  ӛз  септігін  тигізді. 
«1928  ж.  Алматыда  Қазақ  Педагогикалық  институты  ашылды.  Ал,  1935  ж. 
жоғары  оқу  орнына  Абайдың  есімі  берілді.  Жоғары  оқу  орнының  директоры 
болып белгілі ғалым, қоғам қайраткері, «Қазақстанның ежелден бергі тарихы» 
кітабының авторы Санжар Асфендияров тағайындалды» [88, с.45]. 
ХХ  ғ.  30  жылдарында  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында  тұрақты 
оқу  жоспарлары  болмады  және  олардың  болмау  себептерін  К.Сейталиев 
тӛмендегіше 
түсіндіреді: 
―Қазақстанда 
жоғары 
педагогикалық 
оқу 
орындарының  алғашқы  қалыптасу  жылдарында  оқу  жоспары  мен 
бағдарламаларын  әрбір  жоғары  оқу  орнының  ӛзі  жеке  жасаған  болатын. 
Тұрақты  оқу  жоспары  мен  бағдарламасы  болған  жоқ.  Жергілікті  жағдайды 
ескере  отырып,  жоғары  педагогикалық  оқу  орындары  оқу  жылының  ӛзіндік 
құрылымын  жасады  (оқу  жылының  басталуы,  аяқталуы  және  ұзақтығы)‖ 
[89,б.62].  Сондай-ақ,  жоғары  оқу  орындарында  оқу  жоспары  3  цикл  бойынша 
құрылды:  қоғамдық-саяси,  политехникалық  және  арнаулы.  Педагог-ғалым 
Қазақтың  Абай  атындағы педагогикалық  институтының  оқу  жоспары циклдер 
мен  екі  бағыт  бойынша  жасалғандығын  айта  келіп,  біздің  зерттеуімізге 
қызығушылық тудыратын тӛмендегідей талдау жасайды: 1. Агропедагогикалық 
бӛлімге  барлығы  3960  сағат,    2.  Индустриалдық  педагогикалық  бӛлімге 
барлығы 5720 сағат бӛлінген.  
Әрине,  республика  педагогикалық  институттарының  оқу  жоспарлары 
ӛзгеріп  отырды.  Еліміздегі  жоғары  оқу  орындары  негізінен  РСФСР  халық 
ағарту  комиссариатының  ұсынған  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын 
басшылыққа  алды.  Халық  ағарту  комиссариаты  1933  ж.  23-ақпанда  педагоги-
калық институттарға арналған жаңа оқу жоспарларын бекітті [89,б.63]. 
1931/1932 оқу жылының басында педагогикалық институттар техникалық 
және  педагогикалық  пәндердің  үлесі  арттырылған  жаңа  оқу  жоспарына 
кӛшірілді  және  оларда  үш  политехникалық  пәндер  тобы  бӛлінді.  Бұл  мәселе 
1933 ж. бекітілген оқу жоспарында кӛрініс тапты [90]. 
Білім  беру  жүйесінде  1929  ж.  республика  араб  алфавитінен  латын 
графикасына кӛшуі және 1940 ж. латын графикасынан елді кириллицаға кӛшіру 
ісі ӛркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы 
осындай  ӛрескел  бұрмалаулар  ұлт  мәдениетінің  дамуына  кері  әсерін  тигізді. 
Бұл  қоғамның  дамуына  және  тарихты  тануға  үлкен  кедергі  болғаны  кейіннен 
белгілі болып отыр. 
Қазақстанда  1930-1931  жж.  университеттердің  барлық  педагогикалық 
факультеттері  педагогикалық  институттарға  айналды.  Ал  педагогикалық 
институттар  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  ректорлары  Кеңесінің 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау