Түйіндемені дұрыс жазу тәртібі



жүктеу 289,28 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі289,28 Kb.
#2351
түріӨмірбаяны

ТҮЙІНДЕМЕНІ ДҰРЫС ЖАЗУ ТӘРТІБІ




Жақсы түйіндеме - жұмыс табудың ең тиімді түрінің бірі
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.

Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кәсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.


Түйіндемедегі мәліметтер

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Сіздің аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, телефондарыңыз (қала коды).

2. Мақсат (міндетті түрде емес, бірақ лазым): Сiздің маман ретіндегі талаптанып отырған қызмет орныңызға лайықты екеніңіз жайында қысқаша мағлұмат ( 2-3 жол немесе 6 жолдан аспау керек).

3. Керi мерзiмдiк (хронологиялық) ретiндегi еңбектiк тәжiрибеңіз (кейінгі жұмыс орныңыздан бастап). Жұмыс істеген мерзіміңіз, ұйым атауы, лауазымыңыз көрсетілсін және лауазымыңыз бойынша қысқаша мәлімет, жеткен жетістіктеріңіз.

4. Білім. Оқу орнын бітіргеніңізге көп уақыт болса, онда сіздің түйіндемеңізде ол аз орын алу керек. Мақсатынызға шету барысында мадақтауларыңызды және керекті пәндеріңізді көрсетуге болады.

5. Қосымша мәлімет: тілдік дағдыларыңыз және компьютерлік сауаттылығыңыз, жүргізуші куәлігіңіздің бар болуы, кәсіби мекемелердегі мүшелілігіңіз және т.б. (әуестігіңіз, егер жұмысынызға керекті, орынды болса).

6. Ұсыныс берілу мүмкiндiгін нұсқау.


Түйіндеме қандай болу керек?

Түйіндемені жазу стильіне қойылатын негізгі талаптар: қысқа; нақты; белсенді (ешқашанда қатыстым, көмек көрсеттім және т.с.с. деп жазбаңаыз. Бұл Сіз бір реттік қызмет көрсеткен деп ойлауға мүмкіндік береді); шындық.

«Мен» деген есімдікті қолданудан сақтаныңыз. Тұжырымдама таңдау кезінде барынша нақты болу керек: - оқумен айналыстым, қатені азайтуға көмектестім, жаңа білімді тез қабылдаймын – деп жазбаңыз; - екі жаңа қызметкерді оқыттым, қатені 15% азайтып, сол арқылы фирма $40 000 үнемдеді, өте қысқа уақыт – екі апта - ішінде жаңа процедураларды игердім – деп жазыңыз.

Көп сөзді болмаңыз, пассивті формадан аулақ болыңыз: ...орындалуына жауап бердім, ...келесі мүмкіндіктердің қолданылуын іздестірдім, ... үшін жауапты мойныма алдым – деп жазбаңыз; ...орындадым, ...тиімді пайдаландым, ...үшін жауап бердім – деп жазыңыз.

Теріс ақпараттан гөрі оң ақпаратты таңдаңыз: ...деген арыздарын реттедім, сату үлесінің азаюына тосқауыл болдым, ...лауазымынан ауыстым – деп жазбаңыз; клиенттерге ... бойынша көмектестім, өнімнің нарықтағы потенциалын арттырдым, ...лауазымына өстім – деп жазыңыз.

Өз жетістіктеріңізге назар шоғырландырыңыз: сол жерде үш жыл жұмыс істедім, қосымша жұмыс атқардым – деп жазбаңыз; лауазымда жоғарлап, жалақым екі есе артты, жұмысты дәл мерзімінде орындадым – деп жазыңыз.


Түйіндемеде не туралы жазбау керек?

Түйіндемеңізге мыналарды қосудың қажеті жоқ: өзіңіздің барлық еңбек тарихыңызды. Шындығында, Сіздің потенциалды жұмыс берушіңізді Сіздің соңғы 3-5 жұмыс орныңыз және 10 жылдан аспайтын кезең қызықтырады. Сіздің физикалық деректеріңізді, дене бітіміңізді; Сіздің фотосуретіңізді; жұмыстардан кету себептері; жалақыға деген талаптарыңызды; Сізге рекомендация берген адамдардың аты-жөні (бұл тізімді дайындап қойыңыз, сұхбаттасу кезінде керек болуы мүмкін).

Ең соңында түйіндемеңізді мына тармақтар бойынша тексеріңіз:

- Түйіндеме қай тілде жазылса, сол тілді жақсы меңгерген біреуге тексертіңіз;

- Қазіргі жұмысты сипаттаған кезде осы шақ етістігін қолданыңыз, мысалы, істеп жатырмын, жобасын жасап жатырмын; сәйкесінше, өткен жұмыс орындарыңыз туралы жазған кезде етістіктерді өткен шақта қолданыңыз;

- Жүйелі болыңыз: егерде Сіз бір рет қысқарту пайдалансаңыз, оны түйіндеменің барлығында қолданыңыз (бірақта, ең жақсысы барлық атауды толығымен жазу);

- Ұзын сөйлем мен күрделі сөздерден аулақ болыңыз; Қажетті тақырыпшаларды нақты бөліп көрсетіңіз;

- Түйіндемеңіздің бір стильде рәсімделуін қадағалаңыз;

- Оңай оқылатын стильді таңдаңыз (үлкен алаңдар, кішкентай емес шрифт, жолдар арасындағы аралық жеткілікті деңгейде және т.б.);

- Ақ түсті және жақсы сапалы қағазды пайдаланыңыз;

- Түйіндемеңізді бір, ары кеткенде екі бетке сыйдыру өте маңызды;

- Сіз түйіндемеңізді көрсеткен ақпараттарды растай алатындығыңызға сенімді болыңыз.


Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!

1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.


2. Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс. Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық. Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа басталғалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды. Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стажы кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.
жүктеу 289,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау