Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет127/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   141

418

ара қашықтығын өлшеп алып, планшеттегі ab нүктелерінің 

аралығының арақашықтығын масштабқа сай қағаз бетінде сызады. 

Содан кейін А нүктесінен СD нүктелерін атып арақашықтығын 

көлденең жəне тік бұрыштарын өлшеп алып қағаз бетінде сыза-

ды. Бұдан соң мензульды В нүктесінде орнатады да көлденең түзу 

жағдай ға келтіріп, жоғарыда көрсетілген əдіспен геометриялық 

тордың басқа нүктелерін өлшейді. Геометриялық тор теодолиттік 

жүріп өту арқылы да құрылуы мүмкін. Теодолиттік түсіру жұмыс-

тарының тіркеу кітаптарының деректеріне сүйеніп, мензуль дық  

түсіру масштабына сəйкес келетін жүрістің сұлба сы алдынала құ-

ры  лады.

Жабық (орман немесе құрылыс алып жатқан) жерлерде 

бастап қы жəне соңғы тірек нүктелері қызметін геодезиялық тор 

атқарады. Ол үшін мензульды жүрістің бастапқы нүктесінде ор-

натып, буссольмен бағдарлайды. Бірінші А нүктесін барлық нүкте 

планшетке сиятындай ретпен орнатады [14.38-сурет].

10.39-сурет. Геометриялық тірек торларының нүктелерін мензуламен 

түсіру


Қашықтық өлшегіш тақтайшаны А нүктесінен көрінетін ең 

алыс N нүктесіне орналастырады, ал планшеттегі а  нүктесінен 

нысаналық сызғышпен В нүктесін атады да екі нүктенің 

арақашықтығын қашықтық өлшегішпен анықтайды. Алынған 

деректерді масштаб бойынша, планшетке b нүктесін түсіреді. А 

нүктесінен бақылау мақсатында АВ нүктелерінің арақашықтығын 

тағы да бір рет өлшейді. Сосын В нүктесінде тұрып, С тағы 

да басқа нүктелерді өлшейді. Тұйықталған мензульдық түсіру 

алаңында осы əдіспен барлық нүктелерді есептейді.



419

Сызықтардың байланыспауы  (нүктелердің  арақашықтығы ның) 

жүріс ұзындығының 

200

1

ден аспауы тиіс. Рұқсат етілген байла-



ныспау бағыттас сызықтар жүргізу əдісімен байланыстырылады. 

Жағдайларды түсіру қосындардағы геометриялық торд түсіріліп  

болған соң жүргізіледі. Жергілікті жерді түсіру негізінен 

полярлық əдіспен жүргізіледі. Мензульды тірек нүктесіне қойып 

орталықтандырып (көлденең түзу жағдайға келтіріп) нысаналық 

сызғышты кескіндейтін нүктеге бағыттап, арақашықтығы тік жəне 

көлденең бұрыштары өлшенеді. Ол үшін кипригельдің сызғышын 

қажетті нүктеге қойып, дальнометрмен тірек нүкте мен мензуль 

орналасқан нүктенің арақашықтығы, жер бедерінің иіндері мен 

бұры лыстарын қағаз бетіне бірден шартты белгілердің көмегімен 

түсі реді. 

Жер бедерінің өзара биіктігі тригонометриялық əдіспен 

есептелінеді. Түсіру барысында картографиялық нысандарды 

іріктеп жинақтау жүргізіледі. Түсіруші алаңда қандай нысанды 

жинақтау қажеттілігін шешеді. Мензульдық кітапшаға түсірілетін  

бастапқы бекеті теңіз деңгейінен биіктігі – қашықтық өлшейтін 

тақтайша қойылған нүктенің саны.

10.6 Аэрофототүсіру жұмыстарының негізгі кезеңдері

Аэрофототопографиялық түсіру қазіргі кезеңдегі ірі масштаб-

ты карталар мен сұлбаларды (пландарды) құрудың негізгі əдісі бо-

лып табылады. Оның құрамына жергілікті жердің аэрофотосуреті 

негізінде ірі масштабты карталарды құруға мүмкіндік беретін бір-

бірімен үйлестірілген ұшу-түсіру жұмыстары (аэрофототүсіру), 

аэрофотосуреттерді шығару, аэрофотосуреттерді дешифрлеу 

(суреттердің негізінде жергілікті жердегі нысандарды анық тау), 

далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстар жəне камера лық 

фоторамметриялық жұмыстар кіреді. Аэрофототүсіру ұшақ 

қа 

орнатылған аэрофотокамераның, басқару приборның (фотока-



мераның тетіктерін автоматты түрде басқаратын) аэрофотокаме-

раны бекітетін жəне дірілді жұтатын қондырғылардан тұрады.

Аэрофотокамераның құрылысының сызба-нұсқасында көр-

сетілген 

 

дей камераның оптикалық білігі тік, ал фонустық 



қашықтық тұрақты болады. Қолданбалы жақтауды пайдалану 


420

негізінде үлдірге-пленкаға тығыз қысылады, ал ондағы екі жұп 

белгілегіш уақыт пен деңгей көрсеткіштері əрбір суретке түсірі леді. 

10.40 сурет. Стерофотограмметриялық приборларды пайдалану арқылы 

жүргізілетін аэрофототопографиялық түсірудің негізгі үдерістері

Олардың бейнесі суреттің басты нүктесін табуға, сонымен 

қатар, түсіру сəтіндегі оптикалық біліктің жағдайы мен түсірілген 

уақытын анықтауға мүмкіндік береді.

Стереофотограмметриялық приборларды қолданып 

аэрофототүсіру жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңдері.  

Қазіргі кезеңде жергілікті жердегі нысандарды жақсы жіктеу үшін 

бірден спектрдің бірнеше диапазонында бейнелеуге мүмкіндік 

беретін көп аймақты фотоға түсіру əдісі кеңінен қолданылуда.

Топографиялық карталарды құру мақсатындағы ұшақтың 

түсіру бағыты батыстан шығысқа жəне кері бағытта тұрақты 

биіктікте жүргізіледі.

Аэрофототүсіру жұмыстары барысында жергілікті жердің 

əрбір бөлігі көршілес суретте екі рет түсірілетіндей есеппен 

жүргізіледі. Аэрофототүсіру жұмыстары кезінде жергілікті 

жердің белгілі бір бөлігінің көршілес суреттерде екі рет түсірілуін 

ж а б у деп атайды. Бір бағыттың екі көршілес суреттің бірін-бірі 




421

жабуын ұзыннан жабу, ал екі көршілес бағыттың суреттерінің 

бірін-бірі жабуын көлденеңінен жабу деп атайды.

Аэрофототүсіру жұмыстары кезінде суреттердің ұзыннан 

жабуы көбінесе 60%, көлденеңінен жабу 35-40% құрайды. 

Суреттердің бірін-бірі жабуы оларды одан ары өңдеу үшін белгілі 

бір аумақтың кескінін құруға сенімді кепілдік болу үшін қажет.

Аэрофототүсіру жұмыстарының екі түрі болады, олар жо-

спарлы жəне перспективті аэрофототүсірулер.

10.41сурет. Аэрофотокамералық 

сызба-нұсқасы: 1- жарық ене 

алмайтын қорабы;  2-объектив; 

3- шүрппе; 4-кассета; 5-фотоплен-

ка оралған катушка; 6-қолданбалы 

рама; 7-қысатын пластина. 

00 объективтің оптикуалық 

білігі; fk-фонустық қашықтық;    

S-объективтің тоғысу нүктесі

10.42 сурет. Үзік сызықтардың 

түйліскен нүктесінде суреттің 

бас нүктесі 0 көрсетілген

10.43 сурет. 

Аэрофотосуреттерді ұзыннан 

жабу 

10.44 сурет. Бірін-бірі жапқан 

аэрофотосуреттер




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау